- •Жабдықтарды жөндеуге беру реті. Жабдықтарды құжаттау
- •Мұндағы Тм.В- машина уақыт
- •Құрылғының техникалық сипаттамасы төмендегіше:
- •Құрылғының техникалық сипаттамасы:
- •1. Техникалық байқау- 250...350 сағ жұмыстан кейін.2. Тексеру – 1500...2000 сағ жұмыстан кейін.3. Күнделікті майда жөндеулер – 4000 сағ кейін4. Күрделі жөндеу – 30 000...40 000 сағ жұмыстан кейін.
- •Штангалы сораптардың сыртқы бетін тазалауға арналған құрылғының функциясы.
- •11 Сурет. Штангалы сорап бөлшектерін жуатын және кептіретін құрылғы:1-негіз; 2- бак; 3- жуу камерасы; 4-кептіру құрылғысы; 5-ауа құбыры; 6-желдеткіш; 7-фильтр; 8-сорап;
1. Техникалық байқау- 250...350 сағ жұмыстан кейін.2. Тексеру – 1500...2000 сағ жұмыстан кейін.3. Күнделікті майда жөндеулер – 4000 сағ кейін4. Күрделі жөндеу – 30 000...40 000 сағ жұмыстан кейін.
Техникалық байқау кезінде келесідей жұмыстар жүргізіледі: 1) Люктарын ашу және үйкеліс беттерінің қызуын анықтау; 2) Қатырылған және айналыстағы детальдарын және иінді-шатунды механизмдердің түйіндерін тексеру: а) Рамалы және мотыльды подшипниктер; б) қарама-қарсы салмақты; в) крейцкопф саусақтарын; г) поршенді цилиндрлерге орналастыруда; д) тіркелмелі шатун саусақтарын; е) маховикті; 3) Май сорабының жетек қатысының тартылуын тексеру; 4) Фундаментті және фундамент болттарының гайкаларын; 5) Ұрғыш рычаг пен газшығару клалапанының қалпағы арасындағы саңлауларды тексеру; 6) Свеча және магнетоларды тексеру, электродтарын тазалау және арасындағы саңлауларды реттеу; 7) Ірі және майда сүзгілерді жуып тазалау, кері клапандарды сораптық үрлеу цилиндрлерін тазалау; 8) Газмотокомпрессорды және құбырлардағы майдың, судың ағуын және ауа мен газдың шығып кетуін тоқтату;
Тексеру кезінде техникалық байқауда жасалатын жұмыстардың бәрі және қосымша мына жұмыстар орындалады:
1) Иінді біліктің мойындарын тексеру. 2) Иінді-шатунды механизмдердің, крейцкопф саусақтарымен подшипник арасындағы саңлауларды тексеру. 3) Қозғалтқыштың екі-үш цилиндрін және компрессорлардың 1-2 цилиндрін ашып көру керек. 4) Газенгізуші клапандарды ысқылау. 5) Компрессор цилиндрлерінің клапандарын тазалау және тексеру. 6) Оталдыру жүйесін толық тексеру.
Физикалық тозу. Пайдалану және жөндеулерден әрбір жабдықта физикалық және моральдық тозу пайда болады, сондықтан оларды одан әрі пайдалану және экономикалық тұрғыдан да тиімсіз. Машинаның физикалық тозып, оның әртүрлі элементтерінің қирау нәтижесінде болады, сондықтан машина өз таланттарын қанағаттандырарлық орындай алмайды.
Моральды тозуы дәл сол істеп тұрған техниканың құнының азабы, оған техниканың (прогресс) жетістіктігі әсерін тигізеді.Моральды тозудың екі түрі бар1. Машина өз құнын жоғалтуы, себебі осындай конструкциядағы жаңа машинаның бағасы анағұрлым арзан2. Жұмыс істеп тұрған техниканың қажет болмай қалуы, себебі конструкциясы жетілдірілген машинаның өндірісте шығарылуынан.
Фонтанды арматура бөлшектерін жөндеу. Фонтанды арматураларға периодикалық ревизиялар жасалынып тұрады, оларды пайдалану процестерінде ақаулары байқалдыма жоқпа немесе ол сенімді жұмыс істедіме жоқпа оларға тәуелсіз. Арматураларды ашып жинаудан кейін, бөлек детальдарына назар аударады. Жарық детальдарды және тот басқан детальдарын шығарып тастайды. Фонтанды арматураларды ашқанда ең қыйынға соғатыны бұрандалы түрлері. Оларды ашқанда екі шынжырлы кілт не болмаса шығырдық қолданып қолмен ашады. Фонтанды арматураны ашып болғаннан кейін жуады және басқада детальдарын толық қарап шығады, егер детальдарында жарық, сынық және жұқарғандары болса оларды шығарып тастайды.
Ең қиын жөнделетін детальдары- ысырмалар. Олардың жеңіл ашылып-жабылуын тексереді. Одан кейін қақпақты алып, маховикті штогымен және ілмек, сына, плашкалы органдарымен шығарады. Тозған ысырманы және басқада детальдарды қалпына келтіру үшін ерітеді және механикалық өңдеулерден өткізіп тазалайды. Осы әдіспен корпусты және ілмек құрылғыны да жөндейді.
Фонтанды арматураны тексеру және жөндеу. Күнделікті жөндеу.Күнделікті жөндеу кезінде агрегаттардың бөлшектерін ашу, түйіндермен детальдарын тексеру және тозған детальдарын ауыстыру. Бұл көрсетілгендерден басқа келесі жұмыстар жасалады:1) Шығарушы және үрлеу терезелерін күйеден тазалау, сораптарды және цилиндр қақпақтарын тазалау.2) Рамадағы подшипниктердің саңлауларын тексеру.3) Ауатаратқыштарды, шестерня іліністеріндегі саңлауларды тексеру.4) Май ауыстыру және бақылау-өлшеу приборларые тексеру.Күрделі жөндеу. Күрделі жөндеудің мерзімі, ол газмотокомпрессорларды пайдалану жағдайларына, өткен жөндеу түрлеріне, машинаның нақты және техникалық жағдайына және детальдары мен түйіндерінің тозу түрлеріне байланысты болады. Күрделі жөндеуді машиналардың жағдайын мұқият тексергеннен кейін жүргізіледі.Күрделі жөндеу барысында келесі жұмыстар жасалады:1) Иінді білік мойынын жону, қалпына келтіру және ауыстыру.2) Кривошипті подшипниктерді және рамадағы төсемдерді ауыстыру.
Фонтанды ёлкаларды жөндеу және жинау. Тіректі арматура бөлшектерін жөндеу. Ревизияға ұшырайтын тіректі арматура құбырлардан шешілмейді, егер мұндай қажеттілік болмаған жағдайда. Тартпалар ашылу-жабылу оңайлығына тексеріледі. Кейіннен қақпағын бөлшектейді, маховикті шпиндел (штокпен) мен тіректі мүшесімен (клинмен, плашшкалармен) бірге алынады және нығыздаушы беттің жағдайы тексеріледі. Қажет болған жағдайда сальникті нығыздағыштар қаралады. Жөндеуді қажет ететін арматураны демонтаждайды, жуады және жинақталған күйде жөндеу кәсіпорнына жіберіледі. Мұнда оны бөлшектейді де, ақаулары анықталады.Тіректі арматураның жұмыстан шығу себептерінің кең тараған түрлері – коррозияның, соққылардың, нығыздалу беттерінде бөтен денелерден болған майысулардың әсерінен саңылаусыздығының бұзылуы және де тартпа тұғырының сыртқы жүктемелер мен температуралық деформациялар әсерінен өзгеруі. Тұғырдың ішкі қуысы жарықтарды, сызаттарды және басқа да ақауларды анықтау үшін тексеріледі.
Штангалы сораптардын істен шығуынын негізгі себептері. Пайдалану кезінде сораптардың істен шығу себептеріне төмендегілер жатады: плунжер жұптарының тозуы; клапанның эррозиясы немесе абразивті тозуы; сорап штоктарының сынуы немесе бұралып кетуі; стаканның сынуы. Берімділігі төмендеу себебімен скважиналардан шығарылған сораптарды кәсіпшілік ұстаханаларға әкеледі, бұл жерде өте мұқият тексеріліп оны жөндеу түрлері анықталады. Скважиналық штангалы сораптарды жөндеудің технологялық процестеріне сораптың сыртын тазалау, плунжерді алу, плунжерден штокты ажырату, төлкені тазалау, сорап детальдарын жуу, плунжердің ішкі қуысын тазалау, клапандарды үйкелеп отырғызу, сорапты жинау механикалық өңдеу учаскесінде- жону станогы ЗБ, токарлы- бұрандалы станок НС62, Тік- фрезарлы 6Ш2, Хоненговальды 3П82, Токарлы - револьверлі 1П365, Шлифовальды 3Б-1531, Құбыркескіш 9414С, алмазды- жонғыш 278Н. Ұстахана структурасын ұйымдастыру. Скважиналы штанга сораптарын тиімді пайдалану оларды дұрыс пайдалануды ұйымдастыру және жоғары сапалы жөндеулерге байланысты. Ұстаханада жөндеу жабдықтары мен аспаптарынан басқа да 150, 200, 250кН-дық тал блогы, элеваторлар, АПР- 2ВБ, АПР электрқозғалтқышы, ТП- тележкалар, өндірістік вертлюгер т.б. болуы қажет. Барлық ұстаханалардағы жұмыс екі бағытта жүреді: 1) Сораптарды алдын- ала тексеру және күнделікті жөндеу; 2) Сораптарды күрделі жөндеу;
