Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SOS_bilety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.37 Кб
Скачать

7. Dhcp хаттамасы. Домендік(dns) атаулар жүйесі

* DHCP хаттамасының функциялары және коDHCP хаттамасының функциялары және конфигурациялық ерекшеліктері. Мысал келтіріңіз, маршрутизаторда қалай қолданамыз. * DHCP(Dynamic Host Configuration Protocol– түйіннің динамикалық конфигурациясынынң хаттамасы) – компьютерлерге автоматты түрде IP-адрестерді және TCP/IP желісінде жұмыс істеу үшін қажетті басқа да параметрлерді алуға мүмкіндік беретін желілік хаттама. * DHCP – клиент – интернетке қосылған ЭЕМ болып табылады. Ол конфигурациялық параметрлерді алу үшін DHCP пайдаланады. * DHCP – сервер – интернетке қосылған ұйымболып табылады. Ол клиентке конфигурация параметрлерін жібереді.

* DHCP хаттамасының функциялары және конфигурациясы: 1) IP-ді автоматты түрде орнату керек сегменттерді анықтау. 2) IP-ді автоматты түрде орнату тәсілін таңдау. Ол үшін келесі тәсілдердің бірін таңдау керек: А) DHCP-сервер. Әр географиялық сегментте тым болмағанда бір DHCP сервер болу керек. Бір DHCP сервер 15000 тұтынушыны қолдайды. Ал қосымша серверлерді әдетте қол жетімділік пен жұмысты тездету үшін орнатады. Б) DHCP ретрансляциялау агенттері. Ол DHCP-сервермен тікелей жалғанбаған сегменттерде орнатылады. Олар кеңжолақты пакеттерді қабылдайды, сұраныстарды бірадрессті пакеттерге өзгертеді де белгілі DHCP-серверге жібереді. Бір агент 1000 компьютер клиенттерді қолдайды.

В) Маршрутизаторда DHCP/BOOTP қайта жіберуді қосу. BOOTP-жүктеу хаттамасы- дискісіз жұмыс станцияларына жүктеу кезінде желілік қол жетімділікті алуға мүмкіндік береді. DHCP/BOOTP қайта сілтеуін DHCP-сервермен тікелей қосылмаған желілік сегмент маршрутизаторларында орнатады. Ол тек DHCP кеңжолақты трафикті ғана жиберетіндіктен кеңжолақты трафикті минималдайды. Бұл тәсілдің басты артықшылығы қосымша құрылғыларды немесе программалық жабдықтауларды алуды қажет етпейді. 3) DHCP аймағы мен параметрлерін анықтау. Аймақ- ол DHCP-сервер қадағалайтын IP-адрестер диапазоны. Аймақ параметрі- DHCP клиенттердің конфигурациясын анықтайды. DHCP аймағынан қолдан берілген IP-едрестерді шығарып тастау керек. Бұл:

- IP-маршрутизаторларды; - Брэндмаузерлерді; - Серверлерді; - Шлюздерді; - Кез келген ОЖ мен DHCP көмегімен конфигурациялауға келмейтін құрылғыларды. DHCP аймағының параметрлерінде IP клиенттерді конфигурациялау ерекшеліктерін көрсету керек: - Маршрутизаторлар; - DNS-серверлер; - DNS доменінің аты; - WINS желісінің типі; - WINS сервер. DHCP қарастыратын мәселелер: - DHCP политика емес, ол механизм. DHCP қажетті параметрлерді бере отырып жергілікті желілік администратор арқылы басқарылады.

- Клиенттер қолмен конфигурациялауды талап етпеуі керек. Әр клиент локальді конфигурациялық параметрлерді оқу мүмкіндігіне ие болуы қажет. - Желі жекелеген клиенттерді қолмен конфигурациялауды талап етпеці керек. Қалыпты жағдайда желілік администратор клиенттің жекелеген конфигурациялық параметрлерін енгізбеуі керек. - DHCP әр ішкі желі үшін серверді талап етпейді. - DHCP клиенті конфигурациялық параметрлер бойынша жіберілген сұраныстарға бірнеше жауап алуға дайын болуға қажет. Сенімділік пен жылдамдықты арттыру үшін бірнеше DHCP серверлерді пайдалануға болады. - DHCP хаттамасы BOOTP –агенттің жұмыс істеу логикасымен үйлесімді болады. - DHCP хаттамасы BOOTP мүмкін болатын клиенттеріне қызмет көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]