Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Optd_Otvety_1-75v.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.25 Mб
Скачать

21.Кен орнының өнім алу картасы және игеру графигі талдап сипатта?

Мұнай кен орындарын игеру - жинауыш қойнауқаттан мұнай флюидін өндіріп алуды қамтамасыз ететін жұмыстар кешені. Өндірілетін мұнай мен газ жер бетінде бастапқы өңдеуден өтеді. Кен орынды игеру шаралары пайдалану жұмыстарының жобасы, өндірістік немесе тәжірибелік-өндірістік игерудің технологиялық сұлбасы, игерудің жалпы жобасы негізінде іске асырылады. Барлау мен байқама пайдалану жұмыстары және кенорынды игерудің жалпы жобасы негізінде сол кенорынды игеру жұмыстарын жүргізу жағдайлары, яғни кенорының геологиялық құрылысы, таужыныстардың жинауштық қасиеттері, флюидтердің физикалық-химиялық қасиеттері, таужыныстардың суға, газға, мұнайға қанығу дәрежесі, қойнауқаттық қысым мен температура анықталады. [1]

22.Тұз шөгінділері және олармен күрес қалай жүреді?.

Қатты суланған ұңғыларды пайдалану кезінде қабаттағы қысым мен температураның ұңғыдағымен салыстырғанда өзгеруіне байланысты көтері құбырлары және арматурада тұздар түзіледі. Тұздар көтергіш құбырлардың жоғарғы жағында 150-300м сағадан төмен түзіледі, соның нәтижесінде жұмысшы агент қысымы артып, және ұңғының дебиті азайып, толығымен оның тоқтауына дейін әкеледі.

Кейбір кен орындарда қабат қысымын ұстау мақсатында қабатқа су айдау кезінде жер асты жабдығында, СКҚ-дың қабырғаларында, ұңғының түп аймағында тұздың түзілімдері болады.

Түзілетін тұздардың негізгі толықтырушысы –ол гипс болып келеді. Тұздың бөліну себебі қабат суы және оған айдалатын судың тұзды құрамдарының термодинамикалық тепе-теңдіктерінің бұзылуынан болады. Химиялық бірікпеу шартарының болуынан нәтижесінде ерітіндіден тұз бөлінеді. Бірақ айдалатын судан болатын гипс түзілулері толығымен зерттелмеген. Оның құрамы, құрылымы пайда болу шарты әртүрлі кен орындарда өзгеше болады. Сондықтан олармен күрес әдістері де өзгеше. Тұздарды болдырмау әдістерінің бірі, ол- химиялық әдістер, яғни әртүрлі еріткіштерді қолдану. Олар тек ғана фонтанды құбырларда емес, сонымен қатар мұнай мен газды жер бетінде жинау және дайындау жүйелерінде де болады. Қабат суларының тұзды құрамына және тұздардың түзілу қарқындылығына байланысты фосфорорганикалық қосылыстары негізіндегі химиялық реагенттер ингибиторлардың бірқатар түрлері қолданылады. Олар 1м3 қабат суына бірнеше граммымен қосылып ағынға айдалады. Ингибиторлар ерітіндіде кальций иондарын ұстап, оны түзілуін болдырмайды. Тығыз тұнбалар гидроокись ерітінділерімен жояды. Пайда болған кальций гидроокисі кеуекті массаны құрып, тұз қышқылы әсерінен тез бұзылады. Тұздың түзілуін болдырмау үшін қабатқа айдалатын су қабат суымен химиялық бірігуіне тексеріліп, тексеріледі.

23.Ұңғыларды батырмалы ортадан тепкіш электрсораптармен пайдалану жұмыстарын түсіндір.

ұңғыдан сұйықты айдауда күнделікті ортадан тепкіш сораптан айырмашылығы жоқ олар жер бетіне сұйықты қөтеру (перекачка) үшін қажет.

Кішкене радиалды өлшем шегендеу құбырлар тізбегінің диаметрімен қамтамасыз етілсе оған ортадан тепкіш сорап түсіріледі, біліктес өлшемдері мүлдем шектелмеген жоғары арынды жеңу үшін және сорап батырмалы күйде жұмыс істеуі үшін, ортадан тепкіш сорапты агрегаттың өзіндік конструктивті түрін шығаруға әкеледі. Сыртынан олар құбырдан айырмашылығы жоқ, бірақ мұндай құбырдың ішкі жағы көптеген күрделі бөлшектерден тұрады, олар жетілдірілген технологиялық дайындауды қажет етеді.

Батырмалы ортадан тепкіш электрсорабы – бұл көпсатылы ортадан тепкіш сораптар бір блокта 120-ғадейін саты саны бар, бұл айналысқа арнайы конструкциясы батырмалы электроқозғалтқышпен жүзеге асырылады. Электроқозғалтқыш жоғарыдан электроэнергиямен қоректенеді оған энергия кабельмен автотрансформатормен немесе трансформатордан басқару станциясы арқылы келеді, онда барлық бақылау - өлшеу құрылғысы мен автоматика орналасқан.

Батырмалы ортадан тепкіш электрсорабы ұңғыға динамикалық деңгейден төмен 150-130метрге түсіріледі. Сұйық сорапты компрессорлы құбырға (СКҚ) беріледі, оның сыртқы жағында арнайы белдікпен электрокабель бекітілген. Сорапты агрегатта сораппен электроқозғалтқыш ортасында аралық звено бар, оны протектор немесегидроқорғаныс деп атаймыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]