- •51) Шөмішті және қалақшалы конвейерлердің қолдануы
- •52) Тарту элементі жоқ конвейерді жіктеу, ерекшеліктері, қолдану өңірі, қай салада қолданылады?
- •53) Бұрандалы конвейердің түрлері, қолданылуы, негізгі элементтері.
- •Конвейер құрылымы
- •54)Бұрандалы конвейерлерде сусымалы материалдарды тасымалдау әдістерін түсіндіріңіз?
- •55)Бұрандалы конвейерде қолданылатын, бұранданың түрлері, қалай таңдайды негізгі параметрлері.
- •56)Бұрандалы конвейерді есептеу және жобалау.
- •57)Жүктерді айналып тасымалдауға арналған құбырлардың түрлері, қолданылуы, ерекшеліктері.
- •58)Жүктерді айналып тасымалдайтын құбырлардың өнімділігі мен қажетті қуатын қалай анықтайды?
- •59)Роликті конвейер дегеніміз не? Олардың қолданылуы, ерекшеліктері неде?
- •60)Роликті конвейердің негізгі элементері, түрлері, автокөлік шаруашылығында қолдануы.
52) Тарту элементі жоқ конвейерді жіктеу, ерекшеліктері, қолдану өңірі, қай салада қолданылады?
Иілмелі тартқыш элементі жоқ (лентасыз жəне шынжырсыз) конвейерлер əртүрлі жүктерді аздаған қашықтыққа тасымалдауға арналған жəне құрылымының қарапайымдылығымен, жинақтылығымен, əрі сенімділігімен сипатталады. Қарастырылатын конвейерлердің құрылымдық белгілері бойынша жіктелуі 11.1-суретте келтірілген. Жіктелу түрінде осындай машиналар мен құрылғылардың құрылымы мен пайдалануы жөнінде практикалық көрсеткіштер қарастырылған. Өзінің ерекшелігімен ол құрылымдық ұйғарымының əртүрлігін ескеруге мүмкіндік беріледі жəне осы конвейерлердің негізгі түрлері мен пайдалануы туралы түсінік беріледі. Ең кең пайдаланылатын иілмелі тартқыш элементі жоқ конвейерлерді төрт топқа: бұрандалы (шнектер); роликті (рольганги), инерциялық (екпінді) конвейерлерге жəне гравитациялық (салмақты) (өздігінен ағызатын) құрылғыларға бөледі. Бұрандалы жəне екпінді конвейерлер - үйілмелі, ал роликтік-дара жүктерді тасымалдауға арналған. Жетектері жоқ гравитациялық (салмақты) (өздігінен сырғанайтын) құрылғылар үйілмелі жəне дара жүктердің тасымалдануын ауырлық күші арқылы орындайды, əрі құрылымы қарапайым болып келеді.
53) Бұрандалы конвейердің түрлері, қолданылуы, негізгі элементтері.
Бұрандалы конвейерлер немесе шнектер деп, үздіксіз жұмыс жасайтын машиналарды атайды, олар шаң тəрізді жəне түйіршікті, үйілмелі (цемент, утас, гипс, ұнтақталған топырақ, т.б.), сондай-ақ жабысқақ жəне қамыр тəріздес (бетон, ылғалданған топырақ жəне т.б.) жүктерді науадағы бұралатын бұранда арқылы аздаған қашықтыққа тасымалдауға арналған. Тасымалдау бағыты бойынша бұрандалы конвейерлер горизонтальдік, көлбеулі (15…200-қа дейін) жəне вертикальдік болады. Соңғыларын инвентарлық құрылыс қоймаларынан цемент беру үшін құрылыста пайдаланады. Конвейерлермен тасымалдаудың қашықтығы 60 м-ге дейін, ал олардың жұмыс жасау өнімділігі - 200 м3/сағ-қа дейін болуы мүмкін. Бұрандалы конвейерлердің артықшылықтарына пайдалану сенімділігі, жинақтылығы, жүкті тиеудің жəне түсірудің ыңғайлылығы жатады. Олардың кемшіліктері: энергияны жоғары тұтынуы, тасымалданатын жүктердің бүлінуі, шектелген ұзындығы (60 м-ға дейін), бұранда жүкпен көміліп қалмауын болдырмау үшін бірқалыпты қоректендіру қажеттілігі болып табылады. Вертикальді бұрандалы конвейерлердің биіктігі 20 м-ға дейін, бірақ негізінде 5…10 м-ға дейін болады.
Конвейер құрылымы
Горизонтальдік бұрандалы конвейер (11.2а-сурет) төмен жағы жартыцилиндр формасындай науада 6 орналасқан Архимед бұрандасынан 8 тұрады. Бұранда білігінің соңында тұратын екі подшипниктермен (5,13) жəне арасындағы аспалы подшипниктермен 10 ұсталып тұрады. Конвейердің жетегіне электрқозғалтқыш 1, редуктор 3 жəне екі муфта 2,4 кіреді. Біліктің соңындағы тіреуіштердің біреуінде бұранданың осьтік күшін қабылдайтын тіреуіш подшипнигі 13 орнатылған. Үйілмелі жүк науаның ортасында немесе соңында жүк тиейтін құбыршадағы 12 люк (тесік) 11 арқылы үздіксіз салынады жəне бұранданы бұраған кезде науаның ішінде сырғанап араласып тұрады. Жабушы тетігімен 15 жабдықталған науаның түбінде 14 тесік бар немесе бірнеше түсіргіштер (тесік) арқылы сусымалы материалды төмен түсіреді. Науа 3…6 мм қалыңдықты қаңылтыр болаттан жасалған 2,5…4 м ұзындықты жеке-жеке секциялардан тұрады. Науадағы жүктің қозғалысы бұранда спиралінің (сол немесе оң жақтағы) бағытына жəне бұранданың айналуына байланысты болады.
