Шешімі: 7
Есеп №1
Экономикада келесі мәліметтер берілген (млрд. теңге)
Трансферттік төлемдер 6,0
Жалпы ішкі инвестициялар 18,4
Бизнеске салынатын жанама салық 9,0
Таза экспорт 2,2
Корпорацияның бөлінбеген пайдасы 4,9
Амортизация 8,9
Жеке түтыну шығындары 88,2
Корпорацияньщ пайдасына салынатын салық 2,6
Әлеуметтік сақтандыру салымдары 0,5
Қызметтер мен тауарларды мемлекеттік сатып алу 9,8
Жеке табыс салығы 4,8
ЖҰӨ көрсеткіштерін және жеке қолда бар табыстың көрсеткіштерін есептеңдер.
Шешімі:
а) Есепте берілген мөліметтер мен шығын бойынша ЖҰӨ-ді есептеуге болады (басқа әдістермен есептеу үшін мәлімет жетіспейді).
Y = C + I + G + Nn
Түтыну шығындарының (88,2), жалпы ішкі инвестицияның (18,4), мемлекеттік шығындардың (9,8) және таза экспорт (2,2) көрсеткіштерін қосамыз. Осыдан ЖҰӨ = 118,6. Қолда бар жеке табыстың көлемін есептеу үшін, біз алдымен таза ұлттық өнімді (ТҰӨ), содан кейін үлттық табысты (ҰТ) және жеке табысты (ЖТ) табуымыз керек.
ТҰӨ = ЖҰӨ — амортизация
ТҰӨ= 118,6 — 8,9 = 109,7
ҰТ = ТҰӨ — бизнеске салынатын жанама салық
ҰТ = 109,7 - 9,0 = 100,7
ЖТ = ҮТ — әлеуметтік сақтандыру салымдары — - корпорацияныңбөлінбеген пайдасы —корпорацияньщ пайдасына салынатын салық + трансферттік төлемдер.
ЖТ = 100,7 - 0,5 - 4,9 - 2,6 + 6,0 = 98,7
Қолда бар табыс жеке табыстан жеке табысқа салынатын салықты алганға тең:
ҚТ = 98,7 ~ 4,8 = 93,9
Есеп №2
Мемлекеттік сатып алу 500, салық функциясы Т = 0,4Ү, трансферт функциясы F = 0,2Ү, баға деңгейі: Р = 1. Пайыз мөлшерлемесі R = 0,1 болғандағы қарыз D = 1000. Нақты өндіріс көлемі 2000, ал әлуетті өндіріс көлемі 2500-ге тең.
Мемлекеттік бюджет сальдосы оң мән бе, әлде теріс мән бе?
Шешімі:
Мемлекеттік бюджет сальдосын шығындар мен кірістерді сәйкестеу негізінде табуға болады.
Мемлекеттік шығындар = мемлекеттік сатып алу (G) + трансферттер (F) + мемлекеттік қарызды өтеуге бағытталган шығындар (D х R) = 500 + 0,2 х х 2000 + 0,1 х 1000 = 1000. Мемлекеттік кіріс-салық түсімдері (Т) = 0,4 х 2000 = 800.
Мемлекеттік бюджет тапшылығы = 1000 — 800 = 200.
Есеп №3
Экономика төменгі мәліметтермен өрнектелген.
Нақты табыс Ү = 4000 долл. Тұтынудың шекті бейімділігі МРС = 0,8. Тепе-тендік табыс Ү* = 4200 долл.
Экономика тепе-тендік жағдайда болуы үшін (Ү* = 4200 долл.) мемлекеттік шығындар қалай өзгеруге тиісті? (Басқа шарттары тұрақты деп жорамалдаймыз.)
Шешімі:
∆Y = ∆Gx мемлекеттік шығындар мультипликаторы (М) (Мұндагы ∆Ү — табыстың өзгерісі. G — мемлекеттік шығындар өзгерісі)
∆Y = Ү * -Ү = 4200 долл. - 4000 долл. = 200 долл.
M
=
=
=
—=5
200 = ∆G х 5 => ∆G = 40, демек
мемлекеттік шыгындар 40 долларға өсті.
Есеп №4
Коммерциялық банктің резерв сомасы 230 млн. теңге, ал депозиттер көлемі 800 млн. теңге. Депозиттегі міндетті резерв нормасы 25%. Егер банк өзінің барлық артық резервтеріне несие беретін болса, ақша ұсынысы қалай өзгеруі мүмкін?
Шешімі:
20%-дық резервтеу нормасында міндетті резервтер Rr = 800 х 0,25 = 200 млн. теңге;
Бұдан шығатын артық резервтер мынаған тең:
Re = 230 - 200 = 30
Егер олардың барлығы несие беруге жұмсалса, онда қосымша ақша ұсынысы келесідей болады:
AM = 30 • (1/0,25) = 120 млн. теңге
Бұл жағдайда біз тек банктік мультипликаторды ғана (1/гг) қолдана аламыз. Себебі бізде ақша базасы және қолма-қол ақшаның депозиттерге қатынасы туралы мәліметтер жоқ. Алынған сома ақша ұсынысының ең жоғары шегі қаншага артуы мүмкін екенін көрсетеді.
Жауабы: 120 млн. теңге.
