Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Optd_Otvety_1-75v.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.25 Mб
Скачать

37. Қабат флюидтері (Конденсаттың физикалық қасиеттері) талдап сипатта.

Қабат флюидтері – қабаттың кеуекті қуыстарында орналасқан, аққыштығымен сипатталатын сұйықтықтар мен газдар. Мұнай-(сұйық пайдалы қазба) қабаттық және стандартты жағдайларда (0,1013 МПа және 200 °С) сұйық фазада болатын көмірсутектердің метанды, нафтенді және ароматты топтарынан тұратын табиғи қоспа (Битум және сланецтер).

Конденсант - қабаттық жағдайда және конденсация қысымынан төмен болған кездегі газды еріген күйде болатын, жеңіл көмірсутектердің табиғи қосындысы. Конденсат құрамына парафин және күкірт болуы мүмкін. Конденсаттар топтық және фракциялық құрамы боыйнша ажыратылады. Конденсаттан тұратын,негізгі қабаттық газ параметіріне конденсатты-газды фактор, конденсация басталу қысымы, көлемдік коэффициент. Конденсат стандартты жағдайда тығыздығымен және тұтқырлығымен сипатталады.

Конденсанттың физикалық қасиеттері. Конденсат тығыздығы-конденсат массасының оның көлеміне қатынасы. Тығыздықтың өзгеру диапазоны: 650-800 кг/м3. Қаныққан (шикі, тұрақты емес) конденсат-берілген қысым мен температурадағы, өндірістік сеператорда алынған, стандартты жағдайда сұйық көмірсутектерден тұратын (0,1 МПа және 20 оС), кейбір газды көмірсутектер еріген күйде болатын сұйықтық. Конденсатты фактор-шикі конденсаттан алынған мөлшерінің өндірілген газ мөлшеріне қатынасы (см33, г/м3). Тұрақты конденсат- С5+В көмірсутегіден тұратын, 3-4 % көп емес пропан-бутанды фракциясы еріген, көмірсутекті конденсат. (Пс5+В) тұрақты конденсатының потенциалды құрамы С5+В (в см3 немесе г) көмірсутегінің «құрғақ» газ м3 қатынасы арқылы анықталады. Пс 5+В < Кф. Құрамында конденсат болуына байланысты газ класификациясы: егер Кф < 75 г/м3-құрғақ газ, Кф > 150 г/м3 – майлы газ. Конденсаттың максималды мөлшері шамамен 800 г/м3 (Орынбор кенорны) құрайды. Оны шикі конденсаттан дегазация жолымен алады.

38. Игерудің толық жүйесі. Суланудың қатарлы жүйесі, мұнай шоғырына су айдау жүйесін таңдау критерилерін сипатта.

Игеру жүйелерін нақтырақ қарастырсақ. Нұсқа сыртылық суланудың мысалы (8.5 сурет), нұсқаішілік суланудың мысалы (8.6 суретте) көрсетілген. Нұсқа ішілік сулану алаңдық, қатарлы, ошақты, блокты, барьерлі (газды шапка үшін), таңдамалы және орталық болып бөлінеді ω=Nөнд:Nайд- сулану жүйесінің тиімділігін сипаттайтын негізгі параметр, 1 айдау ұңғысына қанша өндіру ұңғысы сәйкес келетінін көрсетеді. (ωөнд=1айд).

Беснүктелі жүйе элементі шеттерінде өндіру ұңғылары, ал ортасында айдау ұңғылары болатын квадрат түрінде болады. Айдау мен өндіру ұңғыларының қатынасы-1:1 (ω=1). Жетінүктелі жүйе элементі шеттерінде өндіру ұңғылары, ал ортасыында айдау ұңғылары болатын алтыбұрыш түрінде болады. Айдау мен өндіру ұңғыларының қатынасы – 1 : 2 (ω=2). Тоғызнүктелі жүйе эдементінде айдау мен өндіру ұңғыларының қатынасы – 1 : 3 (ω=3) тең болады. Алаңды суланудың ең тиімді жүйесі – беснүктелі.(1өнд=1айд). Алайда алаңды сулану жүйелері қатарлы жүйелерге қарағанда қабатқа бытыраңқы түрде әсер етуге мүмкіндік береді, әсіресе біртексіз қабаттарды игеру кезінде. Қатарлы жүйелер тік қимасы біртексіз қабаттарды игеру кезінде тиімді, себебі мұндай қабаттар анағұрлым иілгіш болып келеді.

Сурет. Алаңды суланумен игеру жүйелері.

Ұңғы торларының формасы: а-беснүктелі, б-жетінүктелі , в-жетінүктелі, г-ұяшықты

Суланудың қатарлы жүйелері: бірқатарлы, үшқатарлы, бесқатарлы, жетіқатарлы. Бірқатарлы жүйеде өндіру және айдау ұңғыларының бір қатарын қолданады. Бұл кезде өніру ұңғыларының саны айдау ұңғылар санына тең болады (бірақ нақты емес). Алқаптың жалпақтығы 1…1,5 км. Бірқатарлы жүйе өте тиімді, бұл жүйе төменөткізгішті және біртексіз қаббатарды игеру кезінде және де мұнайбергіштікті жоғарылату әдістерінің (МЖӘ) тәжірибелік жұмыстарын жүргізгенде қолданылады, себебі бұл жүйе тез арада керекті нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Алқаптың жалпақтығы өатарлар саны мен олардың арасындағы қашықтыққа байланысты. Өндіру мен айдау ұңғыларының қатынасы шамалай алғанда тең деп деп айтуға болады: 3 қатарлы жүйе үшін -1:3, ал 5 қатарлы жүйе үшін – 1:5. Үшқтарлы жүйе өзгелерге қарағанда тиімдірек, бірақ, бесқатарлы жүйе кезінде жеке ұңғылардан алынған сұйықты бөлу жолымен игеру процесін басқаруға мүмкіндік болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]