Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Optd_Otvety_1-75v.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.25 Mб
Скачать

11.Қабатта ббз (пав) қайта өңделген су айдау.

ББЗ айдау технологиясы

Беттік белсенді заттардың (ББЗ) сулы ерітіндісін айдау технологиясын

іске асыру үшін өңдеу объектісіне ешқандай негізгі талаптар мен өңдеу

жүйесін көрсетпеу. Жабдықтау объектілері төмендегідей:

- ББЗ-ды сақтау жəне қабылдау базалары;

- айдау үдерісінің пунктісіне дейін ББЗ-ды тасымалдау үшін көлікті

коммуникациялар;

- еру пункті, су сулануда реагенттерді беру жəне дозалау;

Əдетте, суландыру əдістемесі суға беттік белсенді заттектерді (ББЗ)

немесе детергенттерді қосу жолымен жақсартуына мүмкіндік береді. ББЗ-і

қосылған суды мұнай қабатына айдауда мұнай-су шебінде бетті керуі

төмендейді, мұнайдың ширақтығы жоғарылайды жəне сумен оны қысып

шығару жақсарады. Жыныстардың сумен дымқылдануының жақсару

есебінде мұнай алған кеуектерге сіңеді, қабатпен біркелкі жылжиды жəне

мұнайды одан жақсырақ қысып шығарады. Аз мөлшердегі беттік белсенді

заттектер түйіскен денелердің жəне олардың əсер ету жағдайларының

табиғатың өзгертеді. Беттік белсенді заттектер сулы ерітінділерде иондарға

ыдырау жəне ыдырамау қабілеті бойынша ионогенді жəне ионогенсіз деп

бөлінеді. Біріншілері, өз кезегінде анионбелсенді жəне катионбелсендіге

бөлінеді. Сулы ерітінділерде анион беттік белсенді заттардың ыдырауында

көмірсутегінің молекулалар жəне катиондар бөлігінен тұратын бетті белсенді

аниондар пайда болады. Соңғылары, негізінде натрий, органикалық емес

иондар болады. Қабаттарды суландыру үшін көбінесе, ионогенсіз беттік

белсенді заттектер қолданады. Жыныстардың беттерінде жоғары беттік

белсенділігі жəне төмен адсорбциялануы оларды ионогенді беттік белсенді

заттектерден ерекшелендіреді. Анион белсенді ББЗ кальций жəне магний

тұздарымен үйлеседі жəне ерітіндіден шөгіп ерімейдін тұнбаларды

құрастырады. Катион белсенді ББЗ көпшілігі минералданған қабат суларында

ерітілмейді. Бетті белсенді заттектердінің сулы ерітінділері мұнай жəне судың

физика химиялық қасиеттеріне, сонымен бірге қабатқа күшті əсерін тигізеді.

Қоюлығы аз қоспалар қатты ББЗ пайдаланғанда айдау ұңғымасының түп

жағындағы аймақта бөліну шебінде беттік керілуі қомақты төмендеуімен

ескеріледі. Сол кезде сумен қамтылған мұнай түйіршіктерінің бытырауы

орын алады, қабатта олардың жылжу жылдамдығы жоғарылайды, кеуекті

ортада сұйықтықтарды сүзу үшін қысымның керекті деңгейге төмендетіледі,

судың шығысы қысқартылады жəне оның шаю қасиеттері жақсарады.

12. Штангалы сорап жұмысының сипатта

Мұнайды өндіру бүкіл әлемдік практикада штангілі сорапты қондырулар ерекше орын алады. Қазіргі таңда бұл қондырумен ұңғы пайдалану фондының 2/3 бөлігі жабдықталған, және де бұл тәсіл мұнай өндіруде әлі ұзақ уақыт бойы ең кең таралған болып қалады. Штангалы сорапты ұңғыма қондырғысына кіреді (ШҰСҚ): – жер үсті қондырғысына: тербелмелі-станок (ТС), сағадағы қондырғылар. – Жер асты қондырғыларына: сорапты компрессорлы құбырлар (СКҚ), сораптық штанга (СШ), штангілік ұңғыма сорабы (ШҰС) және қиын шарттарда жұмысты жақсартатын нұсқаны қорғау құрылғылары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]