- •1. Адамдардың табыс салығын алудың міндеттері
- •2. Жеке табыс салығын төлеушілері; салық салу обьектілері
- •3.Жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстары, заттай нысандағы табыстары
- •4. Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табыстары, заттай нысандағы табыстары
- •5.Қандай табыстар жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды?
- •6. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан қандай табыстар алып тасталады?
- •7. Жеке табыс салығының ставкалары, ол бойынша декларацияны кімдер тапсырады?
- •12. Жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын арнаулы төлемдер: түрлері мен есептеу тәртібі.
- •13. Үстеме пайда салығы
- •Үстеме пайда салығының ставкалары
- •Үстеме пайда салығы салық кезеңінен кейінгі жылдың 15-ші сәуірінен кешіктірілмей төленеді.
- •14. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары
- •15. Ойын бизнес салығы
- •16.Тіркелген салық
- •17.Шағын бизнес субьектілеріне арналған арнаулы салық режимі
- •18.Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
- •19.Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі
- •20.Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі
- •21.Бірыңғай жер салығы негізінде арнаулы салық режимі
- •22. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен салық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі
- •23. Алым дегеніміз не , оның қандай түрлері бар ?
- •24. Тіркеу алымдары: төлеушілері, төлену тәртібі
- •28.Телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілі спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым
- •29.Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым
- •30.Төлемақы дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
- •37. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы
- •38. Қалааралық және халықаралық телефон байланысын,сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы
- •39. Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы
12. Жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын арнаулы төлемдер: түрлері мен есептеу тәртібі.
Жер қойнауын пайдаланушылар – ҚР аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды ҚР заң актілеріне сәйкес жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салықтары: 1) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерiн: а) қол қойылатын бонусты; б) коммерциялық табу бонусын; в) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді; 2) пайдалы қазбаларды өндіру салығын; 3) үстеме пайда салығын қамтиды. Жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi бонустар болып табылады. Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттың түріне және талаптарына қарай жер қойнауын пайдаланушы үшін бонустың мынадай түрлері белгіленуі мүмкін: 1) қол қойылатын бонус; 2) коммерциялық табу бонусы. Жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшiн алған бiржолғы тiркелген төлемi қол қойылатын бонус болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқан жеке және заңды тұлғалар қол қойылатын бонус төлеушілері болып табылады.
13. Үстеме пайда салығы
Өнiмдi бөлу туралы келiсiмдер (келісімшарттар), кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруге арналған келісімшарттар, сондай-ақ барлауға және өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындарды қоспағанда, бұл келiсiмшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар үстеме пайда салығын төлеушiлер болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушының Салық Кодексінің 99-бабында көзделген түзетулерді ескере отырып, жылдық жиынтық табысының шегерімдерге қатынасы 1,25-тен жоғары болған салық кезеңiндегi жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт бойынша таза табысының бір бөлiгi үстеме пайда салығын салу объектiсi болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт бойынша таза табысының Салық Кодексінің 348-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалған шегерiмдер сомасының 25 процентiнен асатын бөлiгі салық базасы болып табылады.
Үстеме пайда салығын есептеу үшін таза табыс салық салынатын табыс пен корпорациялық табыс салығы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Салық кезеңiнде үстеме пайда салығын есептеу жер қойнауын пайдаланушының таза табысының әрбір бөлігіне Салық Кодексінің 349-бабына сәйкес айқындалатын, жылдық жиынтық табыстың шегерімдерге қатынасының мәніне сәйкес келетін салық базасына Салық Кодексінің 351-бабында белгiленген әрбір тиісті ставканы қолдану арқылы жүргiзiледi.
Үстеме пайда салығының ставкалары
Үстеме пайда салығын жер қойнауын пайдаланушылар өзгермелі шкала бойынша мынадай мөлшерде төлейді:
Деңгей |
Үстемепайдасалығынесептеумақсатыүшiн таза табыстыбөлушкаласы, шегерiмсомасыныңпроцентi |
Үстемепайдасалығынесептеумақсатыүшiн таза табыстыбөлудiңшектiсомасынесептеуүшiнпроцентi |
Ставка (%-пен) |
1 |
25 проценттен кем немесесоғантең |
25 |
белгiленбейдi |
2 |
25 проценттен 30 проценткедейiнқосаалғанда |
5 |
10 |
3 |
30 проценттен 40 проценткедейiнқосаалғанда |
10 |
20 |
4 |
40 проценттен 50 проценткедейiнқосаалғанда |
10 |
30 |
5 |
50 проценттен 60 проценткедейiнқосаалғанда |
10 |
40 |
6 |
60 проценттен 70 проценткедейiнқосаалғанда |
10 |
50 |
7 |
70 проценттенжоғары |
Салық Кодексінің 350-бабы 2-тармағының 2) тармақшасынасәйкес |
60 |
