Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Optd_Otvety_1-75v.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.25 Mб
Скачать

32. Қабаттардың мұнай, газ және конденсат бергіштігін сипатта. Мұнай өндіру (алу) коэффициенті.

Көмірсутекті шикізат қорын өндірудің тиімділігінің негізгі көрсеткіштері келесілер: МӚК-мұнай өндіру коэффициенті; ГӚК-газ өндіру коэффициенті; КӚК-конденсат өндіру коэффициенті формула 1.3. Ағымдағы мұнай /газ/ /конденсатбергіштік коэффициенті жиналған мұнай/газ/ /конденсат өндірудің бастапқыға қатынасына тең

Мұнай өндіру коэффициенті (МӚК)-алынатын мұнай қорының геологиялық қорға қатынасы. Келесі формула бойынша анықталады: МӚК=Кохв*Кшығ=Qөнд./Qгеол. Шығару коэффициенті-қозғалмалы мұнайға қаныққан кеуек көлемінің бастапқы мұнайға қаныққан кеуек көлеміне қатынасы. Келесі формуламен анықталады: Кшығ=(Кбмқ-Кқмқ)/Кбмқ. Qқозғ=Кшығ·Qгеол-қозғалмалы мұнай қорлары. Зертханалық зерттеулер-Кқмқ (қалдық мұнайға қанықтылық) Кақ (алғашқы мұнайға қанықтылық), Көт (өткізгіштік), 1.15-кестеге сәйкес. Кернді зерттеу нәтижесі бойынша Кон=f (К өтк) және Кон=f(Кнн) тәуелділіктері тұрғызылады.

Мұнай бергіштік коэффициенті – алынған (игерілген) мұнай мөлшерінің бастапқы кеніште есептелген мұнай мөлшеріне қатынасы болып табылады. Оның мәнін көп факторларға байланысты: қабаттағы сұйық пен жыныстардың физикалық қасиеттерінен, кенішті игеру режимінен, кен орнын игеру көрсеткіштерінен (ұңғылардың орналасу торынан, оларды пайдалануға беру ретінен және кен орнынан өнім алу қарқынынан) мұнайды ығыстыру агентінің кеніште орын алып жаулауынан т. б.

Суарынды режим ............................................... 0,5-0,8

Газарынды режим .............................................. 0,4-0,7

Ерітілген газ режимі .......................................... 0,13-0,3

33. Кәсіпшілік орналастырылу кезіндегі мұнай мен іліеспе газды жинау және тасымалдау жүйесі.

Кәсіпшілік орналастырылу - ғимараттық және коммуникациялық жабдықтардан тұратын күрделі кешен (ұңғымалар, жинау объектілері мен құрылғылары, транспорт, өлшегіш құралдар, сепарация, ұңғыма өнімін қолданушыларға тапсыруға дайындық, автомобильдік жолдар, электр сымдары). Орналастырылудың бас схемасының жобасы - технологиялық жүйелердің бас схемалық жобаларының қосындысы болып табылады.

Мұнай мен ілеспе газды жинау және тасымалдау жүйесі. Ұңғымадан келетін мұнай–көмірсутектердің сан алуан нұсқасынан, қабат суынан, әрнұсқалы қоспалардан, еріген газдан тұратын көп компонентті күрделі зат. Барлық технологиялық процестер мұнайды және мұнайлы газды жинау, ұңғымадан өнімді тапсыратын пунктке дейін тасымалдау, дайындау жүйелеріне өтеді. Жүйеде қолданылатын негізгі қондырғылар: Сәйкес жабдықтармен жабдықталған ұңғылар, өлшегіш қондырғылар, сепарациялаушы қондырғылар, сығушы сораптық станциялар (дожимные насосные станции), копрессорлық станциялар, мұнайды дайындау қондырғылары, кешенді жинау пункттері (КЖП), жинақтаудың орталық пункттері, ішкі өндірістік мұнай және газ құбырлары. Ұңғыма жұмысын қадағалау үшін өлшегіш қондырғыларда дебитті өлшеу үздіксіз жүргізіліп тұрады, бұл қондырғыларға өнім құбырлар желісімен тасымалданып жетеді. Сепарациядан кейін сұйықтық сығушы сораптық станциялар қамтамасыз ететін қысыммен келесі сатыға немесе одан әрі өңделуі жүзеге асатын орталық жинау пункітіне бағытталады. Сусызданған мұнай мұнай құбырына, ал газ газбензинді зауытқа бағытталады. Бөлінген суды қабатқа айдауға қолданылуы мүмкін. Ӛндірістегі мұнай мен газды дайындау, жинау және тасымалдау осылайша жүзеге асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]