Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Для Атбава Еркебулана.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
303.17 Кб
Скачать

3.2.2 Қалыпталған ұлтанның жүрілмейтін жағын жобалау

Ұлтанның жүрілмейтін жағын жобалау үшін оның ішкі контурын қолданады. Ішкі контурға сыздық енін қосады, тегістегіш чертежын, өкшенің алдыңғы сызығын және өкше салмағын жеңілдету үшін ойық жасайды.

Сыздық енін аяқ киім тегіне және оны ұстастыру әдісіне қарай жеке бөліктерде белгілейді.

Хром малмасымен иленген теріден жасалған аяқ киімде сыздық ені алдыңғы бөлікте 3,5 -4 мм, шоғырдан табан ортаға өткен тұтас 1,2 -2 мм, сөреше ені 0,5 мм болуы керек. Ұлтанның жүрілмейтін жағының тегістегішін ішкі контурдан 18 мм аралықта сызып алады. Тегістегіш қабырғасы қалып ізінің осіне 450 бұрыш жасайтын тор түрінде салады.жоғарғы жағындағы қабырға қалыңдығы 2,5 мм, төмегісінде 3,5 мм, тор ұяшығының өлшемі 10* 10 мм болуы керек. Тегістегіштің тұмсықтық бөліктегі қабырғасының биіктігі 3 -3,5 мм, нәлдік тұсында 2 -2,5 мм, ортаңғы бөлікте 1 мм болады.

Керме жиегі сызығы бойымен тегістегіш контуры арасында ойығы болуы керек, ал аяқ киім ізіне нығыз жатуын қамтамасыз етеді.

3.2.3 Қалыпталған ұлтанның жүрілетін бетін жобалау

Қалыпталған ұлтандардың жүрілетін жағына оны беріктендіру, тайғанамау, сыртқы түрін жақсарту үшін бедер сурет болуы керек. Суретті технологиялық,эстетикалық, пайдалану және әсемдік талаптарына сай жасайды.

3.2.4 Ұлтанның кескіндерін және қималарын жобалау

Жалпақ резеңке ұлтандардың барлық жерде бірдей қалыңдықта болуы керек. Профилденген ұлтандарға келсек, олардың әр бөлігіндегі қалыңдығы бөлек. Мысалы, желімдік әдіспен ұстастырылған аяқ киімде ұлтанның алдыңғы бөлігінің қалыңдығы 4-4,5 мм. Шегемен ұстастырылған аяқ киімде ұстастыру өтетін сызық бойымен ұлтанның қалыңдығы 6 мм, ал қалған тұсында 4,5 мм болады. Жүрілетін жағында сурет болғанда ұлтан қалыңдығы кемуі ықтимал. Өкше биіктігін қалыптың өкшелік бөлігінің көтерілім биіктігі бойымен анықтайды.

3.3 Қатаң өкше және тұмсық сірісінің контурын жобалау

Қатаң өкше сірінің өлшемдері аяқ киім тегіне және қалыптың өкшелік бөлігінің көтерілім биіктігіне тәуелді. Қатаң өкше сірісін жобалау үшін қалыптың өкшелік бөлігінен қатаң қабықша алған жөн. Бұл барлық, әріресе өкше биіктіктері әртүрлі аяқ киім түрлеріне қатысты. Өкше сірісінің қанаттарының көтерілім биіктігі «α» бұрыш пен сипатталады.

Сурет 5. Өкше сірісін жобалау схемасы

Өкше сірісін жобалағанда қанаттарының тиімді бұрышын әдебиеттерден алады. Әйелдерге арналған аяқ киім бұрыштарының шамасы α=50; β=240 тең.

Өкше сірісінің биіктігін мына формула арқылы есептейміз.

Взж= 0,15N +8=0,15 *240 +8= 48 мм

І, ІІ және ІІІ негізгі сызықтарға дейінгі аралықтарды былай есептейміз.

І – 0,2Д= 0,2 *240= 48 мм

ІІ – 0,42Д= 0,42 *240= 100,8 мм

ІІІ -0,5Д= 0,5 *240= 120 мм

Өкше сірінің керме жиілігне 15± 0,5 мм әдіп береміз.

Тұмсық сірісін жұлықтың V негізгі сызыққа дейінгі тұмсықтың контуры бойынша сызамыз. Оның сыртқы шеті жұлықтың шетінен тұмсық бөлікте – 5 мм, ал қаптал жақтарында – 3 – 4 мм аралықта болады.

Тұмсық сірінің жұлықтың жоғарғы шетіне қараған шетінің формасы әртүрлі болуы мүмкін. Бұл аяқ киім үстінің конструкциясына байланысты.