- •1. Адамдардың табыс салығын алудың міндеттері
- •2. Жеке табыс салығын төлеушілері; салық салу обьектілері
- •3.Жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстары, заттай нысандағы табыстары
- •4. Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табыстары, заттай нысандағы табыстары
- •5.Қандай табыстар жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды?
- •6. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан қандай табыстар алып тасталады?
- •7. Жеке табыс салығының ставкалары, ол бойынша декларацияны кімдер тапсырады?
- •12. Жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын арнаулы төлемдер: түрлері мен есептеу тәртібі.
- •13. Үстеме пайда салығы
- •Үстеме пайда салығының ставкалары
- •Үстеме пайда салығы салық кезеңінен кейінгі жылдың 15-ші сәуірінен кешіктірілмей төленеді.
- •14. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары
- •15. Ойын бизнес салығы
- •16.Тіркелген салық
- •17.Шағын бизнес субьектілеріне арналған арнаулы салық режимі
- •18.Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
- •19.Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі
- •20.Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі
- •21.Бірыңғай жер салығы негізінде арнаулы салық режимі
- •22. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен салық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі
- •23. Алым дегеніміз не , оның қандай түрлері бар ?
- •24. Тіркеу алымдары: төлеушілері, төлену тәртібі
- •28.Телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілі спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым
- •29.Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым
- •30.Төлемақы дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
- •37. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы
- •38. Қалааралық және халықаралық телефон байланысын,сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы
- •39. Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы
1. Адамдардың табыс салығын алудың міндеттері
Жеке табыс салығы бюджет кірісінің ірі көздерінің бірі болып табылады. Көптеген шет мемлекеттерде азаматтардың жеке табысына салынатын салық бюджеттің кіріс бөлігінің басты көзі қызметін атқарады. Мысалы; АҚШ-тың федералдық бюджетіндегі оның үлес салмағы – 40 % құраса, ал, корпорациялық табыс салығы – 10 % құрайды. Дания бюджетіндегі табыс салығының үлес салмағы – 48 % құрайды, ал Германияда бұл салық бюджет кірістері баптары арасында бірінші орынды алады, Францияда – ҚҚС –нан кейін екінші орында.
Жеке табыс салығы - жеке тұлғалардан алынатын салықтардың ішіндегі ең негізгісі. Жеке табыс салығының түскен түсім толығымен жергілікті бюджетке түсіп, сол аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге жұмсалады.
Жеке табыс салығы тікелей салық болып табылады, оның ішінде жеке тікелей салық, өйткені жеке салықтарда тек табыс қана есептелінбейді. Сонымен қатар салық төлеушінің қаржылық жағдайы ескеріледі.
Салық салу тарихынан адамдардан табыс салығын алудың 2 жүйесі белгілі:
шедулалық;
ғаламдық.
Табысқа салық салудың шедулалық жүйесі 1842 жылы Англияда енгізілген және ағылшын алфавитінің алғашқы әріптерімен : А, В, С, Д, Е белгіленген 5 санатқа (шедулаға) бөлінді. Табыстар 5 шедула бойынша бөлініп, олардың әрқайсысында табыс тапқан тұлғаға салық салынады. 1976 жылы олар тағы бір шедулаға Ғ толықтырылды.
Шедулалық жүйе кезінде Қазақстанда да қолданылды. Сонымен, 1990 жылдың 11 желтоқсанындағы «ҚР азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың табыс салығы туралы» Заңына сәйкес салық салудың 6 түрі қарастырылған болатын:
азаматтардың өз еңбек міндеттерін орындағаны үшін алатын жалақы сомасына және соған теңестірілген табыстарына салық салу;
бір жолғы жұмыс орындағанына алатын табыс және негізгі жұмыс орны бойынша басқа да төлемдерге салық салу,
ғылым, өнер және әдебиет туындыларына жасағаны үшін авторлық сыйақы сомасына, сол сияқты өнеркәсіп үлгілерін ашқаны үшін авторлық сыйақы сомасына салық салу;
кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстарға және де басқа да азаматтардың еңбек міндеттеріне жүзеге асыруына байланыссыз табыстарына салық салу;
азаматтардың шаруа және жалгерлік қожалық жүргізгеннен түскен табыстарына салық салу;
басқа табыстарына салық салу.
Табысқа салық салудың келесі жүйесі - ғаламдық жүйе. Бұл жүйе кезінде салық осы салықты төлеушінің жылдық жиынтық табысынан, оның айналу көзі мен әдісіне қарамастан салынады. Алғаш рет мұндай жүйе 1806-1807 жылдары Пруссияда енгізілген. Бүгінде ҚР осы ғаламдық әдіс бойынша жеке табыс салығы есептелінеді.
Жеке табыс салығының құрылу негіздері. Жеке табыс салығының ерекшелігі болып жеке тұлға ретінде салық төлеушілерді белгілеу болып табылады.
Жеке табыс салығын төлеушілеріне есепті жылда табыс табатын резидент және резидент емес жеке тұлғалар жатады. Табыс салығын төлеуші жеке тұлғаларға ҚР-ның азаматтар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ азаматтар жатады.
Жеке табыс салығын төлеуден босатылған тұлғалар:
- Ойын бизнесі және тіркелген салық бойынша көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша жеке табыс салығын төлеушілер;
- Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер.
Жеке табыс салығының салық салу обьектілері болып табылады:
төлем көзінен салық салынатын табыстар;
төлем көзінен салық салынбайтын табыстар.
Салық салу объектілері Салық кодексінде көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстарына:
Қызметкерлердің табысы;
Бір жолғы төлемдерден алынатын табыс;
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері;
Дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс.
Стипендиялар,
Жинақтаушы сақтандыру шарттар бойынша табысы жатады.
