Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Положение каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.7 Кб
Скачать

Қр шға оқб 47 ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде оқушылардың (5-7 сыныптар)

1-ші деңгейлі оқу-зерттеушілік байқауын өткізу туралы ереже

  1. Жалпы ережелер:

Мақсаты: Оқу және ғылыми іздену саласында орта буын оқушылардың білімге деген қызығушылығын дамыту және қолдау.

Міндеті:

  • Орта буын оқушыларын оқу-зерттеу және іздену әрекетіне тарту;

  • Оқушылардың бір жылғы іздену және оқу-зерттеу әрекеттерінің нәтижесін қорытындылау.

2.Конференцияны ұйымдастырушылар:

  • ҚР Шағын ғылым академиясының Орталық Қазақстан бөлімі (Балалар мен жеткіншектер сарайы)

  • Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті;

  • Е.А. Бөкетов ат Қарағанды мемлекеттік университеті;

  • Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті.

Ұйымдасыру комитеті 1-ші деңгейлі байқауды дайындау мен өткізуді жүзеге асырады. Ұйымдастыру комитеті тиісті бағыттағы мамандар қатысатын Сарапшылар кеңесін құрады.

3. 1-ші деңгейлі байқауға түрлі типтегі білім беру мекемелерінің 5-7 сынып оқушылары қатыса алады.

4. Байқауға мектепішілік (аудандық, қалалық) байқауларда жеңімпаз атанған және бұрын ұсынылынбаған жұмыстар (мектептен бір бағыт бойынша бір жұмыс қана қабылданады, аралас мектеп болса, бір бағыт бойынша екі тілде бір-бірден екі жұмыс ұсынуға болады) қатыса алады. Жұмыстың тек бір ғана жетекшісі болады.

5. Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде мынадай секцияларға ұсыныла алады:

география, әдебиет (әдебиет пен тіл бөлек), тіл білімі (қандай тіл екені нақты көрсетілуі керек), тарих, мәдениетану, математика, физика, валеология, биология, экология және басқа. Экология секциясында жеңіске жеткен жұмыс халықаралық балалар форумына қатысуға ұсынылады.

6. Сұраныс баспа және электронды нұсқада (флэште) ұсынылады. Бір мектептен ұсынылатын жұмыстардың барлығы бір ғана сұраныста, мекеменің жалпы бланкісінде директордың қолы мен мекеменің мөрі қойылып өткізіледі.

Үлгі: ҚР ШҒА ОҚБ ұйымдастыру комитетіне

қала, жұмыстарды ұсынып отырған мекеме, елді мекен коды көрсетілген телефон, электронды пошта

Жұмыс ұсынылып отырған секция (міндетті түрде көрсетілуі тиіс!).

Жұмыс тақырыбы

Автордың тегі, аты, сыныбы (толықтай)

Жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы (қысқартылмай толық жазылуы тиіс)

Мекеменің бірінші жетекшісінің қолы және мекеме мөрі

7. Жұмыстарға қойылатын талаптар:

Байқауға қатысатын жұмыс тек қана баспа түрінде ұсынылады. 6-10 баспа беттен аспауы, Times New Roman қарпінде, 14 кегльде, аралығы 1,5 болуы сұралады. Жұмыс файлды папка немесе пластик қыстырғышты папкада ұқыпты рәсімделген, беттері нөмірленген болуы тиіс. Талапқа сай келмейтін жұмыстар қабылданбайды. Тапсырылған жұмыстар қайтарылмайды. Жұмысты тек қана жұмыс авторы сәйкес секция отырысында қорғайды, сөйлеу ұзақтығы 5-7 минут. Қорғаушы ауыстырылмайды.

Жұмысты бағалау барысында ескерілетін жайттар: қарастырылып отырған тақырыптың проблемалық жағы, ұсынылып отырған жұмыстағы оқушының жеке үлесі, зерттеу (тәжірибенің, алдаудың, бақылаудың және т.б.) элементтерінің бар болуы, жұмысты қорғау барысында өз ұстанымынан айнымау, жұмыстың дұрыс рәсімделуі.

8. Байқаудың тәртібі мен өткізілу мерзімі. 12.12.2016ж. - 23.12.2016ж. аралығында 1) Қатысуға сұраныс 2) Баспа және электронды түрдегі оқу-зерттеу жұмыстары 3)800 теңге ұйымдастыру жарнасы қабылданады.

Байқау 2 кезеңнен тұрады:

1кезең – ұсынылған жұмыстарды сарапшылар кеңесі қарап, 1-ші санат - «қорғауға жіберілді» және 2-ші санат - «қорғауға жіберілмеді» деп бөлінеді. «Қорғауға жіберілмеді» санатының авторлары байқауға қорғау құқығынсыз тыңдаушы ретінде қатыса алады. Әр жұмысқа сарапшылар кеңесі жазбаша пікір береді. 2-кезең - «қорғауға жіберілді» санатының авторлары жұмыстарын ауызша қорғайды, олардың жұмысына жазбаша пікір берілмейді. Қорғауға өткені (өтпегені) туралы ақпарат қосымша хабарланады!

9. Қорытындылау: Үздік жұмыстар 1,2,3 дәрежедегі дипломдармен, мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаздар жұмыстарының тезистері облыстық жеңімпаздар жинағына енеді. Қалған қатысушыларға алғыс хат табысталады. (Оқу жылының соңына дейін алынбаған марапаттау қағаздары сақталмайды, жоғалған жағдайда көшірме нұсқасы берілмейді.)