Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Optd_Otvety_1-75v.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.25 Mб
Скачать

25.Іздеу-барлау және эксплуатациялық бұрғылау жұмыстарын талдап сипатт?

Іздеу және барлау жұмыстары - жер койнауында мұнай-газ кендерінің барлығын анықтау, ашу, олардың қорларының санын есептеу және кен орындарының игеру жобаларының жасау мақсатында жүргізіледі. Кешенді іздестіру-барлау жұмыстарына алаңды геологиялық,геофизикалық және геохимиялық тұрғыдан зерттеу жатады, одан әрі кен орындарын түгелдей барлап,кемерлеу үшін ұңғыларды қазу әдістері белгіленеді.

Іздеу жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады

Бірінші кезеңде- жер бедерінің жалпы геологиялық көрініс картасы жасалады. Осымен байланысты табиғи қалыптасқан тау жыныстарының ашылуына дейін жер бедері тазартылады да оның геологиялық бет-бедерлерінің мүсіндері корсетіледі.

Екінші кезеңде-зерттелетін алаңның геологиялық құрылысын,негізгі қабаттардың тұрпаты мен пішінін көрсету мақсатында тереңдігі 20м-ден 300м-ге дейін картировтық және құрылымдық ұңғылар қазылады. Алынған мағлұматтар бойынша шартты белгілерді пайдалана отырып,жер қабаттарының көнелігі мен аумағы көрсетілген геологиялықкарта сызылады. Бұл карта ұңғымалардың тілмесі,геологиялық пішіндерарқылы толықтырылып жазылады.

Құрастырылған стратиграфиялық тілмеде жер қойнауының қазылып өтілген тау жыныстарының сипаттамалары колонка арқылы көрсетіледі. Геологиялық пішіндер қабаттың көтеріңкі бағытына қарама-қарсы бағытта масштаб бойынша тік жазықтыққа түсіріледі ].

Табылған кен орнының пішінін толық дәлелдеу мақсатында геологиялық картаға қосымша материал ретінде, қазылған ұңғымалардың көрсеткіштері бойынша,құрылым картасы жасалады. Құрылым картасында зерттелетін қабаттың бет-бедері (ойлықырлығы)жарма сызықтар арқылы көрсетіледі. Зерттелетін құрылымының А және В сызықтары арқылы оңашаланған қабаттарын теңіз деңгейінен бастап, аралық шама бойынша әрбір 100м қашықтықта орналасқан жазықтық арқылы кесіп өтеді. Горизонталь сызықтардың қабаттың бетімен кездескен жеріндегі нүктелерін масштаб бойынша планға түсіреді. Теңіз деңгейінен төмен орналасқан тереңдігін көрсететін жарма сызықтар цифрларын қосу (+) белгісімен, ал теңіз деңгейінен жоғары орналасқан жармаларды алу (-) белгісімен көрсетеді. Сөйтіп, құрылым картасы шығарылады

Бұрғылау - бұрғы жәрдемімен тұтас материалдың жоңқасын жонып алу жолымен бітелмеген немесе бітеу цилиндрлік тесік тесу процесі тау жыныстарын бұзу арқылы қимасы дөңгелек болатын кен қазбасын жасау процесі.

26.Парафин шөгінділерімен күрес қалай жүреді?

Парафин қатты шекті көмірсутегілеріне жатады, оның молекуласында 18 – ден 35 дейін көмірсутегі атомдары болады, ол мұнайдан ұсақ қатты кристалдар түрінде түседі.Тығыздығы 830 – 915 кг/м3 дейін, балқу температурасы 42 – 550С өзгереді.

Мұнай  құрамындағы  парафин  мөлшеріне   байланысты  бөлінеді:

·       Аз парафинді- 1,5% [1].

·       Парафинді- 1,5% бастап  6 %  дейін

·       Жоғары парафинді -6 % жоғары

Егерде  парафин  50 °С жоғары температурада еритін болса, онда мұндай жағдайда жылулық әсер ету әдісін қолданады [2].

Жоғары температурада әсер ету үшін  бізге  жылу беретін арнайы технология қолданылады. Мұндай технология әдетте ұнғыма сағасына  жақын орналастырады. 

Парафин шөгінділерін болдырмаудың әдістерінің бірі электродепарафинизация деп аталады. Электр тоғын пайдалану  тарихы тереңде және  алғашқы рет Сахалин жерінде, "Туймазанефть" пайдаланылған. Электродепарафинизациялық әдіс кейбір жағымды жақтары болғанымен, аз қолданылады. Құрылғыларды қолданудың ұзақтығы аз және жеке жұмысшылар өміріне қатер туғызу негізгі себептері болып табылады. 

Парафин шөгінділері пайда болған жерлерге ультрадыбыстық толқындарды пайдалану арқылы  жүргізіледі. Мұндай ауытқулар парафин кристалдарына әсер етіп, олардың  микродеңгейде орын ауыстурына әкеледі. Микро орын ауыстырудан кейін парафин шөгінділері  СКҚ  қабырғыларына түзіліле алмайды. Жағымды әсерлері болғанымен, кемшілік тұстары өте көп. Өйткені діріл  СКҚ  құбырларының жалғанған жерлерін, әлсіретіп  және оның бұзылуына әкеп соғады.

Механикалық  әдісті  АШПШ(асфальтенді шайырлы  парафин шайырлы) СКҚ  бойында  түзіліп  болған сон ғана қолдануға  болады. Бұл  әдісті  іске асыру  үшін  қырғыш тардың  көптеген  түрі  пайда болды.

         

     СКҚ  парафиннен           Стерженьді                    Пышақты 

              тазартуға арналған          қырғыш                          қырғыш

              штангалі қырғыш

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]