- •Қарапайым тілік.
- •Көлбеу қиманы салу.
- •Көріністерді салудағы шарттылықтар мен ықшамдаулар.
- •Қималарды салудағы шарттылықтар мен ықшамдаулар.
- •Тіліктерді салудағы шарттылықтар мен ықшамдаулар.
- •Шығарылған элемент.
- •Стандарт аксонометриялық проекциялар. Мест 2.317-69
- •13.Түйіндесулер.
- •7,8. Кесіндіні және шеңберді тең бөліктерге бөлу.
- •26. Негізгі көріністер.
Тілік пен қима. Олардың айырмашылығы. Қиюшы жазықтықтың орнын және тілік пен қиманы белгілеу.
Тілік дегеніміз – бір немесе бірнеше қиюшы жазықтықтармен ойша қиғанда алынатын нәрсенің кескіні. Бақылаушы мен қиюшы жазықтық арасындағы нәрсе бӛлігі ойша алынып, проекция жазық- тығына нәрсенің қиюшы жазықтыққа түскен және оның артындағы кескіні салынады. Тілік орындау нәтижесінде үзік сызықтармен кӛрсетілген нәрсенің ішкі кескіндері кӛрінетін болады да, олар тұтас негізгі сызықтармен сызылады. Қиюшы жазықтыққа түскен кескін 2.306-68 МСТ ережесіне сәйкес штрихталуы керек. Қималар. Нәрсені бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиғанда алынатын фигура кескіні қима деп аталады. Тіліктен айырмашылығы, қимада қиюшы жазықтыққа түскен кескін ғана кӛрсетіледі, ал оның артындағылар кескінделмейді. Қиманы ӛз алдына кескін ретінде мынадай тетікбӛлшектерде қолдануға болады: рычагтар, стойкалар, тесіктері мен ойықтары бар біліктер, рукоятки, спицы и др. Тілік құрамына кірмейтін қималар оңашаланған және қабаттасқан болып бӛлінеді. Қабаттасқан қималар нәрсе кескініне орындалып, тұтас жіңішке сызықпен кӛрсетіледі, кескін контуры қима орналасқан жерден үзбей сызылады (2.20 сур. б). Оңашаланған қималар сызбаның бос жеріне немесе нәрсе кескінін үзіп, сол жерге орындалуы мүмкін. Оңашаланған қималар тұтас негізгі сызықпен сызылады. Егер қиюшы жазықтық тесік немесе ойықты шектейтін айналу бетінің осі арқылы ӛтсе, онда тесік немесе ойық контуры қимада тұтас кӛрсетіледі. Қиюшы жазықтықтардың орны сызбада қима сызығымен кӛрсе- тіледі. 2.303-68 МЕСТ бойынша қима сызығы үшін жуандатылған үзік сызық қолданылады. Қарапайым тіліктер үшін қиюшы жазықтықтың бастапқы және шеткі сызықтары сызылады (2.11 сурет), ал күрделі тіліктер үшін – бастапқы, бұрылған жері және шеткі сызықтары (2.15, 2.16 суреттер). Бастапқы және шеткі қима сызықтары нәрсе кескіні контурларын, шығарма және ӛлшем сызықтарын қиып ӛтпеуі керек. Қима сызығына перпендикуляр етіп қарау бағытын кӛрсететін нұсқама қойылады. Нұсқамалар сызық шетінен 2-3 мм қашықтықта салынады (2.5, 2.15, 2.16 суреттер). Әр нұсқаманың қасына бірдей бас әріп қойылуы керек. Тілік үстіне қиюшы жазықтықты кӛрсеткен әріптер сызықша арқылы жазылады (2.11, 2.15, 2.16 суреттер). Егер қарапайым тілікте қиюшы жазықтық тетікбӛлшектің симметрия жазықтығымен беттеспесе, белгіленеді (2.11, А-А тілігі). Егер қиюшы жазықтық тетікбӛлшектің симметрия жазықтығымен беттесіп, сәйкес кескіндер сол бетке проекциялық байланыста орналасса және олардың арасын басқа кескіндер бӛліп тұрмаса, қарапайым тіліктер белгіленбейді
Қарапайым тілік.
Қиюшы жазықтықтардың санына қарай тіліктер қарапайым және күрделі болып бӛлінеді. Бір ғана қиюшы жазықтықпен орындалған тілік қарапайым тілік деп (2.11 сурет), ал бірнеше қиюшы жазық- тықпен орындалған тілік – күрделі деп аталады. Нәрсенің ӛлшемдеріне қатысты қиюшы жазықтықтардың орналасуына байланысты тіліктер кӛлденең және ұзына бойлай деп бӛлінеді. Қиюшы жазықтықтар нәрсенің ұзындағын немесе биікті- гін бойлай ӛтсе кӛлденең. ал нәрсе- нің ұзындығына немесе биіктігіне перпендикуляр бағытталған болса, олар ұзына бойлай орындалған тілік деп аталады.
Горизонталь тілік. Қиюшы жазықтықтардың орналасуына сәйкес тіліктер кӛлденең, тік және кӛлбеу болып бӛлінеді. Қиюшы жазықтық горизонталь проекция жазықтығына параллель болса, кӛлденең тілік деп аталады
Вертикаль тіліктер.
Горизонталь проекция жазықтығына перпендикуляр қиюшы жазықтықпен орындалған тілік – тік немесе вертикаль тілік деп аталады Егер вертикаль тілік фронталь қиюшы жазықтықпен орындалса, фронталь тілік (А – А) (2.9 сурет) деп, ал профиль қиюшы жазық- тықпен орындалса, профиль тілік (Б – Б) (2.9 сурет) деп атайды.
Көлбеу тілік.
Қиюшы жазықтық гори- зонталь проекция жазық- тығына қандай да бір бұрыш жасай орналасса, кӛлбеу тілік деп атаймыз
Күрделі тілік.
Екі немесе одан да кӛп қиюшы жазықтықтармен алынған тіліктер күрделі тіліктер деп аталады. Күрделі тіліктерді орындау кескіндер санын азайтуға мүмкіндік береді, себебі бір кӛрініске бірнеше қиюшы жазықтықтар қолдана отырып, оның әр бӛлігіндегі ішкі формасын анықтай аламыз.
Сатылы тілік.
Сатылы тіліктер ӛзара параллель қиюшы жазықтықтармен орындалады Кескіндерді бұрмаланусыз шартты түрде кӛрініс жазықтығына параллель жазықтыққа беттестіреді. Мұндайда бұру бағыты (2.17 сурет) қарау бағытымен сәйкес келмеуі де мүмкін. Қиюшы жазықтықтарды бұрғанда оның артындағы нәрсе элементтерін бұрудың қажеті жоқ. Олар бастапқы күйінде сәйкес жазықтыққа проекцияланып алынады
Сынық тілік.
Сынық тіліктер 90º-қа тең емес қиылысқан жазықтықтармен орындалады (2.16 – 2.18 суреттер). Кескіндерді бұрмаланусыз шартты түрде кӛрініс жазықтығына параллель жазықтыққа беттестіреді. Мұндайда бұру бағыты қарау бағытымен сәйкес келмеуі де мүмкін. Қиюшы жазықтықтарды бұрғанда оның артындағы нәрсе элементтерін бұрудың қажеті жоқ. Олар бастапқы күйінде сәйкес жазықтыққа проекцияланып алынады
Қима
Нәрсені бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиғанда алынатын фигура кескіні қима деп аталады. Тіліктен айырмашылығы, қимада қиюшы жазықтыққа түскен кескін ғана кӛрсетіледі, ал оның артындағылар кескінделмейді.
Қима деп нәрсені жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан фигураның кескінін айтады. Қимада нәрсе ойша кесіледі де, оның қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі ғана кескінделеді. Нәрсенің қиюшы жазықтықтың арғы және бергі жағында орналасқан бөліктері қимада сызылмайды.
Сызбада қима фигурасын штрихтап көрсетеді. Штрихтау тұтас жіңішке сызықпен орындалады. Оның жуандығы шамамен s/ 3-ке тең деп жоғарыда айтылды. Штрихтау 45 –қа тең бұрышпен көлбейтін және ара қашықтықтары 2-2,5мм болатын сызықтармен жүргізіледі. Қиюшы жазықтықтың сызбадағы орны үзік сызықпен көрсетіледі. Бұл жуан сызық қима сызығы деп аталады. Ол негізгі контурды қиып өтпеуге тиіс. Қима сызығына перпендикуляр етіп екі жіңішке тұтас сызық жүргізіледі. Бұл екі жіңішке сызықтың ұштары нұсқамалармен аяқталады. Нұсқамалардың жанына орыс алфавитінің бас әріптері жазылады. Қиманы сызбада бос орынға салуға болады. Бұл жағдайда қиманың жоғары жағына “А-А” немесе “Б-Б” деп жазылады, яғни орыс алфавитінің бас әрпі сызықша арқылы екі рет жазылады да, астынан жіңішке тұтас сызық жүргізіледі. Қима сызбада түрліше орналасады. Сызбадағы орналасуына қарай қима қабаттасқан және оңашаланған қималар болып ажырайды. Қабаттасқан қима нәрсенің көрінісін шектейтін сызық жіңішке тұтас болады. Оңашаланған қима сызбада бос орынға салынады, оны негізгі тұтас жуан сызықпен шектейді. Негізгі тұтас жуан сызық нәрсенің көрінетін контурының кескіні үшін де қолданылатынын айта кетеміз. Көбіне оңашаланған қима қолданылады. Қабаттасқан қима нәрсе көрінісін оқуды қиындатады, ал кейде қиманың өзін де түсіну қолайсыз болады. Оңашаланған қиманы қима сызығының созындысына орналастыруға болады. Егер қима фигурасы осы сызыққа қарағанда симметриялы болса, онда қима жазықтығының орны көрсетілмейді және қиманың жоғарғы жағына ешқандай белгі қойылмайды. Бұл жағдайда осьтік сызық қима сызығы болып табылады. Қима фигурасы симметриялы (берілген нәрсе симметриялы) болса, қабаттасқан қимада нұсқамалары бар үзік сызық жүргізілмейді. Егер нәрсе симметриялы болмаса, онда нұсқамалары бар үзік сызық жүргізіледі, бірақ әрптермен белгіленбейді. Сызба ықшам болу үшін оңашаланған қиманы көрініс бөліктерінің аралығындағы үзікке орналастыруға болады. Нәрсенің шартты түрдегі үзілісі жіңішке ирек сызықпен көрсетілетіні белгілі. Жоғарыдағы ережелердің бұл жағдайға да қатынасы бар. Егер нәрсе симметриялы болса, қима сызығы көрсетілмейді, ал қима фигурасы симметриялы болмаса, жуан үзік сызық жүргізіліп, қимаға қарау бағыты нұсқамамен көрсетіледі, бірақ әріптермен белгіленбейді. Нәрсенің бірнеше қималары бірдей болуы мүмкін. Осындай бірдей қималар үшін қима сызықтарын да бірдей әріптермен белгілейді және бір қимасы (Б-Б) олардан өзге болатын тетікбөлшек сызбасы сызылған. Өзара тең үш қиманың орнына бір қима сызылған. Кейде оңашаланған қиманы сызбада бұрып та оналастырады. Бұл жағдайда А-А немесе Б-Б жазуынан кейін бұрылу белгісі салынады. Бұрылу белгісінен төмен орналастыруға да болады. Егер мұндағы қиюшы жазықтықтар әр түрлі бұрыш жасап бағытталса, онда бұрылу белгісін салмайды.
Егер қиюшы жазақтық тесікті немесе шұңқырды шектейтін айналу бетінің осі арқылы өтсе, онда тесіктің немесе шұңқырдың контуры толық көрсетіледі. Тетікбөлшектің шұңқыры және ойығы бар.
Әдетте, қима фигурасы өзіне сәйкес көрініс қандай масштабта сызылса, ол да сондай масштабта сызылады. Бірақ керек болған жағдайда қиманы басқа масштабта сызуға болады. Бұл жағдайда қима белгілерінің (А – А немесе Б – Б әріптерінің ) төменгі жағына оның масштабы жазылады.
Қабаттасқан қима.
Қабаттасқан қима нәрсенің көрінісін шектейтін сызықтардың ішінде орындалады. Қабаттасқан қима фигурасын шектейтін сызық жіңішке тұтас болады Қабаттасқан қима нәрсе көрінісін оқуды қиындатады, ал кейде қиманың өзін де түсіну қолайсыз болады.
Оңашаланған қима.
Сызбадағы орналасуына қарай қима қабаттасқан және оңашаланған қималар болып ажырайды. Оңашаланған қима - сызбада бос орынға сызылады, оны негізгі тұтас жуан сызықпен шектейді. Қиюшы жазықтықтың орны үзік сызықпен көрсетіледі, қарау бағыты нұсқамамен анықталады және бас әріптермен белгіленеді. Қималарды бірін екіншісінен ажырататын бұл әріптер қиманың үстіңгі жағына сызықша арқылы жазылады. Қиманы бұрып та сызуға болады, ал масштабы өзге болса, оны да көрсету керек, мысалы, Б-Б қимасы. Негізгі көрініспен тікелей проекциялық байланыстағы симметриялы қима белгіленбейді.
Нәрсе кескіні үзіктерінің аралығына орналасқан қима.
Егер қиюшы жазықтық тесік немесе ойықты шектейтін айналу бетінің осі арқылы ӛтсе, онда тесік немесе ойық контуры қимада тұтас кӛрсетіледі
