Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhkttsdn_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
138.4 Кб
Скачать

Ішкі энергия күй функциясы ретінде.

Жүйенің ішкі энергиясының құрамына мыналар кіреді:

-кішкентай бөлшектердің ілгірілемелі, айналмалы, тербелмелі қозғалыстарының кинетикалық энергиясы;

-кішкентай бөлшектердің өзара әсерлесуінің потенциалдық энергиясы;

-атомдардың электрондардан тұратын қабығының энергиясы;

-ішкі ядролық энергия.

Ішкі энергия деп атомдар мен молекулалардың ілгерілемелі, айналмалы, тербелмелі тәртіпсіз қозғалысының молекулалар деңгейі және молекулалардың ішкі деңгейіндегі энергия жиынтығын айтамыз, сонымен қатар ішкі энергияға молекулалар арасындағы әсерлесу күшінің потенциалдық энергиясы кіреді. Ішкі энергия дененің күй функциясы болғандықтан оны осы күйді анықтайтын кез келген екі тәуелсіз параметрлердің функциясы ретінде көрсетуге болады: . МКТ бойынша ішкі энергияның өзгерісі

БХЖ ішкі энергияның өлшем бірлігі джоуль. Ішкі энергия жүйенің қасиеті мен күйін сипаттайды.

Термодинамикадағы жұмыс. Жылу.

Термодинамикадағы жұмыс жұмысшы денеге әсер ететін күш пен жүріп өткен жолдың көбейтіндісімен анықталады. БХЖ жұмыстың өлшем бірлігі джоуль. Жүйенің құрамындағы мөлшері 1 кг газдың істейтін жұмысы, яғни меншікті жұмыс L тең. . Жұмыс әрқашан макроскопиялық денелердің кеңістікте жылжуымен байланысқан, сондықтан ол энергияны бір денеден екіншісіне реттелген түрде беруімен сипатталады және берілген энергияның шамасы болып табылады. Жылу  — жылу алмасу процесінің энергетикалық сипаттамасы, дененің жылу алмасу процесінде өзінен бөлетін немесе қабылдайтын энергия көлемімен анықталады. Жылу денелер бір-бірімен тікелей жанасқанда немесе қашықтан берілуі мүмкін. Бұл процесс денелердің арасында температураның айырымы бар болған кезде ғана іске асуы мүмкін. Жылу мен жұмыс жүйенің қоршаған ортамен әсерлесуі кезінде өтетін механикалық және жылу процестерінің энергетикалық сипаттамалары болып табылады. Жылу мен жұмыс белгілі бір процесте жүйенің шекарасы арқылы берілген немесе қабылданған энергияның мөлшерін сипаттайды.

Термодинамиканың бірінші бастамасының теңдеуі.

Термодинамиканың бірінші бастамасы — термодинамикалық жүйелер үшін энергияның сақталу заңы; бұл заң бойынша жүйеге берілетін жылу оның ішкі энергиясын өзгертуге және жүйенің сыртқы күштерге қарсы жұмысына жұмсалады. Кез еелген процестердігі системаның ішқі энергия өсімшесі, осы системаға берілген жылу мөлшерінен система атқарған жұмысты азайтқанға тең: U=Q-A

Энтальпия түсінігі. Ішкі энергияның дербес туындысы.

Термодинамикада U мен PV қосындысы маңызды рөл атқарады, оны H әрпімен белгілеп, энтальпия деп атайды: H=U+PV. Теңдеуге кіретін шамалар күй функциялары, сондықтан энтальпия да күй функциясы болып табылады. Ішкі энергия, жұмыс және жылу сияқты энтальпияның өлшем бірлігі Джоуль. Энтальпия күй функциясы болғандықтан оны кез келген екі күй параметрінің функциясы ретінде көрсетуге болады: . Кез келген процесте энтальпияның өзгеруі дененің бастапқы және соңғы күйлерімен анықталады. Энтальпия процестің түріне тәуелді емес.