Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
syzu wpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.84 Mб
Скачать

13.Түйіндесулер.

Түйіндесу деп а сызығынан b сызығына үшінші с сызығының көмегімен біртіндеп өтуді айтады (22, а-сурет). Мұнда а жөне b сызықтары беріледі де, олардың бойынан А және В нүктелерін тауып, оларды с сызығының кесіндісімен қосу керек. Берілген а жене b сызықтарға түйіндесетін сызықтар деп, ал олардың А және В нүктелерін түйіндесу нүктелері деп жөне с сызығын түйіндестіретін сызық деп атаймыз. Енді "біртіндеп өтуді" түсіндірейік. Бұл терминді былайша түсінетін боламыз. Түйіндесетін а сызығы мен түйіндестіруші с сызығының ортақ нүктесі А арқылы өтетін жанамалары бірігулері тиіс. Сол сияқты b және с сызықтарының ортақ нүктесі В арқылы жүргізілген жанамалары да бірігулері тиіс.

Біздер түйіндестіретін сызық шеңбердің доғасы, ал түйіндесетін сызықтар түзулер немесе шеңбердің доғалары болатын жағдайларын ғана қарастырамыз.

Берілген а және b сызықтарын түйіндестіру үшін түйіндесу нүктелерін, түйіндестіретін шеңбердің радиусын және центрін анықтап алу керек. Осы аталған түйіндестіру элементтерінің (олардың жалпы саны төртеу) біреуі берілсе. баскаларын анықтап алуға болады. Кобінесе түйіндестіретін шеңбердің радиусы беріледі, оның центрін және түйіндесу нүктелерін анықтауға тура келеді.

Түйіндесетін сызық ш е ң б е р болса, түйіндестіретін шеңбердің центрі түйіндесу нүктесін берілген шеңбердің центрімен қосатын түзудің бойында жатады. Түйіндесетін сызық т ү з у с ы з ы қ болса, түйіндестіретін шеңбердің центрі түйіндесу нүктесі арқылы берілген түзуге перпендикуляр етіп жүргізілген түзу бойында болады.

Берілген түзу екінші бір сызықпен радиусы R ше4бер арқылы түйіндесетін болса, оныү центрі берілген түзуден кашықтығы |R|-ге тең, оған параллель екі түзудіү біреуінің бойында жатады (22, ә-сурет).

Түйіндесудікі

2.Пішім. Сызбаны кез келген өлшемдегі қағазға орындауға болмайды. Сызбаны өлшемдері келісім бойынша тағайындалған қағазға салады. Өлшемдері тағайындалған сызба сызба салуға арналған қағазды пішім (формат) деп атайды. Формат француз сөзі, қазақ тілінде сыртқы өлшемі деген мағына береді. Көбіне төменде қарастырылған төрт пішімнің біреуі қолданылады.

Пішім А1: ұзындығы – 841 мм, ені – 594 мм.

Пішім А2: ұзындығы – 594 мм, ені – 420 мм.

Пішім А3: ұзындығы – 420 мм, ені – 297 мм.

Пішім А4: ұзындығы – 297 мм, ені – 210 мм.

Ватманға сызбаны салмай тұрып, пішімнің шетін көрсететін сызықтарды жүргізіп алу керек. Пішімнің шеті тіктөртбұрыш болуы шарт. Одан кейін сызбаның өрісін шектейтін рамка деп аталатын тіктөртбұрыш салынады. Сызбадағы рамканы қағаздың үстіңгі, оң және төменгі шетінен 5 мм, ал сол жағынан 20 мм қашықтықта жүргізеді. Қағаздың сол жағындағы ені 20 мм болатын жолақ пішімдерді (сызбаларды альбом түрінде) тігу үшін қалдырылады. Сызба салып болғаннан кейін пішімнің шетін айналдыра қиып, қағаздың артығын кесіп тастайды. Өлшемдері жоғарыда көрсетілген пішімдер негізгі пішімдер деп аталады. Негізгі пішімдерге ауданы 1м2, ал қабырғаларының қатынасы 1 : √2 болатын АО(841 х 1189) пішімін де жатқызады. Керек болған жағдайда А5(148 х 210) пішімін немесе қысқа қабырғасын бүтін санға көбейту арқылы алынатын қосымша пішімдерді де пайдалануға болады. Мысалы: А4 х 3 (297 х 631); АО х 2(1189 х 1682).

3.Масштаб. Үйлердің, машиналардың сызбаларын салу үшін олардың өлшемдерін кішірейтіп алмаса болмайды (пішімге сыймайды). Өте кіші денелердің сызбалары анық және түсінікті болуы үшін оларды үлкейтіп салуға тура келеді. Әрине, ең жақсысы – нәрсенің өз өлшемін өзгертпей салу. Нәрсенің нақты шамасынан кескін неше есе үлкен немесе неше есе кіші екенін көрсететін санды масштаб деп атайды. Дәлірек айтқанда, масштаб дегеніміз – нәрсенің сызбадағы ұзындығының оның натурал ұзындығына қатынасы (бөлшек сан). Сызбаларды орындағанда мынадай масштабтардың бірін таңдап алуға болады:

а) кішірейту масштабтары: 1 : 2; 1 : 2,5; 1 : 4; 1 : 5; 1 : 10; 1 : 15; 1 : 20;

1 : 25; 1 : 40; 1 : 50; 1 : 75; 1 : 100; 1 : 200; 1 : 400; 1 : 500; 1 : 800;

1 : 1000;

ә) нақты шама: 1 : 1;

б) үлкейту масштабтары: 2 : 1; 2,5 : 1; 4 : 1; 5 : 1; 10 : 1; 20 : 1; 40 : 1;

50 : 1; 100 : 1.

Мсаштабты М әрпімен белгілейді. Мысалы, М 1 : 4 – сызбада нәрсе 4 есе кішірейтіліп, ал М 2 : 1 – екі есе үлкейтіліп сызылатынын көрсетеді.

5.Қаріп деп әріптердің, цифрлардың және сызбаларда қолданылатын белгілердің жиынын айтады.ғылымда, техникада, сәулет өнерінде неше түрлі қаріптер пайдаланылады. Сызба салу, оларды іс жүзінде қолдану тәжірибесін қорытудың нәтижесінде сызбадағы өлшемдердің шамасын көрсету және жазуларды орындау үшін қалыптасқан арнаулы сызба қаріптері қабылданған.

Қаріптің өлшемі (Һ) деп бас әріптердің милиметрмен есептелген биіктігіне тең шаманы айтады. Бас әріптердің биіктігі (һ) жазу жолына перпендикуляр бағытта өлшенеді.

Сызба қарпінің қабылданған өлшемдері: 1,8 (ұсынылмайды), бірақ рұқсат етіледі); 2,5; 3,5; 5; 7; 10; 14; 20; 28; 40. Қаріп сызығының жуандығын d әрпімен белгілейді. Сызба қарпінің төменде аталған төрт түрі белгіленген: тік және көлбеу А түріндегі (d = . һ), тік және көлбеу Б түріндегі (d = . һ) қаріптер. Көлбеу қаріптер жазу жолына 75 -қа тең бұрыш жасап көлбейді. А және Б түріндегі қаріптің өлшемдерін кестеден көрсетеміз.

Кіші әріптердің биіктігі (с) қаріп өлшемінің (А түріндегі қаріптер үшін) немесе (Б түріндегі қаріптер үшін) бөлігіне тең болады. Әріптің ерекшелігін көрсетіп, жазуды жеңілдету үшін көмекші тор пайдаланылады. Көмекші тор сызықтарының арақашықтығын қаріп сызығының жуандығына тең етіп алады. Әріптердің арақашықтығын қаріп сызығының жуандығынан екі есе үлкен етіп алады. Бірақ көршілес сызықтары параллель болмайтын әріптердің арақашықтығын екі есе, яғни қаріп сызығының жуандығына азайтуға болады. І әрпінен кейін А немесе Д әріптерінің біреуі жазылса, онда олардың аралығы үлкейіп көрінеді, сондықтан арақашықты кемітеді. Кіші әріптің биіктігі өлшемі кішірек келесі қаріптің өлшеміне тең. Мәселен, қаріптің өлшемі 14 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 10, ал қаріптің өлшемі 10 болғанда, кіші әріптердің биіктігі 7 және с.с. болады.

6. Ең алдымен оқушыларға сызбаға өлшемдерді түсіру жайлы түсіндіріп кетеміз. Сызбада кескінделген нәрсенің шамасын көрсету үшін өлшем сызықтарын жүргіземіз де, оның үстіне өлшем сандарын жазамыз. Өлшем сандары сызбаның масштабына байланыссыз болады: олар сызбасы сызылған нәрсенің нақты өлшемдерін көрсетеді. Сызбадағы өлшемдердің жалпы саны мүмкіндігінше аз болуы, бірақ нәрсені жасап шығару және оның өлшемдерін бақылау үшін жеткілікті болуы керек. Нәрсенің бір бөлігінің өлшемдерін әр кескінде қайталаудың қажеті жоқ.

Өлшемдерді сызықтық және бұрыштық деп екіге бөледі. Сызбада сызықтық өлшемдерді миллиметрмен көрсетеді; өлшем бірліктері жазылмайды. Бұрыштық өлшемдерді градус, минут және секундпен есептеп, өлшем бірліктерін көрсетіп жазамыз: 30º45º´20´´; 0º50´; 75.

Өлшем сандарының биіктігін 5 мм етіп жазған дұрыс. Өзара параллель көршілес өлшем сызықтарының аралығы 7 мм-ден және өлшем сызығы мен оған жақын нұсқа сызығының аралығы 10 мм-ден кем болмауы керек.

Өлшем сызықтарын мүмкіндігінше сызбадан тыс орналастыру керек. Өлшем сызығы мен шығару сызығының өзара қиылыспауын қадағалау қажет. Шығару сызығын нұсқамадан әрі 1...5 мм-ге созады. Диаметрдің өлшем санының биіктігіндей, өлшем сызығына 65º бұрыш жасап көлбейтін кесіндімен қиылысатын диаметрі 4 мм-ге тең шеңберден тұрады.

Радиусты анықтайтын өлшем санының алдына радиус белгісі қойылады.

Сызықталған ауданда мүмкіндігінше өлшем сызығын жүргізбеуге тырысу керек. Ал егер осы ауданда өлшем сызығын жүргізу қажет болса, шығару сызығын жүргізіп, өлшем санын оның баспалдағына жазу керек.

Бұрыштың өлшемін көрсету үшін өлшем сызығының центрі бұрыштың төбесінде жататын доға түрінде жүргізеді. Бұрыштың төбесі арқылы өтетін горизонталь сызықтан жоғары орналасқан бұрыштың өлшем сандары доғаның сырт жағына жазылады да, ал аталған горизонталь сызықтан төмен орналасқан бұрыштың өлшемдері доғаның ішкі жағына жазылады.

Егер сызықталған ауданда өлшем санын жазуға мәжбүр болсақ, онда шығару сызығын жүргізіп, оны сәкісіне жазу керек. Радиус неғұрлым ұлкен болып, оның центрі қағаз бетінен тыс орналасқан жағдайда өлшем сызығын сынық сызық түрінде көрсетуге болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]