Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салык 2 модуль.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
304.13 Кб
Скачать

2. Жеке табыс салығын төлеушілері; салық салу обьектілері

Жеке табыс салығын төлеушілеріне есепті жылда табыс табатын резидент және резидент емес жеке тұлғалар жатады. Табыс салығын төлеуші жеке тұлғаларға ҚР-ның азаматтар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ азаматтар жатады.

Жеке табыс салығын төлеуден босатылған тұлғалар:

- Ойын бизнесі және тіркелген салық бойынша көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеушілер;

- Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер.

Жеке табыс салығының салық салу обьектілері болып табылады:

- төлем көзінен салық салынатын табыстар;

- төлем көзінен салық салынбайтын табыстар.

Салық салу объектілері Салық кодексінде көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.

 Жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстарына:

- Қызметкерлердің табысы;

- Бір жолғы төлемдерден алынатын табыс;

- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері;

- Дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс.

- Стипендиялар,

- Жинақтаушы сақтандыру шарттар бойынша табысы жатады.

Жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына:

- Мүліктік табыстар,

- Дара кәсіпкердің салық салынатын табыстары,

- Адвокаттар мен жеке нотариустардың табыстар,

- Басқа да табыстар жатқызылады.

3.Жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстары, заттай нысандағы табыстары

 Жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстарына:

- Қызметкерлердің табысы;

- Бір жолғы төлемдерден алынатын табыс;

- Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері;

- Дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс.

- Стипендиялар,

- Жинақтаушы сақтандыру шарттар бойынша табысы жатады.

Қызметкердің жұмыс беруші есептеген белгіленген салық шегерімдері сомасына азайтылған табыстары төлем көзінен салық салынатын табысы болып табылады.

Қызметкердің заттай нысанда алған табысына :

- заттай нысандағы еңбекақы;

- жұмыс берушіден өтеусіз негізде алынған мүліктің құны. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындаумен, қызметтер көрсетумен байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;

- қызметкердің үшінші тұлғалардан алған тауарлар құнын жұмыс берушінің төлеуі жатады.

4. Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табыстары, заттай нысандағы табыстары

Қызметкердің жұмыс беруші есептеген белгіленген салық шегерімдері сомасына азайтылған табыстары төлем көзінен салық салынатын табысы болып табылады.

Қызметкердің заттай нысанда алған табысына :

  • заттай нысандағы еңбекақы;

- жұмыс берушіден өтеусіз негізде алынған мүліктің құны. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындаумен, қызметтер көрсетумен байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;

  • қызметкердің үшінші тұлғалардан алған тауарлар құнын жұмыс берушінің төлеуі жатады.