Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Optd_Otvety_1-75v.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.25 Mб
Скачать

47. Қабат мұнайының физико-химиялық қасиеттері.

Мұнайдың физикалық қасиеттері. Стандартты жағдайларды мұнайдың негізгі параметрлеріне жатады: тығыздық, молекулалық массасы, тұтқырлық, қайнау және қату температурасы, ал қабаттық жағдайларда келесі параметрлер анықталады: газдылығы (газдық фактор), мұнайдың еріген газбен қанығу қысымы, көлемдік коэффициент, сығылу коэффициенті, жылулық ұлғаю коэффициенті, тығыздық, тұтқырлық және т.б. Мұнайдың физикалық қасиеттері және параметрлері сандық бірлікпен өлшенеді.

Мұнайдың тығыздығы бірлік көлемдегі массасымен анықталады (кг/м3 немесе г/см 3) /6/. Тығыздығы бойынша мұнай классификациясы: 780-850 кг/м 3-жеңіл мұнай, 851-899 кг/м 3-орташа тығыздықты мұнай, 900-1000 кг/м 3-ауыр мұнай, 1000кг/м 3-тен көп болса-битумдар. Тұтқырлық немесе ішкі үйкеліс-сұйықтың (газдың) өз бойымен оның бөліктерінің қозғалысына кедергі күші. Тұтқырлық кинематикалық және динамикалық болып бөлінеді. Динамикалық тұтқырлық (μ) деп - 1м 2 аудандағы сұйық қабатының 1м/с жылдамдықпен 1м-ге орын ауыстырғандағы 1Н кедергі күшін айтамыз. Ӛлшем бірлігі: сПз=10-3 Па·с. υ=μ/ρ-кинематикалық тұтқырлық. (1сСт (сантистокс)=1мм 2/с). Тұтқырлыққа кері шама (1/μ) аққыштық деп аталады.

Мұнайдың тұтқырлығы бойынша классификациясы: 0,5≤μн≤10сПз-аз тұтқырлықты, 10-30сПз-орташа тұтқырлықты, >30сПз-жоғары тұтқырлықты. Қату температурасы-мұнай өзінің аққыштығын жоғалтатын температура. Қабат мұнайының тығыздығы мына формуламен анықталады: ρқ.м..=(ρм+Гф+ ρg) / bм. Мұндағы ρм-газсыздандырылған мұнай тығыздығы (г/м3), Гф-газдылық (м3/т), ρg-газдың тығыздығы (кг/м3), bм-мұнайдың көлемдік коэффициенті (б/р).

Мұнайдың химиялық құрамы: метан тобы-Cn H2n+2; нафтен тобы Cn H2n, C2 H2n-2, C2 H2n-4; ароматикалық топ-Cn H2n-6, 12, 18, 24.

Беттік жағдайдағы физикалық тұрақтылығы СН44Н10-газды, от С5Н12 до С17Н36-сұйық, С1835-парафиндер және С36-церезиндер.

Парафин мөлшеріне байланысты: аз парафинді (<1,5%); парафинді (1,51-6%); жоғары парафинді (>6 %).

48. Қабат мұнайындағы газ құрамы. Газ факторы.

Қабат мұнайдағы газ құрамы- бұл 3 қабат мұнайдағы еріген газ көлемі (Vг): Гф=V г/Vн.пл. Ӛлшемдері келесідей болады м33 немесе м3/т. Егер Гф<50м3/т, тонда ол кіші газ мұнайда, Гф=150-300м3/т-газдың мұнайдағы көбеюі, Гф=300-600м3/т газ мұнайда өте жоғарылығы. Егер Гф>= 800÷900м3/т, онда газконденсаттық жүйе. Ілеспелі мұнай газ (ІМГ) өз алдына пайдалы қазба ретінде бола алмайды және екі компоненттен тұрады: мұнайдағы еріген газ және табиғи газ телпегінің газы.

Газ факторы кенорыннан алынған ілеспе мұнайдағы газ көлемінің атмосфералық қысымға және 20 °С температураға келтірілген, сол жағдайда алынған мұнайға қатынасы. Газ фактор осыдан м33 немесе м3/т. М – қабат мұнай көлемінің сепарацияланған мұнай көлеміне қатынасы: bн=Vпл/Vсепар. Көлемдік коэффициентті анықтайтын эмперикалық формула 1.2:

bн=1+0,0030Гф

(1.2)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]