- •6.Сынамалық пайдалану жобасы (спж) мұнай-газ саласындағы қажеттілігі қандай?
- •7.Тереңдік сораптың жұмысы қалай жүреді және пайдалануы?
- •8.Өндірісте мұнайды жинау және дайындау сұлбасының құрылысын және сипатта?
- •9.Шоғырдың гидродинамикалық сипатта және мысал келтір?
- •10.Кәсіпшілік орналастырылуы кезіндегі өндірістік құбыр өткізгіштердің классификациясы талдап сипатта?
- •11.Қабатта ббз (пав) қайта өңделген су айдау.
- •12. Штангалы сорап жұмысының сипатта
- •13. Барлау ұңғыларының жұмыстары қалай жүреді және сипатта?
- •14.Қабат флюидтері(Мұнайдың химиялық құрамы,күкірт мөлшеріне баайланысты,шайыр мөлшеріне байланысты)сипатта?
- •15. Ұңымаларды батырмалы ортадан тепкіш сораптармен пайдалану.
- •16.Қабат қысымын ұстау (ққұ) жүйесін сипаттап түсіндір.
- •17.Кен орнының құрылымдық картасы мен геологиялық қимасын түсіндір және мысал келтіріп талда.
- •18. Тәжірибелі -өнеркәсіпті жұмыстарының технологиялық схемалары (төж) мұнай-газ саласындағы жұмыстарын сипатта.
- •19. Қабатқа әсер етудің әдістері (Газ айдау арқылы қысымды ұстау) талдап сипатта.
- •21.Кен орнының өнім алу картасы және игеру графигі талдап сипатта?
- •22.Тұз шөгінділері және олармен күрес қалай жүреді?.
- •23.Ұңғыларды батырмалы ортадан тепкіш электрсораптармен пайдалану жұмыстарын түсіндір.
- •24.Қабат қысымын ұстау жүйесін сипаттап түсіндір?
- •25.Іздеу-барлау және эксплуатациялық бұрғылау жұмыстарын талдап сипатт?
- •26.Парафин шөгінділерімен күрес қалай жүреді?
- •27.Ұңғыманың гидродинамикалық зерттеулер жұмыстары қалай жүреді?
- •28.Кәсіпшілік орналастыру кезіндегі өндірістік құбырөткізгіштердің классификациясын талдап сипатта?
- •29.Флюидтардың құрамы және қасиеттерін талдап сипатта.
- •30. Қабат режимдерін түсіндіріп сипатта
- •31. Өндірісте мұнайды дайындау және жинау сұлбасы неден тұрады.
- •32. Қабаттардың мұнай, газ және конденсат бергіштігін сипатта. Мұнай өндіру (алу) коэффициенті.
- •33. Кәсіпшілік орналастырылу кезіндегі мұнай мен іліеспе газды жинау және тасымалдау жүйесі.
- •34. Мұнай газды сығу процестері мен қабаттардың моделін түсіндіріп сипатта.
- •35. Қабат флюидтері (Мұнайдың тұтқырлығы бойынша классификациясы) сипаттап түсіндір
- •36. Қабат қысымын су айдау арқылы ұстау ұстау технологиясын талдап сипатта.
- •37. Қабат флюидтері (Конденсаттың физикалық қасиеттері) талдап сипатта.
- •38. Игерудің толық жүйесі. Суланудың қатарлы жүйесі, мұнай шоғырына су айдау жүйесін таңдау критерилерін сипатта.
- •39. Геологиялық зерттеу жұмыстары қалай жүргізіледі және сипатта.
- •40. Мұнай және газ коллекторлары (Өткізгіштік , Дарси заңы , кеуектілік).
- •41. Сынамалы пайдалану жобасы (спж) мұнай газ саласындағы қажеттілігі қандай.
- •42.Газды айдаумен қабат қысымын ұстау(қабаттардың мұнайбергіштігін жоғарылату) жұмысын сипатта.
- •44. Игеру технологиялық схемалары мұнай-газ саласындағы жұмысын сипатта
- •45.Ұңғыны фонтанды пайдалану жұмысы қалай жүреді.
- •46. Қабат ішілік жану
- •47. Қабат мұнайының физико-химиялық қасиеттері.
- •48. Қабат мұнайындағы газ құрамы. Газ факторы.
- •49. Мұнай кенішіне әсер ету тәсілдері қандай
- •50. Тауарлы мұнай көрсеткіштерін сипатта.
- •51.Мұнайбергіштікті арттыру технологиясын оптимальды жоблауы үшін талапптар мен кезеңдер?
- •52.Қабат мұнайының физикалық-химиялық қасиеттерін сипатта?
- •53. Серпінді су айдайтын тәртіпке арналған заттық теңдік теңдеулері. Серпінді су айдайтын тәртіптің артынан теңдеу келесі түрде жазылады:
- •54. Ұңғыма құрылысы және түрлерін талдап сипатта
- •56. Дюпюи теңсіздігімен ұңғымадағы газдың дебитін анықтау
- •57) Игерудің қатарлы жүйелері.
- •58. Ұңғыма құрылысы және түрлерін сипатта
- •59. Геологиялық қорды есептеу және анықтау
- •62.Технологиялық жобалау құжаттары мұнай-газ саласындағы түрлері
- •63. Ұңғыманың эксплуатациялық кәсіпшілік геофизикалық зерттеулерін сипатта
- •64. Мұнайлы-газды кен орындар үшін жобалы шешімдер қалай атқарылады
- •67.Кәсіпшілік орналастыру кезіндегі қабат қысымын ұстап тұру жүйесін талдап сипатта
- •68.Статистикалық және динамикалық қысымын сипатта және есептеу жолдарын көрсет
- •69. Қабат флюидтері (Газдың физикалық құрамы) талдап сипатта
- •70. Қабат флюидтері (Мұнайдың тыгыздығы) Анықтамасын көрсетіп сипатта.
- •71.Ұңғыларды Бұрандалы Сораппен пайдалану.
- •72 Қабат флюидтері
- •73.Ұңғыларда зерттеулерді жүргізу технологиясы қалай анықталады.
- •74.Мұнай және газды сығу процестері мен қабаттардың моделін қарастырып сипатта
- •75.Мұнай кенорындарын игеруді бақылау әдістері
72 Қабат флюидтері
Қазіргі кезде Қазақстан кен орындарында тауарлы мұнайды дайындау дәрежесі бойынша 1.1- кестедегідей топтарға бөлу қарастырылған.
1.1- Кесте. Мұнайдың сапалық топтары
Көрсеткіштер |
мұнай топтарының нормасы |
|||
1А топ |
1 топ |
2 топ |
3 топ |
|
1. Судың массалық үлесі,% |
0,5 |
0,5 |
1 |
1 |
2. Хлорлы тұздардың концентрациясы, мг/дм3 |
40 |
100 |
300 |
900 |
3. Механикалық қоспалардың массалық үлесі , % |
0,05 |
|||
4. Қаныққан будың қысымы, кПа немесе (сынап бағанасы бойынша мм) |
66,7 (500) |
66,7 (500) |
66,7 (500) |
66,7 (500) |
Мұнай өңдейтін зауыттардың технологиялық процесі мен жабдықтары осы сапаға есептелген. Мұнай өндірісі мекемелерінің жұмысшылары сапалы мұнай өткізуге көңіл қояды, өйткені өткізу бағасы оны дайындау топтарына байланысты.
Мұнай кенорындарын игеру 30 жылға және бірнеше ондаған жылдарға созылатындықтан, уақыт өте ондағы өндіру ұңғыларының саны мен орналасу жағдайы, олардың шығымы, өнімнің сулануы, ұңғыларды пайдалану тәсілі өзгеріп отырады.
Өнімді жинау және дайындау жүйесіне келесі талаптар қойылады:
өндіру ұңғыларының өнімін саңылаусыз жинау және тасымалдау;
әр ұңғы бойынша мұнай, газ және суды автоматты өлшеу;
ұңғы өнімдерін тауарлы өнім нормасына дейін дайындау, оны автоматты бақылау және есептеу;
өнімді тасымалдау үшін қабат энергиясын тиімді пайдалану;
технологиялық қондырғылардың беріктігі және толық автоматтандырылуы;
негізгі тораптардың блокты түрде жасалып дайындалуы;
күрделі (қаржы) шығындары, пайдалану шығындары және металсыйымдылығы (жұмсалған метал) бойынша жоғарғы экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз ету;
жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау.
Экспортқа шығарылатын мұнай үшін 1.2- кестесіндегідей талаптар қойылады.
73.Ұңғыларда зерттеулерді жүргізу технологиясы қалай анықталады.
Фонтанды ұңғыларды меңгерудің бастапқы ткезеңдерінде әсіресе жоғарғы дебитті ұңғылар мұнай өндіру кәсіптігінің мүмкіншілігін анықтайды. Сондықтан, олардың зерттеуіне, реттеуіне және жұмыстарын бақылауға үлкен көңіл бөлінеді.Сонымен қатар, фонтандық жабдық тереңдік зерттеулер, тереңдіктен сынауларды алу, ағынның профилін түсіру және т.с.с. жұмыстарды жнңіл жүргізуге мүмкіншілік береді. Фонтанды ұңғыны пайдаланудың тиімді режимін орнату үшін оның әртүрлі тәжірибелік режиміндегі жұмысының нәтижесін білу керек. Фонтанды ұңғы жұмысының режимін штуцерді ауыстыру арқылы, ал дәлірек болса оның қуысының диаметрін өзгерті арқылы орындайды. Ұңғыны жаңа режимде бірнеще уақыт оған өзгеріс еңгізбей ұстау қажет.
Оның дебиті және түп қысымы өзгеруіне байланысты жұмысқа еңгізген жаңа штуцер арқылы қабат және ұңғы қалыптасқан режимге өту үшін бұл уақыт өте қажет. Ұңғының қалыптасқан режимге өту ұзақтылығы әртүрлі және ол қабаттың гидроөткізгіштігінен, пьезооөткізгіштігінен, сонымен қатар дебиттің салыстырмалы өзгеруінентәуелді.
Ұңғының қалыптасқан режимінің белгісі болып ұңғының буферіне және құбырсыртындағы кеңістігіне қосылған манометрдің көрсеткіштері және оның дебитінің тұрақтылығы болып келеді. Әдетте бұл уақыт бірнеше оншақты уақытты алады.
Реттеу қисығы және индикаторлық сызықты тұрғызу үшін ұңғы жұмысының режимін төрт рет ауыстыру қажет.
Қалыптасқан жұмыс режиміне өткеннен кейін лубрикатор арқылы ұңғы түбіне тереңдік манометрін немесе басқа аспаптарды түсіріп, ал жер бетінде мүмкін дәлдікпен дебитті, өнімнің сулануын, ұңғы өнімінде құм және қатты заттардың болуын, газ факторын немесе газ дебитін, құбыр аралық және буферлік манометр көрсеткіштерін алады, яғни: пульсацияның болуын, оның амплитудасы мен ритмдығы, арматура және манифольдардың дірілдеуі. Осы алынған мәліметтер бойынша реттеу қисығың, яғни өлшенген көрсеткіштердің штуцер диаметрінен тәуелдігін тұрғызады. (сурет 19).
Реттеуші қисық сызықтар ұңғыдан өндірудің технологиялық мөлшерін және оның тұрақты жұмыс режимін бекіту негізгі болып табылады, мысалы:
түп қысымы Рт қанығу қысымынан Рқан түсірмеу немесе Рт0,75 Рқан шартын орындау;
ең кіші газ факторына немесе оның белгілі мөлшерін аспайтын мәнге сәйкес режимді орнату;
ұңғы фильтріның маңындағы қабатта каверна пайда болмау үшін, шығатын құмның мөлшері күрт өсіп кетпейтін режимге орнату;
ұңғы өнімінде судың мөлшері күртартып кетуін болдырмайтын, сәйкес режимге орнату;
шегендеу тізбектің майысуына жеткізетін ұңғы түбіндегі қысымы болдыртпау;
арматура және жер бетіндегі жабдықтардың жұмыс сенімділігімен беріктігі үшін буфердегі және құбырсыртындағы кеңістіктегі қысым мәндерін қауіпті мәндерге жеткізбейтін режимге орнату;
ұңғы буферіндегі қысым мұнай газ жинау жүйесінің лақтыру манифольдіндағы қысымнан төмен болатын режимге жеткізбеу;
үздіксіз фонтандау үрдісін бұзатын дірілдеу (пульсация) пайда болатын ұңғы режимін болдырмау;
қабаттың үлкен қалыңдығын немесе қабатшалардың көп санын алатындай белсенді дренаждалу режимін орнату. Ол тереңдік дебитомерлер арқылы ұңғының әртүрлі жұмыс режимінде ағынның профилін түсірумен орнатылады.
Сур.19 - Фонтанды ұңғының реттеу қисықтары: d – штуцер диаметрі;
1 - Рc – түп қысымы, МПа; 2 - Гo – газды фактор, м3/м3 ; 3 - Q – ұңғы дебиті, м3/тәу;
4 -ΔР - депрессия, МПа; 5 - П – сұйықта құмның болуы, кг/м3 ; 6 - n – ұңғы өнімінде судың болуы, %
Ұңғы жұмысының режимі негізделіп, орнатылғаннан кейін, оны ары қарай ұстау мақсатында бақылайды.
Әсіресе жоғары дебитті ұңғыларды мұқият бақылау жүргізіледі. Арматураны кезеңмен тексеру кезінде қосылыстарда саңылаусыздықтың бұзылуы, жабдық элементтерінің вибрациясы, манометрлердің көрсетулері байқалады. Ұңғының қалыпты жұмысының бұзылуын буферлік және құбырсыртындағы қысымдардың аномалды өзгеруі, мұнай дебиті және сулануының өзгеруі, құмның мөлшері және т.б. бойынша біледі.
Мысалы, бірмезгілде құбыраралық қысымның жоғарлауы кезінде буферлік қысымның түсуі СКҚ ішкі қабырғасының бойында парафин немесе минерал тұздардың түзілу қауіптілігін көрсетеді. Бірмезгілде буферлік және құбыраралық қысымдардың түсуі ұңғының түбінде құм тығынының немесе СКҚ табаны мен түп арасында минералданған ауыр судың жиналуын білдіреді. Осы аймақта көтерілу ағынның аз жылдамдығы түпте қысымның артуына әкеледі. Буфердегі қысымның түсуі кезінде дебиттің жоғарлауы штуцердің қажалып кетуін білдіріп, оны айырбастауын қажет етеді. Штуцердің толып қалуы немесе манифольд пен лақтыру шлейффінде парафиннің түзілуі кезінде дебиттің төмендеуі буферлік және құбыр аралық қысымның артуына әкеледі.
