Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Optd_Otvety_1-75v.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.25 Mб
Скачать

13. Барлау ұңғыларының жұмыстары қалай жүреді және сипатта?

Барлау жұмыстары ұңғыларды бұрғылау, категориясы, саны, орналасқан жері және уақытымен негізделетін іздеу жұмыстарының бекітілген жобасы бойынша жүзеге асады. Бұрғылау кезіндегі іздеу жұмыстарының нұсқасы әр барланған ұңғымаға жеке жобалау ұйымымен жасалатын геология-техникалық шаралармен анықталады. Кен орын бойынша барлау жұмыстарын жүгізгенде мына заттарды анықтайды: литолого-стратиграфиялық кешен, ондағы мұнай-газға қаныққан өнімді қабаттың, контурлар мен өткізбейтін оқшаулағыш бөлімдердің орналасуын және сулы қабаттардың физика-химиялық қасиетін анықтап, мұнай қорын бағалайды. Әр шоғыр бойынша: шоғырдың құрылымды тектоникалық құрылысы, шоғырдың гидродинамикалық жұмыс тәртібі, көмірсутекті шикізат, су және өзге де агенттер үшін коллектор жынысының салыстырмалы фазалық өткізгіштігінің мәні, қабат мұнайының физика-химиялық қасиеттері бекітіледі. Барлау ұңғыларын сынау олардың көмірсутекті шикізатты 3 айға дейін өндіруді ұйымдастыруды қарастырады, жеке жағдайларда үлкен және кіші кен орындар сынамалы пайдалануды өткізу әр қабат бойынша геология-кәсіпшілік және гидродинамикалық зерттеу жұмыстарын кешенді нұсқада жүргізуді талап етеді. Бұл жұмыстар кезінде көмірсутекті шикізатты шоғырлардың статистикалық моделін құрастыру үшін есептеу және кен орын мен шоғырдың кезекті кәсіпшілік өндірісін жобалау үшін бастапқы ақпараттарды жинау және сақтау қажет. Көмірсутекті шикізатты шоғырларды сынамалы пайдалану кезінде бастапқы өндіру және айдау ұңғымалары бұрғыланып, пайдалануға енгізілуі мүмкін.

14.Қабат флюидтері(Мұнайдың химиялық құрамы,күкірт мөлшеріне баайланысты,шайыр мөлшеріне байланысты)сипатта?

Қабат флюидтері – қабаттың кеуекті қуыстарында орналасқан, аққыштығымен сипатталатын сұйықтықтар мен газдар. Мұнай- (сұйық пайдалы қазба) қабаттық және стандартты жағдайларда (0,1013 МПа және 200 °С) сұйық фазада болатын көмірсутектердің метанды, нафтенді және ароматты топтарынан тұратын табиғи қоспа (Битум және сланецтер).

Мұнайдың химиялық құрамы: метан тобы-Cn H2n+2; нафтен тобы – Cn H2n, C2 H2n-2, C2 H2n-4; ароматикалық топ-Cn H2n-6, 12, 18, 24. Беттік жағдайдағы физикалық тұрақтылығы СН4-С4Н10-газды, от С5Н12 до С17Н36-сұйық, С18-С35-парафиндер және С36-церезиндер. Парафин мөлшеріне байланысты: аз парафинді (<1,5%); парафинді (1,51-6%); жоғары парафинді (>6 %). Күкірт мөлшеріне байланысты: аз күкіртті (<0,5 %); күкіртті (0,51-2%); жоғары күкіртті (>2%). Шайыр мөлшеріне қарай: аз шайырлы (<5 %); шайырлы (5-15%); жоғары шайырлы (>15%). Фракциалық құрам 350 0С қайнау температурасында салыстырмалы мұнайдың фракциялық құрамы және қайнау температурасы 350 0С жоғары майлы фракциялар (дистилляттар) Т1:>45%; Т2:30-44,9%; Т3:<30%.

15. Ұңымаларды батырмалы ортадан тепкіш сораптармен пайдалану.

Ортадан тепкіш сорап ұңғыға сорапты-компрессорлы құбыр арқылы сұйық деңгейіне түсіріледі және электрэнергиясы арнайы кабель арқылы жүргізілетін, астында орналасқан электрқозғалтқыш арқылы іске қосылады.

Батырмалы ортадан тепкіш электрсорабы – бұл көпсатылы ортадан тепкіш сораптар бір блокта 120-ғадейін саты саны бар, бұл айналысқа арнайы конструкциясы батырмалы электроқозғалтқышпен жүзеге асырылады. Электроқозғалтқыш жоғарыдан электроэнергиямен қоректенеді оған энергия кабельмен автотрансформатормен немесе трансформатордан басқару станциясы арқылы келеді, онда барлық бақылау - өлшеу құрылғысы мен автоматика орналасқан.

Батырмалы ортадан тепкіш электрсорабы ұңғыға динамикалық деңгейден төмен 150-130метрге түсіріледі. Сұйық сорапты компрессорлы құбырға (СКҚ) беріледі, оның сыртқы жағында арнайы белдікпен электрокабель бекітілген. Сорапты агрегатта сораппен электроқозғалтқыш ортасында аралық звено бар, оны протектор немесегидроқорғаныс деп атаймыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]