- •9 Тақырып Өндіріс факторларының нарығы және факторлық
- •Сонымен, меншiкке ортақ қатынасу жүйесiн құру практикасын жалпылама басты белгiлер арқылы бiрiктiруге болады:
- •Пайда теориясы
- •Хх ғ. Экономикалық ғылымдағы пайда жөнiнде мынадай негiзгi теорияларды атауға болады:
- •Рента мөлшерi
- •Фермердің жер рентасы
Рента мөлшерi
Жердiң бағасы = –––––––––––––––––––––––––––––– х 100%
Қарыз пайызының мөлшерi
Ауыл шаруашылық жерлердiң құны, әдетте, белгiлi бiрнеше шамаға көбейтiлген ағымдағы ақшаға шағылған арендалық төлем түрiнде көрсетiледi немесе басқа сөзбен, осы рентаны «бiрнеше жалға сатып алуң түрiнде. Бiрақ бұл көрiнiспен алғашқы танысу болып табылады. Жердi бағалау жүйесi бiрнеше элементтерден тұрады. Осыған жататындар:
жер учаскелерiнiң құқықтық тәртiбi және сапалық сипаттамалары туралы кадастрлық тiркеу кiтабының информациясы;
басқа көздерден түсетiн жер учаскелерiмен мәмiле туралы информация, жер және басқа жылжымайтын мүлiктер нарықтары туралы информация;
бағалау аймақтары мен жер учаскелерi бойынша жердiң кадастрлық бағалануы;
кадастрлық карталар және жер құнының регистрлерi.
Жердi бағалау жүйесi, осымен қатар, жердi бағалау және қайта бағалау бағытында қызмет ұйымдастыруды талап етедi.
Жерді пайдаланудан түсетін табыс түрі жер рентасы деп аталады. Төмендегі графикте фермердің жер рентасын ауыл шаруашығы өнімдеріне бағаның өсуі нәтижесінде АВСD жер рентасы (штрихталған) алынады. Яғни, фермердің орташа шығындары шекті шығындарға қарағанда жоғары болуы және өнімге деген сұраныстың көтерілуі нәтижесінде жер рентасын ала алады (МС< АС<Р) және Р= МR.
Фермердің жер рентасы
Мұндағы, МС- шекті шығындар
АС- орташа шығындар
МR- шекті табыс
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1 нег. [10, 11, 12 тарау]
2 нег. [ 4 тақырып, 6 тақырып §5]
3 нег. [6 бөлім §5, 9 бөлім §1-5, 10 бөлім §1-5]
4 нег. [7 бөлім §1-4, 8 бөлім §2-7]
Бақылау сұрақтары:
1. Фирманың өнім шығыру көлемі 30%, ал өндіріс факторлары – 20 % өсті. Өндіріс және ресурс динамикасының арасындағы осындай арақатынастың факторы не болуы мүмкін?
2. Әлемдегі ірі фирманың (мысалы «Дженерал моторс») белгілі бір кезеңдегі пайдасы нольге тең деген мәліметтерді ресми басылымдарда жиі кездестіруге болады. Бұл фирманың банкротқа келе жатқанын көрсете ме?
3. «Экономикалық шығындар» дегеніміз не? Шығындардың сіз қандай түрлерін білесіз? Олардың жіктелу негізіне не қойылған? Қандай шығындардың азаюы пайданың максимизациясына өте маңызды?
4. Шығындардың экономикалық және бухгалтерлік болып жіктелуінің мәні неде?
5. Не? Қалай? Және кім үшін шығару керек? сұрақтарының шешуіне өндіріс факторларының нарығы әсерін тигізе ме? Сіз жауабыңызды дәлелдеңіз.
6. Өндіріс факторына сұраныс неден тәуелді болады? Неге оны «сұраныс туындасы» деп атайды?
7. Еңбекке фирманың сұранысы қалай өзгереді, егер еңбектің шектелген өнімнің табысы еңбек бірлігі бағасына тең болса, яғни бір жұмыскердің жалақысына, онда жұмыскерлердің санын көбейте ме?
