- •2. Студент үшін ақпарат:
- •3. Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат:
- •Компетенциялар:
- •Кезеңдердің тізбектелу сызбанұсқасы
- •Тапсырмалардың тізімі(кезеңдер)
- •Кезеңдер бойынша оқте өткізуге арналған жабдықтар тізімі
- •І кезең
- •Іі кезең
- •Ііі кезең
- •1 Кезең
- •Билет №9
- •2 Кезең
- •Билет №9
- •Билет №10
- •3 Кезең Билет №1
- •Билет №2
- •Билет №3
- •Билет №10
- •Бағалау парағы «Қоғамдық денсаулық сақтауға кіріспе» пәні і кезең
- •Іі кезең
- •Ііі кезең
- •Емтихан парағы
- •Емтихан қабылдаушының а.Ж.Т. ___________________________________________________________
- •Емтихан парағы
- •Емтихан қабылдаушының а.Ж.Т. ___________________________________________________________
- •Емтихан парағы
- •Емтихан қабылдаушының а.Ж.Т. ___________________________________________________________
- •Оқте бойынша емтихан тапсырушының аттестациялық қорытынды парағы
- •Оқте нәтижелерін бағалау критерилері
- •Оқте бойынша анкета
- •Оқте бойынша сауалнама
|
ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК №2 қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы |
044 -34/10-43 30
беттің
|
«Қоғамдық денсаулық сақтауға кіріспе» пәні бойынша ОҚТЕ өткізуге арналған әдістемелік нұсқау |
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
«Қоғамдық денсаулық сақтау-2» кафедрасы
Объективті құрылымдық тәжірибиелік емтихан
(ОҚТЕ) өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
Мамандық: 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Пәндер: Қоғамдық денсаулық сақтауға кіріспе
Курс: 2
Шымкент 2014
Әдістемелік нұсқау 5В110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенттеріне «Қоғамдық денсаулық сақтауға» пәнінен объективті құрылымдық тәжірбиелік емтиханды тапсыруға арналған.
Құрастырғандар: Төлтаев Б.С. «Қоғамдық денсаулық сақтау-2» кафедрасының доцент м.а., Төлегенова А.А. «Қоғамдық денсаулық сақтау-2» кафедрасының аға оқытушысы.
Кафедра отырысында талқыланып, бекітілді.
хаттама № «____» __________2014 ж.
Кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., профессор м.а. А.М.Жақсыбергенов
Әдістемелік кеңесте талқыланып, бекітілді.
хаттама № «____» __________2014 ж.
Кіріспе
«Қоғамдық денсаулық сақтауға кіріспе» пәні шын мәнінде болашақ мамандыққа кіріспе болып табылады. Бұл пән қоғамдық денсаулық сақтаудың барлық тарауларын қамтиды. Келесі курстарда тереңдетіп оқытылатын болады.
Студенттер тиімді құрылған денсаулық сақтау жүйесі өмір сүру жасын ұлғайтуға, әлеуметтік-шартты аурулармен аурушаңдықты және жұмысқа жарамды халықтың мүгедектігін азайтуға септігін тигізетінін түсінуі тиіс. Денсаулық сақтау саясаты медицинаның профилактикалық құрамын күшейтуге бағытталуы керек.
Тәжірибиелік дағдыларды бағалауға арналған тапсырмалар тізімі 3 кезеңнен тұрады. Ол қоғамдық денсаулық сақтауға кіріспе бойынша барлық негізгі сұрақтарды, соның ішінде тұрғындар денсаулығы жағдайының көрсеткіштерін есептеу және бағалау, тұрғындар денсаулығын нығайту мен қолайсыз факторлар әсерін жою бойынша ұсыныстарды өңдеуді қамтиды.
Әрбір тәжірибиелік тапсырма жұмыс орнына негізделген (бекеттер), зал сәйкес тапсырманы орындауға қажетті материалдармен жабдықталған. Емтихан тапсырушы барлық тапсырмаларды 25 минутта орындап шығуы тиіс.
Емтихан нәтижелерін бағалау студенттің барлық кезеңдерінде алынған бағаларының қосындысынан шығарылады. Емтихан тапсырушы барлық бекеттерден өту барысында кемінде 10 балл жинау керек.
2. Студент үшін ақпарат:
ОҚТЕ басталар алдында емтихан тапсырушы емтихан комиссиясының хатшысына сынақ кітапшасын тапсырады, тіркеледі, тізімде белгіленеді және жеке код алады.
Емтиханда студент төрағадан тапсырма, қосымша аттестациялық парақ алады және кезеңдерді өту жоспарына сәйкес тапсырмалардыорындауға кіріседі.
Тапсырманы орындау барысында студент:
Критерилерде белгіленген өз әрекеттерінің тізбегін қадағалау керек;
Тапсырмаларды орындау барысындағы өз әрекеттерін нақты және қысқа түрде сипаттау керек;
Тапсырманы орындауға бөлінген уақытты қадағалауы керек;
1-кезең тапсырмасын орындау барысында студент берілген тапсырмалар бойынша тұрғындар денсаулығы жағдайының көрсеткіштерін есептейді;
2-кезең тапсырмасын орындау барысында студент қазіргі компьютерлік технологияларды қолдана отырып мәліметтерді өңдейді;
3-кезең тапсырмасын орындау барысында студент тұрғындар денсаулығын нығайту және қолайсыз факторлар әсерлерін жою бойынша ұсыныстар жасайды.
Емтихан тапсырушы барлық кезеңдер тапсырмаларын орындап болғаннан кейін емтихан комиссиясының хатшысына бағалау парағын тапсырады.
3. Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат:
ОҚТЕ басталар алдында емтихан қабылдаушы «ОҚМФА студентінің оқу жетістіктерін қорытынды бақылаудағы тәжірибиелік дағдыларды және ОҚТЕ технологияларын меңгеруді аттестациялауды ұйымдастыру және өткізу туралы ережелермен» және берілген әдістемелік нұсқаулармен танысады.
Осы әдістемелік нұсқаудың п.5-дегі талаптарға сәйкес кезеңдердің жабдықталуын тексереді.
Тапсырмаларды орындау барысында емтихан тапсырушының тәжірибиелік дағдыларын меңгеруін бағалауда емтихан қабылдаушыға арналған нұсқауларға сүйенеді.
Емтихан тапсырушының тапсырмаларды орындаудағы қадамдық әрекеттерін бағалау мен балл қоюдағы шынайылыққа жауап береді.
Кезеңді орындаудағы қадамдық әрекеттерді бағалайды және балдарды емтихан парағына (1-қосымша) қояды, кезеңдердің балдарының қосындысын емтихан тапсырушының қосымша аттестациялық парағына (2-қосымша) қойылады, параққа қол қояды және оны студентке береді.
Компетенциялар:
Білім:
ғылыми пән ретінде қоғамдық денсаулық сақтаудың теориялық негізін (пәннің мәні мен міндеттері, әдістері, қағидаттары, негізгі терминдері мен ұғымдары);
жеке денсаулық көрсеткіштерін, олардың түрлерін, маңызын, ақпарат көздерін;
қоғамдық денсаулық көрсеткіштерін;
медициналық-демографиялық процестердің негізгі үрдістерін;
ДДСҰ жұмысының міндеттері мен негізгі бағыттарын;
халық денсаулығын нығайтудың негізгі міндеттері, халық денсаулығын нығайту және аурудың алдын алу саясаты мен стратегиясын әзірлеу қағидаттарын.
Үйрену:
халық денсаулығы мен денсаулық сақтау ұйымдары қызметінің көрсеткіштерін бағалау үшін есептеу әдістемесін пайдалануды;
денсаулық жән еденсаулық сақтау ұйымдары қызметінің негізгі көрсеткіштерін түсіндіруді;
денсаулықты нығайту және аурудың алдын алу аспектілерін ажырата білуді және түсіндіруді;
денсаулыққа әсер ететін факторларды анықтауды және талдауды, олардың қоғамдық денсаулық жағдайына қосқан үлесін бағалауды;
денсаулықты нығайты және аурудың алдын алу қажеттілігін негіздеуді.
Қатынас:
қажетті ақпаратты ғаламтордан, ғылыми және мерзімді әдебиеттерден кәсіби түрде іздеуге;
халық арасында саламатты өмір салты қағидаттарын жүзеге асыруға;
экономикалық, биологиялық, географиялық, әлеуметтік-мәдени аспектілердің әсеріне байласты халық денсаулығының статусын анықтауға.
