- •51) Шөмішті және қалақшалы конвейерлердің қолдануы
- •52) Тарту элементі жоқ конвейерді жіктеу, ерекшеліктері, қолдану өңірі, қай салада қолданылады?
- •53) Бұрандалы конвейердің түрлері, қолданылуы, негізгі элементтері.
- •Конвейер құрылымы
- •54)Бұрандалы конвейерлерде сусымалы материалдарды тасымалдау әдістерін түсіндіріңіз?
- •55)Бұрандалы конвейерде қолданылатын, бұранданың түрлері, қалай таңдайды негізгі параметрлері.
- •56)Бұрандалы конвейерді есептеу және жобалау.
- •57)Жүктерді айналып тасымалдауға арналған құбырлардың түрлері, қолданылуы, ерекшеліктері.
- •58)Жүктерді айналып тасымалдайтын құбырлардың өнімділігі мен қажетті қуатын қалай анықтайды?
- •59)Роликті конвейер дегеніміз не? Олардың қолданылуы, ерекшеліктері неде?
- •60)Роликті конвейердің негізгі элементері, түрлері, автокөлік шаруашылығында қолдануы.
54)Бұрандалы конвейерлерде сусымалы материалдарды тасымалдау әдістерін түсіндіріңіз?
Бұрандалы конвейерлер жантайған (горизонтқа қарай 20°-қа дейінгі бұрышпен) (11.2б-сурет), ал цементті тасымалдау үшін (тігінен жантайған (вертикальдік) (11.2ə-сурет) түрде орналасады. Вертикальді конвейерлер материалды итеріп тұратын горизонтальдік бұрандалы қоректендіргіштерден жүкті қабылдап тұрады. Вертикальді конвейердің бұрандасы 8 вертикальдік құбырда 16 орналастырылған жəне горизонтальдік
Көтеру-тасымалдау машиналары
319
қоректендіргіштен 17 берілетін жүкті үлкен жылдамдықпен айналдырып қабылдап тұрады. Вертикальдік құбырды толтыратын материалдың ортадан тепкіш күші жүкті айналдырған кезде құбырдың шеттеріне жабыстырып тастайды. Осының салдарынан тангенциалдық үйкеліс күші пайда болады жəне бұрандамен қатар айналатын материал гайка сияқты айналып тұрады. Оның жүріс ізі аз адымды бұрандалы сызықты білдіреді.
55)Бұрандалы конвейерде қолданылатын, бұранданың түрлері, қалай таңдайды негізгі параметрлері.
Құрылымы бойынша бұрандаларды тегіс (11.3 а-сурет), ленталы (11.3 ə-сурет), фасондық (11.3 б-сурет), қалақшалы (11.3 е-сурет) деп бөледі жəне тасымалданатын үйілмелі жүкке байланысты қолданады. Тегіс бұрандамен жақсы үйілетін материалдарды (цемент, бор, гипс, күл, кепкен құм); ленталы бұрандамен – майда кесекті жүктерді (қиыршық тас, құмтастар, əктас); фасондықпен – қамыр тəрізді жүктерді (топырақ, бетон, цемент ерітіндісін); қалақшалымен – бір уақытта қарқынды айналдырылатын қамыр тəрізді жүктерді тасымалдайды. Əртүрлі жүктермен науаны толтырудың дəрежесі 11.3г- суретте көрсетілген. Конвейердің бұрандасы қалақшалары пісіріліп бекітілген құбырдан жасалады. Бұранданың тіреуіші ретінде сырғанау жəне домалау подшипниктерін пайдаланылады. Соңғылары сенімді нығыздылықты қажет етеді. Негізгі құрылымдық параметрлері Бұранданың беті тегіс болмағандықтан, əдетте, бұранданың құбырлық білігіне штампталған қалақшаларды пісіріп бекітеді, олардың қалыңдығы δ = 3…6 мм
56)Бұрандалы конвейерді есептеу және жобалау.
57)Жүктерді айналып тасымалдауға арналған құбырлардың түрлері, қолданылуы, ерекшеліктері.
Тасымалдау құбырлары үйілмелі жүктерді тасымалдауға арналған. Олар бұрандалы жəне тегіс бетті болады. Бұрандалы құбырлар үйілмелі жүкті құбырдың ішіне пісіріліп бекітілген бұрандалы ленталы спираль арқылы тасымалдайды. Тегіс бетті құбырлардың ішінде спираль болмайды; олар тұтас немесе құбырдың ішкі бетімен қозғалатын болады. Бұрандалы құбырда үйілмелі материал айналып тұрған құбырдың қабырғаларына байланысты біртұтас материалдар сияқты араласып, тасқынмен сырғанап қозғалады. Ал тегіс бетті құбырлармен жүктің тасымалдануы бос бетінде жүктің бөлшектері ғана тасымалдау бағытымен төмен қарап түсе бастайды. Тасымалдау құбырлары технологиялық машиналар болып табылады. Оларды үйілмелі жүктерді тасымалдау үшін пайдаланады да, олар бірқатар технологиялық операцияларды – суыту, кептіру, ылғалдату, араластыру, күйдіру, алгомерация жасау, т.б. бір уақытта жасап отырады. Бұрандалы тасымалдау құбырларының ішінде 4 (11.5а- сурет) бұралатын спиральдік қырлары 3 болады жəне сақиналық құрсаумен 2 бекітілген қос роликтерге 9 тіреліп тұрады. Рамаға 10 орнатылған роликтер 6 құбыр білігінің жылжып кетуін болдырмайды. Құбыр электржетектен 7 қоректеніп ақырындап айналып тұрады. Тасымалданатын материал 8 құбырға жүктиегіш құрылғы 1 арқылы тиеледі де, құбырдың қабырғалары мен спиральдік қырларымен 3 айналатын бұрандалы науа бойынша жүк өзінің салмағымен төмен түсіп, жүк түсіретін құрылғыға 5 төгіледі. Тегіс бетті тасымалдау құбырлары өзінің құрылымдық орындалуы бойынша бұрандалы құбырларға ұқсас келеді, бірақ құбыр ішінде бұрандалы қырлары болмайды (11.5 ə-сурет).
11.5-сурет. Айналып тұратын тасымалдау құбырлары а–бұрандалы; ə–тегіс бетті; 1–жүк тиейтін құрылғы; 2–бандаж; 3–бұрандалы спиральдік қырлары; 4–құбыр; 5–жүк түсіретін құрылғы; 6–ролик; 7–жетек; 8–тасымалданатын материал; 9–каток; 10–рама
Тасымалдау құбырларының артықшылықтары: құрылымының қарапайымдылығы мен сенімділігі, көп жұмыс жасауы жəне ұзақ тасымалдауы. Кемшіліктері: металл сыйымдылығы мен габаритінің үлкендігі, энергияны көп тұтынуы, бұжырлы материалдарды тасымалдаған кезде тасымалдау құбырларының қажалуы (ол қызмет мерзімінің қысқаруына мəжбүр етеді).
