Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Для Атбава Еркебулана.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
303.17 Кб
Скачать

1.5 Аяқ киім үсті мен астын ұстастыратын әдістер

Аяқ киім ұстастыру әдісі оның конструкциясын, асты бөлшшектерінің өлшемдерін жобалауға әсер тигізеді( кесте 1). Аяқ киім жобалауда ұстастыру әдістерді олардың конструктивтік сипаттамасы, сыртқы түрі, гигиеналық қасиеттер, қалыптау кезіндегі деформациялар тұрғысынан қарастырады.

Ұлтан аяқ киім үсті бөлігіне бекіту түрлі жолдармен орындалады. Ұлтан аяқ киімнің керме жиегіне немесе аралық бөлшектерге тікелей бекітілуі мүмкін. Ұстастырудың барлық түрлері былай бөлінеді:

  • Бекітудің механикалық әдістері: жіппен және қапсырмамен ұстастыру;

  • Химиялық: 1) желіммен; 2) ыстық вулканизациялау; 3) құю;

  • Аралас әдістер.

Жобаланатын аяқ киімде желіммен ұстастыру әдісін таңдап аламыз. Бұл аяқ киімді ұстастырудың ең кең тараған түрі. Ол ұлтанды ұстастыру үшін, желімдеп керу үшін, ішкі бөліктерді ұстастыру үшін қолданылады. Аяқ киім астын желімдеп ұстастыру әдісінің басқа әдістермен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар, атап айтқанда:

  • процестің қарапайымдылығы, оны орындау үшін қарапайым жабдықтар қолданылады, бекіту бірден орындалады. Бұл оны автоматтандыруға жағдай жасайды;

  • ұстастыру беріктігі қолданылатын материалдардың қалыңдығына байланысты, сондықтан да ұлтан мен ұлтарақтың қалыңдығын кемітуге болды.

Желім әдісімен өте жеңіл, аяқ киімді дайындауға болды. Бірнеше бекіту әдістерінің меншікті еңбек сиымдылығы мен материал сиымдылығын салыстырамыз.

Кесте 1. Ұстастыру әдістерін салыстыру

Бекіту әдістері

Меншікті еңбек сиымдылығы

Меншікті материал сиымдылығы

  1. Сыздықты.

  2. Желімдеу.

  3. Шегелеу.

400

350

480

1,00

0,47

0,69

Кестеден көрініп тұрғандай желім әдісімен ұстастырудың артықшылығы бар. Желім әдісімен ұстастырылған аяқ киім шегелеу әдісімен ұстастырылған аяқ киімге қарағанда тез арада жөндеу мүмкіндігін береді.

Сурет 2. Ұстастыру әдістері: а-желімдеу әдісінің көлденең қимасы: 1-ұлтан, 3-астар, 4-сыртқы бөлшек, 5-ұлтарақ, 6-тегістегіш, 11-желімді тігіс.

2. Модельдік құжат

Аяқ киім жыныстық тобы - әйелдерге арналған

Аяқ киім түрі – туфли

Дайындама конструкциясы – «Қайықша» тәрізді

Аяқ киім ұстастыру әдісі – желімді

Аяқ киім артикулы – 240117 ял.

2.1 Аяқ киім сипаттамасы

Туфли дегеніміз – табанның артқы жағын жартылай жауып тұратын және қоныштары тобықтан төмен орналасқан аяқ киім түрі. Туфлилер әр түрлі болды: «қайықша» тәрізді; белдіктер тұратын; табанға бекітетін арнайы құралдары бар.

Кию жағдайына байланысты туфлилер күнделікті, модельді, үйге киюге арналған белсенді демалысқа арналған және егде жастағы адамдарға арналған болып бөлінеді.

Біздің қарастырып отырған туфли – әйелдердің сәнді модельді туфлиі. Модельді туфли сәннің талаптарына сәйкес болып, салтанатты жағдайларда киюге арналған. Оны тек қана маусымның кезектеріне байланысты кию қарастырылмаған. Мұндай аяқ киім киюге өте ыңғайлы болмаса да, өте нәзік және әдемі болуы тиіс. Ол үшін мынадай мақалда бар «Сән құрбандықты қажет етеді». Сәнді аяқ киімдегі табан белгілі бір шекке дейін қысылып тұруы мүмкін, сондықтан модельді аяқ киімді күнделікті киген кезде киюшінің аяғы ауруы мүмкін, ал тұрақты түрде киген кезде табан суставтарының ауруына және жасау қабілеттілігінің төмендеуне әкеліп соқтырады.

Мұндай аяқ киімге арналған материалдардың сыртқы түрі мен құрылымы оның пайдалану мақсаты мен технологиясын ескере отыра, әйелдердің модельді туфлиіне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Туфлидің сыртқы болшектеріне жартылай айналма жұлық және қысқа қоныш жатады. Сән әсерінен және әртүрлі технологиялық, экономикалық факторлардың әсерінен аяқ киім үстінің сыртқы бөлшектерінің пішіні мен өлшемдері өзгеру үстінде. Жаңа бөлшектер түрлері пайда болуда, олар негізгі бөлшектердің бір бөлігі болады немесе бірнеше бөлшектерді біріктіреді. Сондай жаңа бөлшектердің бірі болып жартылай айналма жұлық саналады.

Аяқ киім астының бөлшектері болып, туфлиде негізгі ұлтарақ, қалыптанған ұлтанды алдық. Аяқ киімінің астын үстіне біріктіру әдістері механикалық, химиялық және аралас әдістері болып жіктелед. Модельді аяқ киімдерді негізінен химиялық әдістермен соның ішінде желімнен біріктіру әдістері қолданылады. Химиялық біріктіру әдістері аяқ киім өндірісін автоматтандыруға жағдай жасайды, дайын аяқ киімінің ассортиментін түрлендіруге мүмкіндік тудырады да, жақсы гигиеналық тұтынушы қасиеттері бар эластикалық аяқ киімді алуға мүмкіндік береді, оның еңбек және материал сиымдылығын азайтуға жағдай жасайды. Бұл айтқандардың бәрін негізінен желіммен біріктіру әдісі қамтамассыз етеді, өйткені ол ұлтанды біріктіруге күрделі жабдықтардың болуын қажет етпейді. Соның арқасында желіммен ұлтанды біріктіру біздің елде және бүкіл дүние жүзінде кеңінен қолданылады.

«Қайықша» тәрізді туфли жұлық қимасы мен қоныштың жоғары шеті бойынша біртұтас сызықты құрайды да, табанында соның және қатты сірісінің қанаттарының тартып тұруына байланысты ұстап тұрады.

Кесте 2. Аяқ киім бөлшектерінің құрылымы

Р/

Бөлшектердің аталуы

Жұпқа кететін саны

Материал

Қалыңдығы (мм)

Материалдың МСТ немесе ТЖ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

Жартылай айналма жұлығы

Қоныш

Жұлық астары

Қоныш астары

Жұлықтың астар аралық бөлшегі

Қоныш астар аралығы

Тұмсық сірісі

Өкше сірісі

Қалыпталған ұлтан

Негізгі ұлтарақ

Қатаң шолақ ұлтарақ

Салма ұлтарақ

Тегістегіш

Жұмсақ өкше мамығы

2

2

2

4

2

4

2

2

2

2

2

2

2

Хроммен иленген былғары

-//-//-

Тик – саржа

Астарлық

нитро былғары

Бөз

Бөз

Термо пласт материал

Термо пласт материал

Полиуретан

СЦМ – К

СЦМ – К

Астарлық былғары

Картон П–2

Поролон

0,9 – 1,2

0,9–1,5

0,8 – 0,9

1,0 ± 0,1

1,8 – 2,0

3 – 5

1,8 – 2

1,8 – 2

0,7 – 0,8

1,8 - 2,0

4 – 6

МЕСТ 939–88

МЕСТ 939–88

МЕСТ 19196–80

МЕСТ 940 – 81

МЕСТ 19196–80

МЕСТ 19196–80

ТШ–17–21592– 87

ТШ–17–593–87

ТШ–17–80–85

МЕСТ 9542 – 75

МЕСТ 9542 – 75

МЕСТ – 940–81

ТШ–17–21 – 94–76

ССТ 6–05–407–75