Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АӘБВ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.85 Mб
Скачать

Құрылғының техникалық сипаттамасы:

Электрқозғалтқыштың қуаты,1,5кВт. Қозғалтқыш білігінің айналу жиілігі, 15,5сˉ¹. Шпиндельдің айналу жиілігі,0,77 сˉ¹. Плунжер диаметрі, d 28, 32, 38, 43, 55мм. Салмағы,525 кг.

Сораптарға күрделі жөндеу жұмыстары. Ұнғылық штангалы сораптарды жөндеу шеберханасы ұнғыны жерасты жөндеу цехына қарайды және ол сораптарды жөндеу, механикалық бөлімнің басқа да жабдықтар мен құрылғыларын жөндеу, және пісіру бөлімінен тұрады.

Жөндеуге жарамды сораптар оны сырттай қарайтын және жөндейтін арнайы шеберханаға жеткізіледі. Барлық шеберханалардағы жұмыстар екіге бөлінеді:

1.Сораптарды алдын ала тексеру және ағымдық жөндеу;

2.Сораптарды күрделі жөндеу. Сорапты тексеру кезінде плунжерді шығарады, клапандық түйінді бөлшектеп, көзбен бақылап тексереді, тексерістің көмегімен сорапты қалпына келтіру жұмыстары анықталады.

Ағымдық жөндеу қажет болған жағдайда тозған түйіндерді (плунжердің, клапанның, штоктың) ауыстырады және нығыздыққа тексеріп, майлайды. Егер сорап күрделі жөндеуді қажет етсе (сығылып қалған плунжерді босату, цилиндрді бөлшектеп жинау) оны сорапты бөлшектеу орнына тапсырады.

Сораптарды бөлшектеу және жинау реті. Жоғары айдау қысым және айдалатын сұйықтығы образивті бөлшектер сораптың гидравликалық бөлімінің тез тозуына, ал сораптың жетек бөлімінің тозуы. Ол үлкен динамикалық жүктің әсерінен болады.

Күнделікті жөндеуде төмендегі жұмыстар жүргізіледі:

1. Барлық болтпен тартылған жерлерін қатыру және тексеру.

2. Тез тозатын детальдарын ауыстыру. (цилиндр,төлкелерін сораптер мен штоктарды, клапан ершіктерімен серіппелерін)

3. Цилиндрлер, клапандар қақпағындағы нығыздаған манжеттерді, штоктардағы нығыздағыштарды, цилиндрлі төлкелердегі және штоктардың нығыздағыштарын ауыстыру.

4. Крейцкопф тығыздағышы және бағыттағыштарын реттеу жағдайларын тексеру.

5. Жетек шкивін тексеру және ремень селпуін реттеу.

6. Ауа сүзгіштерін жуу және балондарды ауыстыру.

7. Барлық подшипниктерді майлау, кемінде аптасына 1 рет. Картердегі май деңгейі тексеріледі, аз болса құяды, май ауыстыру үш айда 1 рет, ұңғыны бұрғылап боғаннан кейін. Сорап үшін орташа жөндеу циклы 24 айды құрайды, жөндеу аралық период-8 ай жұмыстан кейін жасалады

Сораптарды жинау құрылғысының қызметі. Құрылғы ол рамадан, гидроцилиндрден, кареткадан, башмакты гидропатроннан тұрады. Рамаға бағаналар болтпен бекітіледі. АПР ВБ гидропатроны бағанаға қатырылған, оған штангалы ұңғы насосы бекітіледі. Гидропатрон цилиндрден және поршеннен тұрады, олар цилиндр осіне 120º тан үш құлақша арқылы байланысып орналасқан.

13- сурет. Ұңғымалы штангалы сораптарды жинауға арналған құрылғы:

1-рама; 2,5-бағаналар; 3-каретка; 4-гидропатрон; 6-жетекші; 7-АПР-2ВБ;

8-гидроцилиндр; 9-басқару пульті;

Тербелмелі станок редукторларын жөндеу жұмыстары. Бұранда тұтқасына түсетін күш 0,3кН аз, съемниктің осьтік күші 20кН, салмағы 8 кг. Съемниктің жұмыс істеу принципі төмендегіше:

1. Кривошиптен саусақты шығару- Трайверске бұранданы қатырады, құрылғы ойық астына гайканы қатырады. Сухар ашылады және ол ойық қабырғаға тіреледі, ал бұранда шеті саусақ шетіне тіреледі. Бұранданы айналдыру арқылы сына тәрізді сухарды қатырады және саусақты итере отырып шығарады.

2. Саусақ шетіндегі төлкені шығару үшін, трайверсті бұрама басына көтереді, штректері кривошип корпусына тіреледі, алынатын төлкенің тесігіне өткізу үшін алдымен сақинаны бұрандадан ажыратып алады. Одан кейін кривошиптің екінші жағынан бұрандаға сақинаны бекітеді, ол алынатын төлкеге тіреліп бұранда айналысымен жоғары шығарылады.

3. Шкивті шығару үшін бұранда трайверске қатырылады және бір шетімен электрқозғалтқыштың білігіне тіреледі. Тірек бұрандадан екі жаққа созылған және ілмек арқылы шкивтің екі шетіне ілінеді. Бұранданы айналдырғанда тірек электрқозғалтқыштың білігінен шкивті суырып алады.

4. Кривошипті шығару үшін алдын-ала керілген кривошипті ағытады, одан кейін кривошипке симпик бекітіледі, бұл кезде тірек редуктор білігінің шетімен жанасады. Бұранданы айналдырғанда тірек білекті итереді осы кезде кривошип алынады.

3-сурет. Тербелмелі-станок кривошипінің гайкасын ашатын кілт: 1, 6- винт; 2- төсем; 3 - храповик; 4 – кілт корпусы; 5 - қақпақ; 7 - фиксатор.

Тербелмелі-станок трайверс тораптарын жөндегенде- тозған детальдарын- төлке, шатунның жоғарғы баяндағы саусақты, сырғаны және оның осін, подшипниктерін өз қалпына келтіреді немесе ауыстырады. Трайверстің жарылған жерлерін дәнекерлейді. Тозған детальдарды қайта қалпына келтіру үшін олардың қыздырылған бетіне присадкалы материалдарды жағады. Кеңінен таралған түрлері газды және электрдугалы балқыту, флюс қабатты электрдугалы балқытулар жатады.

Тербелмелі-станок детальдарын балқыту операцияларының технологиялық процестері төмендегіше: деталь беттерін дайындау- окалиннен және шіріктен тазалау.2. тозған беттерді балқыту. 3. балқытылған детал беттерін механикалық өңдеу.

Тербелмелі станоктарға техник қызмет көрсету аралықтарыТербелмелі-станоктардың авариясыз және тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін оларға өз уақытында жөндеу немесе тозған детальдарын ауыстырып тұру қажет. Тербелмелі-станоктарға жөндеу және техникалық қызмет көрсету- өте қиын еңбексиымдылықты процесс. Тербелмелі-станоктарға жөндеу жұмыстарын жүргізгенде еңбек жағдайларын жеңілдету мақсатында әртүрлі құрылғылар мен аспаптар қолданылады. Тербелмелі-станоктарды майлау үшін Азинмаш-48 агрегаты қолданылады. Тербелмелі- станоктарға периодикалық бақылап отыру (БҚ)- күнделікті өткізіледі; техникалық қызмет (ТҚ) көрсету- 720 сағ, күнделікті жөндеу (КЖ) – 44000 сағ. кейін жүргізіледі. Күнделікті жөндеулерді ұңғы жұмыстарын тоқтатқаннан кейін жөндеу бригадалары жасайды. Пайдалану кезінде істен шыққан детальдарын және узелдерін (қатырылған детальдарды, сына тәрізді белбеулерді, аспалы қанаттармен плашкалар, кривошиптердің саусақтарын) ауыстырады, подшипниктерді, шарнирлі бекітпелерді және жүріс винттерін майлайды.

Тербелмелі станоктарды жөндеу ерекшеліктері. Тербелмелі-станок трайверс тораптарын жөндегенде- тозған детальдарын- төлке, шатунның жоғарғы баяндағы саусақты, сырғаны және оның осін, подшипниктерін өз қалпына келтіреді немесе ауыстырады. Трайверстің жарылған жерлерін дәнекерлейді. Тозған детальдарды қайта қалпына келтіру үшін олардың қыздырылған бетіне присадкалы материалдарды жағады. Кеңінен таралған түрлері газды және электрдугалы балқыту, флюс қабатты электрдугалы балқытулар жатады.

Тербелмелі-станок детальдарын балқыту операцияларының технологиялық процестері төмендегіше: 1деталь беттерін дайындау- окалиннен және шіріктен тазалау.2 тозған беттерді балқыту. 3. балқытылған детал беттерін механикалық өңдеу.

Тербелмелі станокты күрделі жөндеу. Күрделі жөндеу кезінде станокты толық бөлшектен оларға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Істен шыққан детальдары мен узелдерін жөндеп қайта қалпына келтіреді немесе ауыстырады; редукторды толық бөлшектеп оған жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Тербелмелі-станок күрделі жөндеуден өткеннен кейін өзінің бастапқы құжаттың қалпына келтіріледі. Кәсіпшілік жағдайда Тербелмелі-станоктарға жөндеу және техникалық қызмет көрсету үшін арнайы агрегаттар- Азинмаш-48; АНР-1- кеңінен қолданылады.

Тозған деталдарды қалай қалпына келтіріледі. Үйкеліс денелердің жанасушы беттерінің өзара орыналасуы кезінде пайда болатын кедергі. Кинематикалық белгілеріне байланысты үйкеліс сырғанау үйкелісі және тербелу үйкелісі болып бөлінеді. Үйкелістер үйкелісетін беттердің жағдайына қарай : құрғақ үйкеліс, сұйықтық үйкеліс және шекаралық үйкеліс болып бөлінеді. Құрғақ үйкеліс енгізілген майлау материалдары жоқ кездегі екі қатты дененің үйкелісі. Сұйықтық үйкеліс көлемдік қасиеттері байқалатын сқйық қабатымен бөлінген екі дененің арасында пайда болатын салыстырмалы қозғалыстарына кедергі құбылыс. Шекаралық үйкеліс үйкелісетін беттерде көлемдік қасиеттернен басқа қасиеттері байқалатын сұйық қабаты бар кездегі екі қатты дененің үйкелісі.

Үйкелу процесіне механикалық, физикалық, химиялық, жылулық және электрлік факторлар әсер етеді. Олардың әртүрлі қосылымдары қажалудың әртүрлі түрлеріне әкеліп соғады. Қажалу үйкеліс кезінде материалдың үйкелесетін беттерінінен бөлінулер және (немесе) оның қалдық майысуы түрінде білінітен дененің өлшемінің біртіндеп өзгеру процесі. Тозу материалдың бөлінуі немесе қалдық майысуы түрінде білінетін қажалудың нәтижесі.

Төлкенің ішкі бетін тазалау құрылғының жұмысы. Құрылғы 6-суретте көрсетілген, ол каркастан 1, гидроцилиндрден 3, шпинделден 5, тартып алғыш 7 және щеткадан 6 тұрады. Каркас ол пісіріліп жиналған рама, осыған барлық бөлшектері бекітіледі. Каркастың жоғары плиткасында шпиндель орналастырылады, штокқа щетка отырғызылған. Гидроцилиндр штогы тартып алғышпен 7 жалғанған, сағасында сезімтал төлке бекітілген. Шпиндель 5 электрқозғалтқыштан сыналы қайыс арқылы айналысқа келеді. Қысқыштың ілгері- кейін қозғалуы золотникті гидроцилиндр 3 көмегімен іске асады, ол құрылғыны апаттық жағдайда тоқтату үшін «Стоп» басқышы қарастырылған.Тазаланған төлкені тартып алғышпен қысады, кейін « Пуск» басқышын басады. Осы кезде щетка жетегінің электрқозғалтқышы да қосылады, және тартып алғыш төлкемен бірге іргелі-кейін қозғалыс жасайды. Тартып алғыш сол шеттегі ажыратқышқа жеткенде ажыратылады да, оның бағытын өзгертеді. Оң жақ шетке жеткенде оң жақтағы ажыратқышқа жетіп золотникті және құрылғыны толық тоқтатады. Тазалау процессі тек бір циклда өтеді.Төлкенің ішкі бетін тазалауға арналған құрылғы:I-бакқа құю; II-қысым беру; III- цилиндрге; 1-каркас; 2- электрқозғалтқыш; 3-гидроцилиндр; 4- сыналы қайыс беріліс; 5- шпиндель; 6- щетка; 7- тартып алғыш; 8- реверсивті золотник;

Тазаланған төлкені тартып алғышпен қысады, кейін « Пуск» басқышын басады. Осы кезде щетка жетегінің электрқозғалтқышы да қосылады, және тартып алғыш төлкемен бірге іргелі-кейін қозғалыс жасайды. Тартып алғыш сол шеттегі ажыратқышқа жеткенде ажыратылады да, оның бағытын өзгертеді. Оң жақ шетке жеткенде оң жақтағы ажыратқышқа жетіп золотникті және құрылғыны толық тоқтатады. Тазалау процессі тек бір циклда өтеді.

Құрылғының техникалық сипаттамасы. Электрқозғалтқыштың қуаты, 0,6 15,3кВт. Электрқозғалтқыштың айналу жиілігі,4сˉ¹. Жүйедегі сұйық қысымы, 28, 32, 38МПа . Тазаланатын төлке диаметрі, 43-55мм . Салмағы,180 кг

Ұңғыларды компрессорлы пайдаланудағы жабдықтарды жөндеу ерекшеліктері. Газомотокомпрессорларды пайдалану режимінде көрсетілгендей жоспарлық- ескертулік жөндеу жұмыстарын келесідей уақыттарда өткізіледі: