18. Электр тізбеінің қуаты.
Тізбектің бөлігіндегі токтың қуатын бөлігіндегі токтың қуатын бірлік
уақытта атқарылған жұмыспен өлщейді. Тізбектің ЭҚК-і жоқ бөлігіндегі токтың қуатын мына формуламен есептеуге болады:
19. Қуаттар балансы дегеніміз
Электр тізбегіндегі генераторлардың өндірілген қуаты мен қабылдағыштағы жұмсалған қуаттардың арасындағы тепе-теңдікті айтамыз.
Қанша қуат өндірілсе, сонша қуат тұтылыу керек. Егер тармақтағы токпен ЭҚК-тің бағыттары бағыттас болса, ЭҚК-ті генератор режимінде істейді деп есептейміз, ал қарама-қарсы болса, ЭҚК қабылдағыш ретінде энергияны қабылдайды деп оның таңбасын (-) аламыз.
20. Беттестіру тәсілі дегеніміз.
Күрделі сызықты электр тізбектеріндегі токтармен кернеулерді есептеу үшін беттестіру әдісін қолдануға болады. Ол әдістің негізінде қорек көздерінің токтарының тәуелсіздігі көрсетілген. Сызықты электр тізбектерінің элементтеріндегі токтар мен кернеулер қорек көздері тудыратын жекеше токтар мен кернеулердің қабаттасуын нәтиже ретінде белгілейді. Беттестіру әдісімен дәлелдеу үшін: а) сызықты тізбекте бір ЭҚК-ті қалтырып қалғандарын тізбектен алып тастау керек, мұнда тармақтардағы токтармен кернеулер жекеше токтар мен кернеулер арқылы есептелінеді; б) сол сияқты қалған ЭҚК-тер өздерінің жекеше токтар мен кернеулерін беру тиісті; в) жекеше токтар мен кернеулерін пайдаланып тізбектерді шешу әдісі беттестіру әдісі деп аталады. Тізбектегі негізгі токтар мен кернеулер жекеше токтар мен кернеулердің алгебралық қосындысына тең. Егер қарастырылып отырған тармақта жекеше токтар немесе жекеше кернеулер қарама-қарсы бағытта болса, онда сан мәні ұлкен шамадан сан мәні кіші шама шегеріледі де, ұлкен шаманың бағыты қойылады, ал бағыттас болса, онда олар қосылады.
Мысалы,
берілген сызықты тізбектің (2.1-сурет)
тармақтарындағы негізгі токтарды
есептеу үшін тізбекті екі қарапайым
тізбекке бөліп жіберу керек.
Беттестіру әдісімен негізгі токтарды келесі формулар арқылы есептеуге болады: I1=I1/-I1// I2=I2//-I2/ I3=I3/+I3// мұнда I1/, I1//, I2/, I2//, I3/, I3// – жекеше токтар.
