Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
esepter_zhauaptarymen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39.47 Кб
Скачать

Есеп №10

Экономика төмендегідей мәліметтермен сипатталган:

    1. Тауардың экспорты 24780 долл.

    2. Тауардың импорты 26857 долл.

    3. Мемлекет азаматтары шетелден келген пайыз түріндегі шетелдік инвестициялардан 4122 долл. мөлшерінде табыс табады.

    4. Мемлекет шетелдік инвесторларға пайыз түрінде 1708 долл. мөлшерінде табыс төлейді.

    5. Берілген мемлекет азаматтарының туризмге шығындары 1818 долл.

    6. Берілген мемлеқеттің туризмнен алатын табы­сы 1670 долл.

    7. Мемлекетгің біржақгы трансферггері 2472 долл. тең.

    8. Мемлекеттен капиталдың кетуі 4282 долл.

    9. Мемлекеттен капиталдың түсімі 6565 долл.

Осы мәліметтерді қолданып, ағымдагы шоттың айырмасын, мемлекеттің қаржылық шотын және төлем балансын есептендер;

Шешімі:

а)Агымдаг шоттың айырмасы = (тауа экспорты+туризм қызметінің экспорты+ шетелден факторлық табысы)-(тауар импорты+қызмет көрсету импорты+шетелдік инвесторларға пайыздық төлемдер+біржақты трансфеттер) = (24780+1670+4122) - (26857+1818+1708+2472) = -2283 долл.

Капитал шотының айырмасы = (капитал түсімі — капитал кетісі) = 6565 - 4282 = 2283 долл.

Толем балансының айырмасы = ағымдағы шоттың айырмасы + капитал шотының айырмасы= -2283 + 2283=О

Есеп №11

Экономика жағдайы келесі көрсеткіштермен берілген:

  • Мемлекеттік шығындар (G) = 1600

  • Мемлекеттік трансферттер (TR) = 200

  • Мемлекеттік қарыз бойынша %-ды төлеу (N) = 200

  • Салықтар (Т) = 1900

Табу керек:Мемлекеттік жинақтар;

Шешімі:

Мемлекеттік қор жинақтары мынаған тең:

Sg = T-TR-N-G

Sg = 1900 - 200 - 200 - 1600 = -100

Есеп №12

Кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша М1 , М2, М3 ақша агрегаттарының көлемін анықтандар.

млрд. тг

Аз көлемді қысқа мсрзімді салымдар

1630

Кеп колемді қысқа мерзімді салымдар

645

Чектік салымдар

448

Чексіз жинақтык салымдар

300

Қолда бар акша

170

Шешімі:

М1= қолда бар ақша + чектік салымдар;

М2 = М, + чексіз жинақтық салымдар + аз көлемді кысқа мерзімді салымдар;

М3 = М2 + көп көлемді қысқа мерзімді салымдар;

М1 = 170 + 448 = 618 млрд. тг.

М2 = 618 + 300 + 1630 = 2548 млрд. тг.

Мз = 2548 + 645 = 3193 млрд. тг.

Есеп №13

Экономика келесідей мәліметтермен берілген.

С = 20 + 0,8 (Y-T+F) (тұтыну)

I = 60 (инвестиция)

Т = 40 (салықтар)

F = 10 (трансферттер)

G = 30 (мемлекеттік шығын)

Тепе-тендік кіріс деңгейін есептеңдер.

Шешімі:

Кірістердің тепе-теңдік деңгейін табу үшін С, I, Т, F, G, көрсеткіштерінің мәнін негізгі макроэкономикалық теңдікке қойып У-ті табамыз. Ү = 20 + 0,8 (Ү - 40 + 10) + 60 + 30Алгебралық өрнектеуден кейін келесі мәнді аламыз.

Ү = 430.

Есеп №14

Коммерциялық банктің резерв сомасы 230 млн. теңге, ал депозиттер көлемі 800 млн. теңге. Депозиттегі міндетті резерв нормасы 25%. Егер банк өзінің барлық артық резервтеріне несие беретін болса, ақша ұсынысы қалай өзгеруі мүмкін?

Шешімі:

20%-дық резервтеу нормасында міндетті резервтер Rr = 800 х 0,25 = 200 млн. теңге;

Бұдан шығатын артық резервтер мынаған тең:

Re = 230 - 200 = 30

Егер олардың барлығы несие беруге жұмсалса, онда қосымша ақша ұсынысы келесідей болады:

AM = 30 • (1/0,25) = 120 млн. теңге

Бұл жағдайда біз тек банктік мультипликаторды ғана (1/гг) қолдана аламыз. Себебі бізде ақша базасы және қолма-қол ақшаның депозиттерге қатынасы туралы мәліметтер жоқ. Алынған сома ақша ұсынысының ең жоғары шегі қаншага артуы мүмкін екенін көрсетеді.

Жауабы: 120 млн. теңге.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]