- •1. Адамдардың табыс салығын алудың міндеттері
- •2. Жеке табыс салығын төлеушілері; салық салу обьектілері
- •3.Жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстары, заттай нысандағы табыстары
- •4. Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табыстары, заттай нысандағы табыстары
- •5.Қандай табыстар жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды?
- •6. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан қандай табыстар алып тасталады?
- •7. Жеке табыс салығының ставкалары, ол бойынша декларацияны кімдер тапсырады?
- •12. Жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын арнаулы төлемдер: түрлері мен есептеу тәртібі.
- •13. Үстеме пайда салығы
- •Үстеме пайда салығының ставкалары
- •Үстеме пайда салығы салық кезеңінен кейінгі жылдың 15-ші сәуірінен кешіктірілмей төленеді.
- •14. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары
- •15. Ойын бизнес салығы
- •16.Тіркелген салық
- •17.Шағын бизнес субьектілеріне арналған арнаулы салық режимі
- •18.Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
- •19.Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі
- •20.Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі
- •21.Бірыңғай жер салығы негізінде арнаулы салық режимі
- •22. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен салық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі
- •23. Алым дегеніміз не , оның қандай түрлері бар ?
- •24. Тіркеу алымдары: төлеушілері, төлену тәртібі
- •28.Телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілі спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым
- •29.Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым
- •30.Төлемақы дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
- •37. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы
- •38. Қалааралық және халықаралық телефон байланысын,сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы
- •39. Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы
Үстеме пайда салығы салық кезеңінен кейінгі жылдың 15-ші сәуірінен кешіктірілмей төленеді.
Жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 10-шы сәуірінен кешіктірмей табыс етеді.
14. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiру салығын Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн минералды шикізат, мұнай, жерасты сулары мен емдік балшықтың әрбір түрi бойынша жеке төлейді.
Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде техногендiк минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, мұнайды, минералды шикізатты, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеушілер болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген шикі мұнайдың, газ конденсаты мен табиғи газдың нақты көлемі пайдалы қазбаларды өндіруге салық салу объектісі болып табылады.
Салық кезеңінде өндірілген шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады.
Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары
Шикі мұнайға пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары, газ конденсатын қоса алғанда, тіркелген түрде мынадай шкала бойынша белгіленеді:
Рет № |
Жылдықөндiрукөлемi |
Ставкалар, %-бен |
1. |
250 000 тоннағадейiнқосаалғанда |
5 |
2. |
500 000 тоннағадейiнқосаалғанда |
7 |
3. |
1 000 000 тоннағадейiнқосаалғанда |
8 |
4. |
2 000 000 тоннағадейiнқосаалғанда |
9 |
5. |
3 000 000 тоннағадейiнқосаалғанда |
10 |
6. |
4 000 000 тоннағадейiнқосаалғанда |
11 |
7. |
5 000 000 тоннағадейiнқосаалғанда |
12 |
8. |
7 000 000 тоннағадейiнқосаалғанда |
13 |
9. |
10 000 000 тоннағадейiнқосаалғанда |
15 |
10. |
10 000 000 тоннаданжоғары |
18 |
Табиғи газға пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкасы 10 процентті құрайды.
Ішкі нарықта табиғи газды өткізген кезде пайдалы қазбаларды өндіру салығы жылдық өндіру көлеміне қарай мынадай ставкалар бойынша төленеді:
Рет № |
Жылдық өндіру көлемі |
Ставкалар, %-пен |
1. |
1,0 млрд. текше. м. дейін қоса алғанда |
0,5 |
2. |
2,0 млрд. текше. м дейін қоса алғанда |
1,0 |
3. |
2,0 млрд. текше м.-ден жоғары |
1,5 |
Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
Салық төлеуші салықтың есептелген сомасын бюджетке салық кезеңінен кейінгі айдың 25-нен кешiктiрмей төлеуге міндетті.
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрмей береді.
