- •51) Шөмішті және қалақшалы конвейерлердің қолдануы
- •52) Тарту элементі жоқ конвейерді жіктеу, ерекшеліктері, қолдану өңірі, қай салада қолданылады?
- •53) Бұрандалы конвейердің түрлері, қолданылуы, негізгі элементтері.
- •Конвейер құрылымы
- •54)Бұрандалы конвейерлерде сусымалы материалдарды тасымалдау әдістерін түсіндіріңіз?
- •55)Бұрандалы конвейерде қолданылатын, бұранданың түрлері, қалай таңдайды негізгі параметрлері.
- •56)Бұрандалы конвейерді есептеу және жобалау.
- •57)Жүктерді айналып тасымалдауға арналған құбырлардың түрлері, қолданылуы, ерекшеліктері.
- •58)Жүктерді айналып тасымалдайтын құбырлардың өнімділігі мен қажетті қуатын қалай анықтайды?
- •59)Роликті конвейер дегеніміз не? Олардың қолданылуы, ерекшеліктері неде?
- •60)Роликті конвейердің негізгі элементері, түрлері, автокөлік шаруашылығында қолдануы.
58)Жүктерді айналып тасымалдайтын құбырлардың өнімділігі мен қажетті қуатын қалай анықтайды?
59)Роликті конвейер дегеніміз не? Олардың қолданылуы, ерекшеліктері неде?
Роликті конвейерлер деп - рольганг осімен стационарлық роликтер немесе дискілер бойынша тасымалданатын əртүрлі көлемді дара жүктерге арналған тасымалдау құрылғыларын атайды. Тасымалдаудың қажетті шарты жүктердің беті тегіс немесе тура сызықты қырлары (құбыр тəрізділер үшін) болу керек. Роликті конвейерді жетекші жəне жетекші емес түрге бөледі. Жетекші емес конвейерлерде жүк ролик төсемінің аздаған еңістік бағытына қарай тікелей сыртқы қозғалыс күшімен жылжып тұрады. Жетекші конвейерлердегі тасымалданатын жүк топтасқан немесе жеке жетектік құрылғыдан айналатын тіреуіш роликтерімен ілінісу күші арқылы тасымалданады. Роликтер арасындағы қашықтық жүк əрдайым екі роликте жататындай болу керек.
Роликті конвейерлерді цех ішіндегі операциялар арасында орналасқан тасымалдау құралы ретінде, сондай-ақ жүк тиейтін- түсіретін жəне қоймадағы жұмыстарды орындау үшін пайдаланады. Роликті конвейерлердің элементтерін көптеген жүк тиейтін жəне түсіретін құрылғылардың, пакет құрайтын машиналардың құрамалы бөлшектері ретінде, басқа көтеру- тасымалдау машиналары жəне технологиялық жабдықтармен қатар жеке жүктерді қабылдау жəне жіберудің технологиялық жұмыстарына орындау үшін пайдаланады.
60)Роликті конвейердің негізгі элементері, түрлері, автокөлік шаруашылығында қолдануы.
Жылжымалы роликті конвейерлердің секцияларын дөңгелекке келтіреді (11.6г-сурет), ал көлбеу бұрышын реттеу үшін тіреулерді (тағандарды) жылжымалы (суырмалы) етіп жасайды.
11.6-сурет. Роликтік конвейерлердің сұлбасы: а–жетекші емес тұрақты; ə,б,в–конусты тісті, шынжырлы жəне белдікті берілістері бар жетекші; д–жылжымалы жетекші емес; 1–ролик; 2–жетек; 3–конустық тісті беріліс; 4–тізбекті беріліс; 5–белдікті беріліс; 6–редуктор; 7–шынжырлы беріліс
Цилиндрлікті роликтердің орнына көптеген жағдайда дискілік роликтерді пайдаланады, оларды арнаулы шариктік подшипниктерде жылжымайтын осьтерде орнатады. Осындай дискілік конвейерлерді қозғалмалы етіп жасайды.
Қозғалмалы дискілі конвейерлердің ені 160, 250, 400 жəне 650 мм болады. Конвейердің бойлық бағытындағы дискілердің адымы 40, 80 жəне 160 мм; көлденең бағыттағы дискілер адымы бойлық бағытындағы дискілер адымына қарағанда (0,5…1,0) құрайды. Жетекші емес роликті конвейерлердің қиылысы мен тармақталуы арнаулы өтпелі секцияларда болады, рельстерді жолға бұру тетігі сияқты орын ауыстырады. Қиылыстарда конвейердің арнаулы секциялары бұрылатын шеңберде құрастырылады жəне бір немесе басқа конвейердің ұзындығы бойымен орналастырылады. Жетекші роликті конвейерлер металлургиялық жəне ағаш өңдейтін өндірісте, дайындау цехтарында, қоймаларда əрі басқа конвейерлердің жолдарында немесе басқа технологиялық жабдықтарда (бояйтын, кептіретін, салқындататын, т.б.) кең таралған. Осы конвейерлер арқылы жүкті 5-тен 6˚-қа дейін көтеріп тасымалдауға болады. Жүкті жылжыту оны роликпен іліп алу арқылы іске асырылады. Жетекші роликті конвейерлердің роликтері топтасқан жəне жеке жетекті болады. Əр роликтің жеке жетегі (ауыр жұмыс жағдайларында) болуы мүмкін. Соңғы жағдайда əр роликті айналдыру үшін басқа құрылғылар (шынжыр, арқан, белдік, бірқатар тісті дөңгелектер жəне т.б.) қарастырылған. 11.6ə-суретте ролик білігінің соңында орнатылған конустық беріліс пен бойлық білігі жетегінің сұлбасы көрсетілген. Біліктері сыртындағы подшипниктерде айналып тұрады. Ауыр жұмыс жағдайына арналған осындай типті конвейерлерді кері айналатындай етіп жасайды. 11.6б-суретте роликтердің соңына екі шынжырлы жұлдызшалар орналасқан, қысқа жетекші шынжыр арқылы екі роликті біріктіретін жетектің сұлбасы көрсетілген. 11.6в-суретте белдікті берілістері бар жетек көрсетілген: роликтердің 1 астына редуктор 6 арқылы электрқозғалтқыштан жəне шынжырлы берілісі 7 бар жетекті жеңіл ленталық конвейерді 5 орнатады. Лентаның жоғарыдағы тармағы роликке қысылып, қозғалыс болған кезде роликтерді айналдырады.
