Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
syzu wpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.84 Mб
Скачать

26. Негізгі көріністер.

Сызбалардағы кескіндер нәрсені іші қуыс текшенің жақтарына тік бұрыштап проекциялау нәтижесінде алынады. Нәрсе текшенің ішінде орналасқан деп қарастырады. Сондықтан текшенің жақтары үлкен болуы керек. Текшенің алты жағы бар, оларды 99, а-суреттегідей етіп белгілейік. Нәрсе текшенің жағы мен бақылаушының аралығында орналасқан деп есептеледі. Текшенің 1 жағындағы нәрсенің тікбұрышты проекциясын оның алдынан қарағандағы көрінісі немесе алдыңғы көрінісі деп атайды. Текшенің 2 жағындағы нәрсенің тікбұрышты проекциясын оның үстінен қарағандағы көрінісі немесе үстіңгі көрінісі деп атайды. Сол сияқты, текшенің 3 жағындағы нәрсенің тікбұрышты проекциясы - сол жақ көрінісі, 4 жағындағы проекциясы - оң жақ көрінісі, 5 жағындағы проекциясы – астыңғы көрінісі және 6 жағындағы проекциясы - артқы көрінісі деп аталады. Сызба алу үшін текшенің жақтарын жайып, оларды бір жазықтықпен беттестіреді (99, ә-сурет). Сонда 1, 3, 4 және 6 жақтардағы көріністер бір деңгейде орналасады, олар өзара горизонталь байланыста болады. 1, 2 және 5 жақтарындағы көріністер вертикаль байланыста орналасады. Алдыңғы көрініс деп отырғанымыз жоғарыда қарастырылған фронталь проекция, үстіңгі көрініс - горизонталь проекция және сол жақ көрініс - профиль проекция екенін аңғару қиын емес. Сызбада проекция осьтерін (х, у және z) жүргізбейді, нүктелердің проекцияларын белгілемейді. Нәрсені оның алдыңғы көрінісі ол туралы мүмкіндігінше толық мағлұмат беретіндей етіп орналастыру керек. Осы айтылғанға байланысты алдыңғы көріністі бас көрініс деп атайды.

5

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]