- •Титульный лист тапсырма
- •1.Аяқ киімнің даму тарихы мен жіктелуі
- •1.1 Аяқ киімдердің жас-жыныстық белгісі бойынша топтастыру
- •Аяқ киім топтары және өлшемдері
- •1.2 Аяқ киім бөлшектері,олардың өлшемдері және формалары
- •1.3 Аяқ киім асты бөлшектерінің жұмысы
- •1.4 Аяқ киімнің астыңғы бөлшектерінің сипаттамасы
- •Аяқ киім астының сырқы бөлшектері:
- •Аяқ киімнің астының ішкі бөлшектері:
- •Аяқ киім астының аралық бөлшектері:
- •1.5 Аяқ киім үсті мен астын ұстастыратын әдістер
- •2. Модельдік құжат
- •2.1 Аяқ киім сипаттамасы
- •3. Аяқ киім асты бөлшектерін жобалау
- •3.1. Аяқ киімнің жазық бөлшектерін жобалау
- •3.1.1. Қалыптың із жағынан жазба алу
- •3.2. Туфлидің қалыпталған ұлтанын жобалау
- •3.2.1. Қалыпталған ұлтанның ішкі контурын жобалау
- •3.2.2 Қалыпталған ұлтанның жүрілмейтін жағын жобалау
- •3.2.3 Қалыпталған ұлтанның жүрілетін бетін жобалау
- •3.2.4 Ұлтанның кескіндерін және қималарын жобалау
- •3.3 Қатаң өкше және тұмсық сірісінің контурын жобалау
- •3.4 Салмалы ұлтарақты пен төсенішті жобалау
- •Әдебиеттер тізімі
3. Аяқ киім асты бөлшектерін жобалау
Дайын аяқ киімде табан астында бөлшектері – аяқ киім асты бөлшектері деп атайды. Оларды сыртқы, ішкі және аралық бөлшектері деп жіктейді. Сыртқы бөлшектерге: ұлтан, әшекейлі жапсырма және керме сызықтары т.б. жатады. Ішкі бөлшектерге негізгі және салмалы ұлтарақтар жатады. Аралық бөлшектерге қатаң өкше және тұмсық сірілері, табан орта сынасы, тегістегіш жатады.
Бұдан басқа аяқ астының жазық және аралық бөлшектерін (былғарыдан, резеңкеден және басқа материалдардан), қалыпталған бөлшектерді (резеңкеден, әртүрлі полимерлерден) және құю әдісі мен т.б. материалдар) дайындалатын бөлшектерді ажыратады.
Аяқ киім астының жеке бөлшектерінің конструкциясы, формасы мен өлшемі аяқ киім конструкциясына, түріне, тегіне жіне өлшеміне, өкше биіктігіне, оның ұстастыру әдісіне, сондай –ақ ұлтанды кесіп өңдеу ерекшелігіне және т.б. тәуелді.
3.1. Аяқ киімнің жазық бөлшектерін жобалау
Бұл бөлшектерді жобалау үшін бастапқы мәліметтерге жобалауға қажетті техникалық тапсырма қалып эталоны, ұлтарақ үлгісі, дайындама мен астыңғы бөлшектердің техникалық дерегі, қалыпқа керілген дайындама, бұйымның деформация коэффициенті мен ұстастыру әдісі жатады.
Аяқ киімнің асты бөлігінің бөлшектерін жобалау негізіне қалыптың ізінің жазбасы жатады.
Егер, қалыптың ізінің бекітілген үлгісі болмаса,онда оның ізінің жазбасын қағаз үлгілер арқылы аламыз.
3.1.1. Қалыптың із жағынан жазба алу
Қалып ізінен жазба алу үшін, қалыпты қағаз бетіне орналастырып, оның ізінің контурын көшіріп аламыз. Контурға 7 - 10мм әдіп қосып, жаңа контур сызамыз да, ішкі контурға перпендикулярлы етіп, тереңдігі 15-20мм, арақашықтықтары 10-15 мм қималар жасаймыз.
Қағаздан жасалынған қима үлгіні қалып ізіне желіммен жабыстырамыз да, із қабырғасынан асып кеткен жолақтардың шеттерін қаламммен белгілейміз. Қима үлгіні қағаз бетінен ажыратып алып, оны қағаз бетіне жайып, желіммен жабыстырамыз да белгіленген контур бойынша қиып аламыз. Осылай қалып ізінің жазбасын аламыз.
Өкше сірі жақсы қалыптануы үшін ұлтарақ ұзындығын өкше бөлігінде «у» мөлшерге қысқартады. Оның мөлшері ұлтарақ қалыңдығы мен қалыптың өкше аймағындағы бүйір бетінің қисықтығына тәуелді. Бұйір бетінің қисықтығын ά бұрышы сипаттайды. Бұл бұрыш қалып бүйір бетіне жанама өтетін сызық пен осы қимадағы қалып ізіне тұрғызылған перпендикуляр арасында пайда болады.
Сурет 4. Ұлтарақ пен ұлтанды тұрғызуға қажетті әдіптерді есептеу схемасы
Ұлтарақтың қысқарту мөлшерін және ұлтарақ ұзындығын мына формулалар арқылы табамыз:
Уп = tct tgα = 2.0*tg200 = 2*0.36=0.72мм
Дст= Дк - tct* tg200 = 247 - 0,72 = 246,3мм
3.2. Туфлидің қалыпталған ұлтанын жобалау
3.2.1. Қалыпталған ұлтанның ішкі контурын жобалау
Жобалау негізгі ретінде қалып ізінің шартты жазбасын (ұлтарақты) қолданамыз. Қағаз бетіне тік сызық жүргіземіз де оны ұлтарақ осімен бесттіреміз. Осы түрде ұстап тұрып ұлтарақтың контурын сызып аламыз.
Өкше бөліктің ең дөңестік нүктесінен ось бойынша төменге қарай S, мм аралықты белгілейміз. Бұл ұлтарақтың өкше бөлігіндегі ығысу мөлшеріне тең: S = 0.02Д+0.05Bk = 0.02*240+0.05*60= 7мм. О нүктесінен ось бойынша жоғары қарай мм өлшемделген өкше 0,18Д =0.18*240=43.2мм және шоғыр 0,68Д=0.68*240=163.2мм орталарын анықтайтын аралықтарды белгілейміз.
Ұлтарақтың симметрия осіне жүргізу үшін 0,18Д қиманың енін екіге бөліп жүргізу үшін 0,18Д қиманың енің екіге бөліп (в1 нүктесі), табылған өлшемді 0,68Д қима бойымен жазбаның сыртқы контурынан ішке қарай белгілейміз (д1 нүктесі). Осы нүктелер арқылы ұлтарақтың симметрия осіне жүргіземіз.
Ұлтарақтың осіне өкше бөлігінен бастап әр 10 мм сайын перпендикулярлар тұрғызамыз. Оларды ұлтарақ контурынан 8-10мм асырып сызамыз.
О нүктесінен бастап ұлтарақтың осіне бойымен мына арақашықтықтарды белгілейміз 0,18Д, 0,62Д =0.62 * 240 =148.8 мм, 0,73* Д = 0.73*240=175.2мм.
Жобалаудың ең негізгі сәті болып іздің контуры мен қалыптанудан кейінгі ұлтанның ішкі контурының сәйкестігін анықтау табылады. Демек, қалыптың ізінің жазбасына қосылатын әдіптерді есептеу қажет. Бұл әдіптің мөлшерін мына формула арқылы табамыз:
П= [∑tв (1- sin α) / cos α –tct * tg α]* kу
мұндағы tв – дайындаманың бөлшектерінің қосынды қалыңдығы, мм.
tct – ұлтарақтың қалыңдығы, мм.
ά – қалыптың формасын сипаттайтын бұрыш, град;
Ку – ығысу коэффициенті 0,75- 0,9
Бұл әдіпті 0,12Д, 0,41Д, 0,02Д, 0,73Д және Д аралықтарда табымыз.
Есептеп болғаннан соң Пs әдібінің мөлшерлерін анықтаймыз.
Пs әдібін ұлтарақтың контуры қиылысқан әр нүктеде анықтаймыз. Бұл әдіп контурдың формасына тәуелді. Контурдың формасын β бұрышы сипаттайды. Бұл бұрыш ұлтарақтың осіне тұрғызылған перпендикуляр мен оның ұлтарақтың контурын қиылысқан нүктесіне тұрғызылған нормаль арасында пайда болады.
Пs= П/ cos β.
Аяқ киімінің үсті бөлігінің бөлшектерінің қосынды қалындығын мемлекеттік стандарттарға сәйкес аламыз. Материалдардың қалындықтарын өзгеретін жерлер де (өкше– тұмсық сірілері орналасқан аймақтар) мәліметтерді қалыпқа керілген дайындама арқылы анықтаймыз.
Шамамен қатаң өкше сірісінінң ұзындығы 0,42-0,5Д қашықтыққа дейін созылады.
Әдіптерді есептеу:
Өкшенің артқы жағы,
Өкшенің жан-жағы
Табан ортаның ішкі жағы
Табан ортаның сыртқы жағы
Ішкі шоғыр
Сыртқы шоғыр
ПS әдібінің мөлшерлерін есептеу
Сыртқы жағы Ішкі жағы
Әдіптердің нормальдарда белгілеп, табылған нүктелерді бірқалыпты қисық сызықпен қосамыз. Тұмсық және өкше бөліктердің контурларын радиустармен өрнектейміз. Өкше бөліктің радиусының О1 ортасы, іздің симметрия осінде жатады.
