Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
HIMIYA Teoriya.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
118.34 Кб
Скачать

Авагадро заңы. Мольдік көлем. Газдардың салыстырмалы тығыздығы

1811 Жылы Авагадро ашқан заң анықтамасы: кез-келген газдың бірдей көлемінде бірдей жағдайда молекулалар саны тең (бірдей) болады.

Кез-келген газ немесе бу күйіндегі заттың 1 моль қалыпты жағдайда 22,4л көлем алады. Бұл көлемді – молярлық көлем деп, оны Vm – деп белгілейді, өлшем бірлігі – л/моль, см3/моль: Vm=22,4 л/моль.

Бірдей көлемдегі, бірдей молекула саны болатын кез-келген газдардың массасының қатынасы, олардың молярлық массасының қатынасындай болады:

Д – газдың салыстырмалы тығыздығы, өлшемі бірліксіз шама. Мұның мәні – берілген газдың массасы осындай көлемдегі басқа газдың массасына қарағанда неше есе ауыр немесе жеңіл екенін көрсеті.

Д – салыстырмалы тығыздықты, әдетте, сутегі бойынша М(Н2)=2г/моль немесе ауа бойынша Мауа=29г/моль анықтайды. Салыстырмалы тығыздығын біле отырып, белгісіз газдың молярлық массасын немесе массасын анықтауға болады: М1М2 немесе m1m2

ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭ

Электродтық потенциал. Нернст теңдеуі. Электродтар түрі. Гальвани-калық элементтер теориясы.

Металдардың активтілігіне байланысты суда немесе өз тұздарының ерітінділерінде олардың ерігіштік қабілеті әр түрлі. Активті металдар тұздарының ерітінділерінде еріп, теріс зарядталады. Пассивті металдар ерітіндісіне батырғанда ерімейді, керісінше ерітіндіде металл бетіне көшіп, оң зарядтайды, аниондар оң пластинкаға тартылып, ерітіндіні теріс зарядтайды. Осы жағдайда қос электрлік қабат пайда болады. Оны электродтық потенциал деп атайды.

Металдың электродтық потенциалының сандық мәні металдың табиғатына, ерітіндідегі иондардың концентрациясына, температураға тәуелді болады. Осы тәуелділікті Нернст теңдеуімен сипаттайды:

Е=E0 + ln аМеz+

Тұрақтыларды орнына қойып есептегенде және натураль логарифмді ондық логарифмге ауыстырғанда Нернст теңдеуі былай жазылады:

Е=E0 + lg аМеz+

Пісіру электроды – пісіру, кесу не балқыту кезінде бұйымға Электр тогын жеткізетін сырық. Пісіру тәсіліне орай металдан, көмірден (пісірілмекші жапсардың сапасын жақсарту мақсатында бетіне легирлеуші, тотықтандырғыш, т.б. қасиет беретін химиялық зат жағылған), т.б. дайындалған электрод түрлері қолданылады. Металл электрод диаметрі 0,3 – 12 мм болып келетін сымнан жасалады.

Пештік электрод – доғалық пештің жұмыстық кеңістігіне электр тогын жеткізіп отыратын элемент. Болат балқытуда көмір мен графитті электрод, ферроқорытпа өндірісінде балқымалы затпен толтырылып отыратын электрод (диаметрі 1,2 м-ге жететін) қолданылады. Доғалық вакуум пешінде қолданылатын электродтың толтырғыш заты ретінде қайта қорытылатын металл (не қорытпа) пайдаланылады.

Гальваникалық электрод – электролитке батырылған не онымен жанасатын электрондық өткізгіш (металл, графит) түріндегі элемент. Ол электролизде, гальвани элементінде, қуатты жарық көздерінде, т.б. пайдаланылады.

Екі жартылай элементтен тұратын жүйе гальваникалық элемент деп аталады. Гальваникалық элементте бір электрод ериді, екіншіде металдар немесе сутегі катиондары тотықсызданады.

Гальваникалық элемент дегеніміз-өздігінен тотығу-тотықсыздану реакциясы жүретін, одан пайда болған энергия электр энергиясына айналатын жүйе.

Гальваникалық элементтерді тізбектей қоса отырып, қуаты бар батерея алады.

Гальваникалық элементтің электр қозғаушы күші ЭҚК, яғни потенциалдар айырмашылығы ЭҚК ретінде табылады. ЭҚК =Ет-шт-сызд-ш, ЭҚК – мәні барлық уақытта оң таңбалы. Сонымен:

ЭҚК=ECu0 – EZn0 =+0,34-(-0,76)=1,1B.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]