- •Титульный лист тапсырма
- •1.Аяқ киімнің даму тарихы мен жіктелуі
- •1.1 Аяқ киімдердің жас-жыныстық белгісі бойынша топтастыру
- •Аяқ киім топтары және өлшемдері
- •1.2 Аяқ киім бөлшектері,олардың өлшемдері және формалары
- •1.3 Аяқ киім асты бөлшектерінің жұмысы
- •1.4 Аяқ киімнің астыңғы бөлшектерінің сипаттамасы
- •Аяқ киім астының сырқы бөлшектері:
- •Аяқ киімнің астының ішкі бөлшектері:
- •Аяқ киім астының аралық бөлшектері:
- •1.5 Аяқ киім үсті мен астын ұстастыратын әдістер
- •2. Модельдік құжат
- •2.1 Аяқ киім сипаттамасы
- •3. Аяқ киім асты бөлшектерін жобалау
- •3.1. Аяқ киімнің жазық бөлшектерін жобалау
- •3.1.1. Қалыптың із жағынан жазба алу
- •3.2. Туфлидің қалыпталған ұлтанын жобалау
- •3.2.1. Қалыпталған ұлтанның ішкі контурын жобалау
- •3.2.2 Қалыпталған ұлтанның жүрілмейтін жағын жобалау
- •3.2.3 Қалыпталған ұлтанның жүрілетін бетін жобалау
- •3.2.4 Ұлтанның кескіндерін және қималарын жобалау
- •3.3 Қатаң өкше және тұмсық сірісінің контурын жобалау
- •3.4 Салмалы ұлтарақты пен төсенішті жобалау
- •Әдебиеттер тізімі
1.4 Аяқ киімнің астыңғы бөлшектерінің сипаттамасы
Аяқ киімнің астыңғы бөлшектеріне табан бетінің астында орналасады.Барлық аяқ киім бөлшектері саыртқы ,ішкі және аралық деп бөлуге болады.
Аяқ киім астының сырқы бөлшектері:
Ұлтан –табан бетінің астында орналасқан бөлшек;
Құрылымды ұлтан-ұлтан тұмсық шоғырда ,табан ортада орналасқан және өкеше бөліктен тұратын бөлшек;
Тілшікті ұлтан-ұлтанның өкше бөлігі кемітілген дайын аяқ киінің өкше астына кіріп орналасқан;
Корокулді ұлтан-ұлтанның өкше бөлігі фронталді өкше пішінінде болады;
Жазық ұлтан- ұзындығы бойынша бірдей қалыңдықтағы ұлтан;
Профилирленген ұлтан-әр аумағы әр түрлі қалыңдықтағы ұлтан;
Қалыптанған ұлтан-прессті қалыптау әдісімен жасанды материалдан немесе былғарыдан дайындалған ұлтан;
Шолақ ұлтан -пішіні бойынша тұмсық –шоғырына сәйкес,ұлтанның жарамдылығын арттыратын сыртқы немесе аралық бөлшек;
Бастырма-пішіні бойынша ұлтанға сәйкес ,аяқ киімнің тайғақтығын кемітетін тұтқыр бьөлшек;
Негізгі сыздық-парко және сыздықты әдәсімен ұстастырылған ұлтанға бекітілетін бөлшек;
Бастырма сыздық-допелді және сандалді әдіспен ұстастырылған аяқ киімнің сыртқы түрін жақсартып, сапасын арттыратын бөлшек;
Декоративті бөлшек-сызықша тәрізді бөлшек,аяқ киімнің сырт бейнесін жақсарту үшін қолданылады;
Өкше-белгілі бір биіктікке өкше бөлігін биіктетін бөлшек;
Өкшенің фронталді беті-аяқ киімнің тұмсық бетімен қаратылғандағы өкше бейнесі;
Өкшенің нәлді беті- аяқ киімнің бүйір жағынан қартылғандағы өкше бейнесі;
Өкшенің бүйір беті – фронталді,үстіңгі және нәлді беттерінің қосылып жалпы өкшенің пішінін көрсететін өкше бейнесі;
Қалыптанған өкше-нәлмен бірге конструктивті біржақтылықты көрсететін өкше;
Сыналы өкше-сына тәріздес өкше;
Жинақталған өкше- фликтен тұратын өкше
Нәл-ұлтанның өкше бөлігіне бекітілетін бөлшек;
Флик-әр түрлі қалыңдықтағы былғарыдан немесе резеңкеден жасалған, өкше пішіндес аралық бөлшек;
Айналдырма-ұлтанның ішкі бетінің жиегіне бекітілетін былғары немесе жасанды материалдан жасалатын сызықша тәріздес аралық бөлшек.
Аяқ киімнің астының ішкі бөлшектері:
Негізгі ұлтарақ-аяқ киім үстіңгі дайындамасы мен астыңғы бөлшектері бекітілетін бөлшек;
Жазық ұлтарақ-жазық пішінді негізгі ұлтарақ;
Қалыпталған ұлтарақ-өз пішіні және ізі бар негізгі ұлтарақ;
Сыздықты ұлтарақ-ерніне аяқ киім үстіңгі дайындамасын сыздықты бекітетін негізгі ұлтарақ;
Комбинирленген ұлтарақ-әр түрлі материалдан жасалған екі қабаттан тұратын негізгі ұлтарақ;
Екі қабатты ұлтарақ-бір материалдан тұратын екі қабатты негізгі ұлтарақ;
Жартылай ұлтарақ-негізгі ұлтарақтың өкшелік-табан орта бөлігіне сәйкеспішінді ішкі немесе аралық бөлшек;
Қос ұлтан-ұлтаның өлшеміне сәйкес,аяқ киімнің астының аралық немесе ішкі бөлшегі .Қос ұлтан гигиеналық және жылулық қасиетін жоғарлату үшін қолданады;
Аяқ киім астының аралық бөлшектері:
Тұғырнама-ұлтанныңтұмсық-шоғыр немесе ұлтан пішіндес бөлшек;
Қатты өкше асты-некгізгі ұлтарақтың өкше бөлігі пішіндес,өкшенің бекіту беріктігін арттыратын бөлшек;
Жұмсақ өкше асты –салмалы ұлтарақ астында өкше бөлігінде орналасқан бөлшек;
Табан орта-аяқ киім астының табан орта бөлігінің пішін тұрақтылығын арттыру үшін қолданылады;
Төсеніш –із бетінде орналасқан бөлшек;
Кранец-өкше пішінді,өкшеге флик үстінен орналасқан, ұлтанға өкшенің жақсы бекітілуі үшін қызметатқаратын бөлшек;
Сурет 1. Аяқ киім асты бөлшектерінің көрінісі
