Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Optd_Otvety_1-75v.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.25 Mб
Скачать

42.Газды айдаумен қабат қысымын ұстау(қабаттардың мұнайбергіштігін жоғарылату) жұмысын сипатта.

мұнайбергіштікті арттыру әдістері – ол алынатың қорларды толық алу мақсатымен қысып шығару және әсермен қамту коэффициенттерін жоғарылату жолымен қабатқа көлемді әсер тигізу. Жететіндей ұзақ уақытта әрекеттегі ұңғымалар бойынша мұнай және сұйықтықтарды алудың жоғарылауы олардың өнімінің сулануының төмендеу бұндай әдістердің байқалған нәтижесі болып табылады.

Осы кездегі қабылданған сыныптамаға сәйкес, мұнайбергіштікті арттырудың қосымша әдістерінің үшінші сатысы: физика-химиялық, физикалық, жылу, газды және биотехнологиялық болып бес топқа бөлінеді. Осы топтардың әрқайсысы сілемге әсер ету механизмімен және сипатымен жақын бірнеше технологияларды біріктіреді. Олардың бірі – эксперименттер кезеңінде, басқалары – тәжірибелік өндірістің сынамалар қезеңінде, үшіншілері – тәжірибеде кең қолданыс тауып отыр.

Мұнай-газ кеніштерін газ арынды режимінде игеру

Мұнайгаз кеніштерінде мұнай мен газдың жату жағдайы бойынша жəне мұнайлылық бөлігі мен газ шапкасы көлемдерінің қатынасы бойынша үлкен айырмашылықтарымен ерекшеленеді. Бұл кенішті пайдалану барысында су-мұнай шекарасынан газ мұнай шекарасы жақындасуының нəтижесінде 1 жəне 2 түрге көшуі мүмкін. Мұнай мен газдың орналасу жағдайлары пайдалану үдерісінің сипатын анықтайды, оларды мұнай-газ кенішін игеру жүйесін таңдау кезінде ескеру қажет.Игеру жүйесін таңдауға, сондай-ақ мұнай шоғырлары мен газ шапкасы көлемдерінің ара қатынасы, мұнай шоғырының биіктігі мен ені, таза мұнай жəне газ асты аймағының ені, мұнайдың қозғалу коэффициенті жəне кенішті қоршаған судың белсенділігі де əсер етеді.

Мұнай қабаттан ұңғыға қабат және ұңғыманың түп қысымдарының өзгеру әсеріне көтеріледі. Қабат қысымы- негізгі фактор, кеніштің ағымдағы энергетикалық қалпын анықтайды. Қысым күшін әртүрлі терминдер бар, олар мұнай кенорындары және ұңғыны пайдаланудағы барлық технологиялық процесстерге әсер ету немесе параметрлерді анықтауға байланысты болады. Статикалық қысым- бұл ұңғы түбіндегі, ұзақ анықталудан кейінгі, тоқталған қысым. Ол өлшенетін ұңғы тереңдігіндегі, сұйық дәрежесінің тереңдікке дейінгі арақашықтық сұйық деңгейінің гидростатикалық қысымына тең. Әдетте мұндай тереңдік үшін ашылған қабат қалыңдығының орта интервалы алынады. Ұңғы түбіндегі динамикалық қысымы ұңғыға сұйық немесе газды таңдау уақытында анықталады. Динамикалық қысым түпте болғандықтан, түп қысымы деп аталады. Статикалық-қысым қабат қысымы деп аталады. Бірақ статикалық , динамикалық қысымдар түп қысымдары болып табылады. Сұйықтың динамикалық қысымы деп, атмосфералық қысыммен қатынаста бар, іске қосылып тұрған ұңғы деңгейі. Герметизацияланған құбыр ішіндегі динамикалық қысым, түп деңгейінен басталған сұйық бағанасының гидростатикалық қысымы мен сол бағанаға әсер етуші газ қысымы қосындысына тең. Сұйық бағанасының биіктігі тік (вертикал) түрде өлшенеді. Сондықтан көлденең бұрғыланған ұңғыларда гидростатикалық қысымды есептегенде, оның қисығы түзетілген жағдайдағы мәндерді қолданады.

Қабат қысымын ұстап тұру жүйесі. Мұнай кен орындары өте үлкен көлемде суды қажет етеді. Қабаттан алынған 1т мұнай алу үшін қабатқа 2 т-ға дейін су айдалуы мүмкін. Қабат қысымын ұстап тұру мақсатымен қабатты сумен қамтамасыз етудің бастаулары өзен, көлдер сияқты жерүстілік немесе жерастылық суды қабатқа айдау үшін бұрғыланған ұңғымалар болуы мүмкін. Қабат қысымын ұстап тұрудың негізгі технологиялық қондырғылары: сулы аймақты станциялары (су алу ұңғылары), су тазалау құрылғылары, сорапты стациялар тобы, айдау ұңғылары (немесе ұңғылар тобы). Қазіргі кезде еліміздің өндірісінде таңдап алынған судың бастауы, оның физика-химиялық қасиеті мен құрамына байланысты қабат қысымын ұстап тұрудың әрнұсқалы жүйесін қолданады.

43.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]