Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аз.Биох. экз тест СФ Без ответа 540тест 2016-17 -1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
605.15 Кб
Скачать

*Липидтер алмасуы*2*22*2*

#258

*!Аз дене еңбегімен айналысқан және көмірсулы тағамды көп пайдаланған адамдарда май қышқылдарының және ТАГ синтездері артқаны байқалды.Қандай ағазада май қышқылдарының синтезі артады

*бауыр

*Бүйрек

*бұлшық ет

*сүт безі

*ми

#259

*! Холестерин синтезін үш сатыға бөлуге болады:I –ацетил-КоА−ның мевалон қышқылына айналуы, II – мевалон қышқылынан сквалена түзілуі, III –скваленнен холестерин түзілуі.Қандай ағза холестерин биосинтезіне белсенді қатысады

*бауыр

*ішек

*тері

*ми

*жүрек

#260

*!Липидтердiң тасымалдану түрлерiнiң қайсысы атерогендi болып табылады? (ТТЛП – тығыздығы төмен липопротеиндер; ТОЛП – тығыздығы орташа липопротеиндер; ТЖЛП – тығыздығы жоғары липопротеиндер)

*ТТЛП

*ТЖЛП

*хиломикрондар

*ТОЛП

*мицеллалар

#261

*!Липидтердiң тасымалдану түрлерiнiң қайсысы антиатерогендi болып табылады? (ТТЛП – тығыздығы төмен липопротеиндер; ТОЛП – тығыздығы орташа липопротеиндер; ТЖЛП – тығыздығы жоғары липопротеиндер)

*ТТЛП

*ТӨТЛП

*хиломикрондар

*ТЖЛП

*ТОЛП

#262

*!Қан сарысуының α-липопротеиндерiнiң биологиялық ролi қандай?

*холестериндi тiндерден бауырға тасымалдайды

*холестериннiң тiндерге түсуiн қамтамасыз етедi

*холестериндi бауырдан тiндерге тасымалдайды

*хиломикрондарды тiндерден бауырға тасымалдайды

*холестериннiң бауырда түзiлуiн қамтамасыз етедi

#2653

*!β-липопротеиндердiң биологиялық рөлi қандай?

*холестериндi тiндерден бауырға тасымалдайды

*холестериннiң тiндерге түсуiн қамтамасыз етедi

*холестериндi бауырдан тiндерге тасымалдайды

*хиломикрондарды тiндерден бауырға тасымалдайды

*холестериннiң мида түзiлуiн қамтамасыз етедi

#264

*!Фосфолипидтердiң липотропты әсерi немен қамтамасыз етiледi?

*бауырды май басудан қорғайды

*бүйректi май басудан қорғайды

*липолиз үдерiсiн арттырады

*липонеогенез үдерiсiн арттырады

*липидтердiң фекалиймен шығуына қатысады

#265

*!Ағза үшiн холестериннiң маңызы қандай?

*стероидты гормондардың алғы заты болып табылады

*пептидтi гормондардың алғы заты болып табылады

*майлардың эмульсиялануына қатысады

*эндогенді судың көзі

*организм үшін энергия көзі

#266

*!Жедел панкреатит кезiнде, сонымен қатар ұйқы безi зақымданғанда тағамдардың қорытылу жылдамдығы төмендейдi.

Мұндай жағдайда қандай бұзылысты күтуге болады?

*нәжiсте қорытылмаған триглицеридтердiң пайда болуы

*зәрде қорытылмаған моноглицеридтердiң болуы

*нәжiсте қорытылмаған амин қышқылдарының болуы

*зәрде қорытылмаған дисахаридтердiң болуы

*нәжiсте қорытылмаған моносахаридтердiң болуы

#267

*!Науқаста атеросклероз диагностикасы үшiн қанда жалпы холестерин, ТТЛП-дағы холестерин, ТЖЛП-дағы холестерин анықталды.

Диагнозды нақтылау үшiн қанда анықтау керек

*ТТЛП/ТЖЛП коэффициентiн

*холестерин/триглицерид коэффициентiн

*пируват/лактат қатынасын

*тирозин/валин қатынасын

*хиломикрон/төмен тығыздықты липопротеин қатынасын

#268

*!Липидтер алмасуында өттiң iшекке жеткiлiксiз түсуiнен қандай бұзылыстар байқалады?

*iшекте липидтердiң қорытылуы мен сiңiрiлуiнiң бұзылуы

*линоль мен линолен қышқылдарының жетiспеуi

*майда еритiн витаминдердiң гипервитаминозы

*алмастырылмайтын амин қышқылдарының жетiспеуi

*өттiң фосфолипидтермен қанығуы

#269

*!Берiлген жағдайдың қайсысында фосфатид қышқылы фосфолипидтердiң синтезiне пайдаланылады?

*азоты бар заттардың болмауында

*фосфор қышқылының болуында

*азоты бар заттардың жеткiлiктi болуында

*глюкозаның болмауында

*этанолдың болмауында

#270

*!Берiлген жағдайдың қайсысында фосфатид қышқылы триглицеридтердiң синтезiне пайдаланылады?

*азоты бар заттардың жеткiлiксiз болуында

*липотропты заттардың болуында

*азоты бар заттардың жеткiлiктi болуында

*глюкозаның болмауында

*этанолдың болмауында

#271

*!Бауырын май басқан және гипертриглицеридемия байқалған ауруға холин және метионинмен байытылған рационды ұсынады.

Холин мен метиониннiң пайдалану механизмi қандай?

*лецитин синтезiне жұмсалады

*триглицеридтер синтезiне барады

*холестерин синтезiне жұмсалады

*полиендi май қышқылдарының синтезiне барады

*липолиздi арттырады

#272

*! -кетоацил-КоА + НS А→Ацил- А+Ацетил-КоА.

Мына реакция қалай аталады?

*гидратация

*тотығу

*гидролиз

*тиолазды

*конденсация

#273

*!Стеатореяның себебi не болуы мүмкiн?

*өт пигментттерiнiң жетiспеуi

*өттiң ішекке түсуінің бұзылуы

*билирубиннiң артуы

*пепсиннiң ингибирленуi

*амилазаның жетiспеуi

#274

*!Ұзақ уақыт майлы тағам пайдаланбай, бiрақ жеткiлiктi мөлшерде көмiрсулар мен белоктарды пайдаланған адамда дерматит, жарасының жазылуының нашарлауы, көзiнiң көруiнiң және жыныс функциясының төмендеуi байқалаған. Балық майы бар диетаны ұсынғаннан кейiн аурудың симптомы жойылды.

Төменде берiлген себептердiң қайсысы липидтер алмасуының бұзылысына әкеледi?

*пальмитин қышқылының жетiспеуi

*олеин қышқылының жетiспеуi

*линоль қышқылының жетiспеуi

*Д витаминiнiң жеткiлiксiз түсуi

*төмен калориялы диетада

#275

*!Науқаста бауырдың майлы дистрофиясы және гиперхолестеролемия байқалады. Осындай жағдайда қандай диета ұсынуға болады?

*құрамында метионинi бар тағамдар

*құрамында глюкозасы бар тағамдар

*құрамында лактозасы бар тағамдар

*құрамында қаныққан май қышқылдары бар тағамдар

*құрамында сахарозасы бар тағамдар

#276

*!Мына формула қай затқа сәйкес келеді?

*холестерин

*кефалин

*таурохоль қышқылы

*гликодезоксихоль қышқылы

*тауродезоксихоль қышқылы

#277

*!Пациент қанында кетон денелерінің мөлшері артқан.

Қандай физиологиялық жағдайда кетонемия байқалады?

*ұзақ уақыт бұлшық ет жұмысында

*көмірсулы тағамды көп пайдаланғанда

*тағамда майлар болмағанда

*қантты диабетте

*тағамда майлар көп болғанда

#278

*!Атеросклероз профилактикасы үшін өсімдік талшықтарына бай, холестерині аз тағамдарды пайдалану ұсынылады.

Атеросклероз профилактикасы үшін дәрігер тағы да қандай кеңестер бергені жөн?

*физикалық жүктеме

*физикалық жүктемені шектеу

*сүт тағамдарын тұтынуды көбейту

*омега-3 май қышқылдары бар тағамдарды шектеу

*көмірсуларды қолдануды жоғарылату

#279

*!Өттас ауруында өт мицелласының құрамында мөлшері артады

*фосфолипид

*триацилглицерин

*өт қышқылдары

*холестерин

*белок