- •6.Сынамалық пайдалану жобасы (спж) мұнай-газ саласындағы қажеттілігі қандай?
- •7.Тереңдік сораптың жұмысы қалай жүреді және пайдалануы?
- •8.Өндірісте мұнайды жинау және дайындау сұлбасының құрылысын және сипатта?
- •9.Шоғырдың гидродинамикалық сипатта және мысал келтір?
- •10.Кәсіпшілік орналастырылуы кезіндегі өндірістік құбыр өткізгіштердің классификациясы талдап сипатта?
- •11.Қабатта ббз (пав) қайта өңделген су айдау.
- •12. Штангалы сорап жұмысының сипатта
- •13. Барлау ұңғыларының жұмыстары қалай жүреді және сипатта?
- •14.Қабат флюидтері(Мұнайдың химиялық құрамы,күкірт мөлшеріне баайланысты,шайыр мөлшеріне байланысты)сипатта?
- •15. Ұңымаларды батырмалы ортадан тепкіш сораптармен пайдалану.
- •16.Қабат қысымын ұстау (ққұ) жүйесін сипаттап түсіндір.
- •17.Кен орнының құрылымдық картасы мен геологиялық қимасын түсіндір және мысал келтіріп талда.
- •18. Тәжірибелі -өнеркәсіпті жұмыстарының технологиялық схемалары (төж) мұнай-газ саласындағы жұмыстарын сипатта.
- •19. Қабатқа әсер етудің әдістері (Газ айдау арқылы қысымды ұстау) талдап сипатта.
- •21.Кен орнының өнім алу картасы және игеру графигі талдап сипатта?
- •22.Тұз шөгінділері және олармен күрес қалай жүреді?.
- •23.Ұңғыларды батырмалы ортадан тепкіш электрсораптармен пайдалану жұмыстарын түсіндір.
- •24.Қабат қысымын ұстау жүйесін сипаттап түсіндір?
- •25.Іздеу-барлау және эксплуатациялық бұрғылау жұмыстарын талдап сипатт?
- •26.Парафин шөгінділерімен күрес қалай жүреді?
- •27.Ұңғыманың гидродинамикалық зерттеулер жұмыстары қалай жүреді?
- •28.Кәсіпшілік орналастыру кезіндегі өндірістік құбырөткізгіштердің классификациясын талдап сипатта?
- •29.Флюидтардың құрамы және қасиеттерін талдап сипатта.
- •30. Қабат режимдерін түсіндіріп сипатта
- •31. Өндірісте мұнайды дайындау және жинау сұлбасы неден тұрады.
- •32. Қабаттардың мұнай, газ және конденсат бергіштігін сипатта. Мұнай өндіру (алу) коэффициенті.
- •33. Кәсіпшілік орналастырылу кезіндегі мұнай мен іліеспе газды жинау және тасымалдау жүйесі.
- •34. Мұнай газды сығу процестері мен қабаттардың моделін түсіндіріп сипатта.
- •35. Қабат флюидтері (Мұнайдың тұтқырлығы бойынша классификациясы) сипаттап түсіндір
- •36. Қабат қысымын су айдау арқылы ұстау ұстау технологиясын талдап сипатта.
- •37. Қабат флюидтері (Конденсаттың физикалық қасиеттері) талдап сипатта.
- •38. Игерудің толық жүйесі. Суланудың қатарлы жүйесі, мұнай шоғырына су айдау жүйесін таңдау критерилерін сипатта.
- •39. Геологиялық зерттеу жұмыстары қалай жүргізіледі және сипатта.
- •40. Мұнай және газ коллекторлары (Өткізгіштік , Дарси заңы , кеуектілік).
- •41. Сынамалы пайдалану жобасы (спж) мұнай газ саласындағы қажеттілігі қандай.
- •42.Газды айдаумен қабат қысымын ұстау(қабаттардың мұнайбергіштігін жоғарылату) жұмысын сипатта.
- •44. Игеру технологиялық схемалары мұнай-газ саласындағы жұмысын сипатта
- •45.Ұңғыны фонтанды пайдалану жұмысы қалай жүреді.
- •46. Қабат ішілік жану
- •47. Қабат мұнайының физико-химиялық қасиеттері.
- •48. Қабат мұнайындағы газ құрамы. Газ факторы.
- •49. Мұнай кенішіне әсер ету тәсілдері қандай
- •50. Тауарлы мұнай көрсеткіштерін сипатта.
- •51.Мұнайбергіштікті арттыру технологиясын оптимальды жоблауы үшін талапптар мен кезеңдер?
- •52.Қабат мұнайының физикалық-химиялық қасиеттерін сипатта?
- •53. Серпінді су айдайтын тәртіпке арналған заттық теңдік теңдеулері. Серпінді су айдайтын тәртіптің артынан теңдеу келесі түрде жазылады:
- •54. Ұңғыма құрылысы және түрлерін талдап сипатта
- •56. Дюпюи теңсіздігімен ұңғымадағы газдың дебитін анықтау
- •57) Игерудің қатарлы жүйелері.
- •58. Ұңғыма құрылысы және түрлерін сипатта
- •59. Геологиялық қорды есептеу және анықтау
- •62.Технологиялық жобалау құжаттары мұнай-газ саласындағы түрлері
- •63. Ұңғыманың эксплуатациялық кәсіпшілік геофизикалық зерттеулерін сипатта
- •64. Мұнайлы-газды кен орындар үшін жобалы шешімдер қалай атқарылады
- •67.Кәсіпшілік орналастыру кезіндегі қабат қысымын ұстап тұру жүйесін талдап сипатта
- •68.Статистикалық және динамикалық қысымын сипатта және есептеу жолдарын көрсет
- •69. Қабат флюидтері (Газдың физикалық құрамы) талдап сипатта
- •70. Қабат флюидтері (Мұнайдың тыгыздығы) Анықтамасын көрсетіп сипатта.
- •71.Ұңғыларды Бұрандалы Сораппен пайдалану.
- •72 Қабат флюидтері
- •73.Ұңғыларда зерттеулерді жүргізу технологиясы қалай анықталады.
- •74.Мұнай және газды сығу процестері мен қабаттардың моделін қарастырып сипатта
- •75.Мұнай кенорындарын игеруді бақылау әдістері
50. Тауарлы мұнай көрсеткіштерін сипатта.
Қазіргі кезде Қазақстан кен орындарында тауарлы мұнайды дайындау дәрежесі бойынша 1.1- кестедегідей топтарға бөлу қарастырылған.
1.1- Кесте. Мұнайдың сапалық топтары
Көрсеткіштер |
мұнай топтарының нормасы |
|||
1А топ |
1 топ |
2 топ |
3 топ |
|
1. Судың массалық үлесі,% |
0,5 |
0,5 |
1 |
1 |
2. Хлорлы тұздардың концентрациясы, мг/дм3 |
40 |
100 |
300 |
900 |
3. Механикалық қоспалардың массалық үлесі , % |
0,05 |
|||
4. Қаныққан будың қысымы, кПа немесе (сынап бағанасы бойынша мм) |
66,7 (500) |
66,7 (500) |
66,7 (500) |
66,7 (500) |
Мұнай өңдейтін зауыттардың технологиялық процесі мен жабдықтары осы сапаға есептелген. Мұнай өндірісі мекемелерінің жұмысшылары сапалы мұнай өткізуге көңіл қояды, өйткені өткізу бағасы оны дайындау топтарына байланысты.
Мұнай кенорындарын игеру 30 жылға және бірнеше ондаған жылдарға созылатындықтан, уақыт өте ондағы өндіру ұңғыларының саны мен орналасу жағдайы, олардың шығымы, өнімнің сулануы, ұңғыларды пайдалану тәсілі өзгеріп отырады.
Өнімді жинау және дайындау жүйесіне келесі талаптар қойылады:
өндіру ұңғыларының өнімін саңылаусыз жинау және тасымалдау;
әр ұңғы бойынша мұнай, газ және суды автоматты өлшеу;
ұңғы өнімдерін тауарлы өнім нормасына дейін дайындау, оны автоматты бақылау және есептеу;
өнімді тасымалдау үшін қабат энергиясын тиімді пайдалану;
технологиялық қондырғылардың беріктігі және толық автоматтандырылуы;
негізгі тораптардың блокты түрде жасалып дайындалуы;
күрделі (қаржы) шығындары, пайдалану шығындары және металсыйымдылығы (жұмсалған метал) бойынша жоғарғы экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз ету;
жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау.
Қазақстан республикасының мұнай кәсіпшіліктерінде және шет елдерде жинау жүйесіндегі мұнайды дайындауда біріккен технологиялық операциялар кеңінен қолданылады. Жинау пунктіне дейін ұңғы өнімін жеткізу үшін ағын энергиясын максималды (мол) қолдану мақсатында (көпшілік кен орындарында сағалық қысымның аздығын ескере отырып), сондай-ақ құбырлар торабын азайту үшін негізінен мұнай, газ және суды бірге жинау қарастырылған.
51.Мұнайбергіштікті арттыру технологиясын оптимальды жоблауы үшін талапптар мен кезеңдер?
Жобалық технологиялық құжаттарда келесі мәсеслелер негізделеді: пайдалану объектілерін бөліп көрсету; кен орынды игеру тәртібі; жынысқа газ, бу, су, беттік әрекеттік заттар және қоюландырғыштармен араластырылған су қоспасымен жынысқа әсер ету арқылы жүргізілетін ығыстыру коэффицициентінің анализі негізінде қабатқа әсер ету жолдары мен агенттерді таңдау; ұңғыма торының тығыздығы мен орналасу жүйесі; қабаттан мұнай, газ және сұйықтықты алудың темпі, деңгейі; қабатқа ығыстырушы агенттерді айдау; игеру жүйесінің тиімділігін жоғарылату шаралары; мұнай мен газды ығыстыру деңгейі мен өндірудің интенсификациясын жоғарылатудың жылулық, физико-химиялық және т.б. әдістері; мұнайлы газды игеру іс-шаралары; ұңғымалар конструкциясы, оларды желімен орналастыру, айдау және меңгеру технологиясы; ұңғымадан сұйықтықты көтеру жолдары; сағалық және ұңғымаішілік құралдарды таңдау; жаңа технология мен технлогиялық шешімдерді тексерудің тәжірибелік-кәсіпшілк жұмыстары. Жобалық технллогиялық құжаттарды авторлық қадағалауды құраудың бастапқы ақпараттарына мыналарды жатқызуға болады: жер қойнауын қолдануға лицензия; көмірсутекті шикізат қоры мен мұнайды ығыстыру коэффициентінің соңғы есептеулерінің материалдары; кен орынды игеруге соңғы жобалық технологиялық құжат; қабаттың мұнайбергіштігін арттыру шараларын жүргізу және қабаттың геологиялық құрылысын анықтаудың ақпараттары. Авторлық қадағалауларда қарастырылып отырған уақыт ішіндегі жобалық технологиялық құжаттардың іске асу жағдайы сарапталынады. Қажет болған жағдайда қабылданған технологиялық шешімдер аясында өнімді қабатты игерудің шарттарын өзгерту шаралары ұсынылады. Олар: алдын ала бекітілген игеру мен шоғыр шекарасын ұлғайту аймағындағы ұңғыма торының жобалық жүйесін тарату (негізгі қордың ұңғымаларын ұлғайту); шоғыр шекарасын қысқарту аумағында алдын ала бекітілген торды жоққа шығару (негізгі қордың ұңғымаларын азайту);кен орынды игеруді басқару әдістерін қолдану.
Мұнай және газ кен орындарын иегру технологиясы деп жер қойнауынан мұнай мен газды алу және қабатқа жұмыс агентін айдау үшін қолданылатын технологиялық құрылғылар мен әдістердің жиынтығын айтады. Қабатты игеру технологиясы игеру жүйесіне жатпайды. Бірдей игеру жүйелері кезінде кен орынды игерудің әр түрлі технологияларын қолдануға болады. Әрине, кен орынды игеруді жобалау кезінде таңдалынған технологияға қандай игеру жүйесі сәйкес келетінін және қай игеру жүйесінде жобалық технологиялық көрсеткіштерге қол жеткізуге болатынын есепке алу керек
