- •Титульный лист тапсырма
- •1.Аяқ киімнің даму тарихы мен жіктелуі
- •1.1 Аяқ киімдердің жас-жыныстық белгісі бойынша топтастыру
- •Аяқ киім топтары және өлшемдері
- •1.2 Аяқ киім бөлшектері,олардың өлшемдері және формалары
- •1.3 Аяқ киім асты бөлшектерінің жұмысы
- •1.4 Аяқ киімнің астыңғы бөлшектерінің сипаттамасы
- •Аяқ киім астының сырқы бөлшектері:
- •Аяқ киімнің астының ішкі бөлшектері:
- •Аяқ киім астының аралық бөлшектері:
- •1.5 Аяқ киім үсті мен астын ұстастыратын әдістер
- •2. Модельдік құжат
- •2.1 Аяқ киім сипаттамасы
- •3. Аяқ киім асты бөлшектерін жобалау
- •3.1. Аяқ киімнің жазық бөлшектерін жобалау
- •3.1.1. Қалыптың із жағынан жазба алу
- •3.2. Туфлидің қалыпталған ұлтанын жобалау
- •3.2.1. Қалыпталған ұлтанның ішкі контурын жобалау
- •3.2.2 Қалыпталған ұлтанның жүрілмейтін жағын жобалау
- •3.2.3 Қалыпталған ұлтанның жүрілетін бетін жобалау
- •3.2.4 Ұлтанның кескіндерін және қималарын жобалау
- •3.3 Қатаң өкше және тұмсық сірісінің контурын жобалау
- •3.4 Салмалы ұлтарақты пен төсенішті жобалау
- •Әдебиеттер тізімі
1.2 Аяқ киім бөлшектері,олардың өлшемдері және формалары
Аяқ киім жүйемен біріктірілген астының және үстінің бөлшектерінен тұрады. Аяқ киімнің үстінің бөлшектерінің түйіні дайындаманы құрлыстырып, табанның жоғары және бүйір беттерінде орналасып, өкшені, балтырды, ал кейбір кезде санды да жауып тұрады. Аяқ киімнің астыңғы бөлшектері табан ізінің астында орналасады.
Барлық бөлшектерді сыртқы, ішкі (астар) және астараралықтарға бөледі.
Аяқ киімнің бөлшектерін кейбір жағдайларда алдыңғы және сыртқы түйіндерге бөледі.
Үстінің сыртқы бөлшектерінің түйіннің формасы аяқ киімнің түрін анықтап сәнге едәуір тәуелді.
Әртүрлі аяқ киімнің бөлшектерінің формалары және өлшемдері түрлі-түрлігіне қарамастан олардың арасында аяқ киімнің түрін анықтайтын ең типтілері (базистіктілер) болады.
Астар формасын біріктірілген бөлшектердің формасы анықтайды. Қарапайым аяқ киімде алдыңғы түйіннің астарын матадан, ал өкшелік түйінін былғарыдан жарым-жартылай (ішкі-артқы белдік) немесе тұтас етіп өңдейді. Кейбір аяқ киімдер типтерімен етіктерде тұтас былғары астар қолданылады.
Бөлшектердің сыртқы шеттерін (оқаны) ішкі жағынан, сонымен қатар былғарымен нығайтады.
1.3 Аяқ киім асты бөлшектерінің жұмысы
Табан және тірек беттің (жер, еден) арасында орналасқан бөлшектер, яғни аяқ киім асты бөлшектері, тұтыну негізінде ең үлкен әсерлерге душар болады.
Аяқ киім табанға тірекке таянғанда нәлдің тірек бетінің кіші ауданы және 2*10-4 Па үлестік қысым оның жылдам тозуына әсер етеді де, жиі ауыстыруды қажет етеді.
Кәдімгі аяқ киім конструкциясында ұлтан маңызды жұмыс атқарады. Ол үйкеліс иінне қатты иілуге жұмыс істейді.
Конструкциясы және аяқ киім асты материалдарының физикалық-химиялық қасиеттері негізінен қалыңдық және қаттылыққа байланысты лтанның иілу радиусы 4-8см дейін жетеді.
Аяқ киім иілгенде былғары ұлтанның бетінің салыстырмалы ұзаруы 16% дейін жетеді. Қалыңдығы үлкен және беті бүдірленген резеңке ұлтандардың беттерінің кейбір телімдерінде ұзару 25%дейін жетеді.
Аяқ киім иілгенде ұлтан негізінен созынады, ал ұлтарақ көлденең бағытта қысылады. Ұлатарақсыз аяқ киімдерде ұлтанның ішкі беттері қысымға жұмыс істейді.
Желімді ұстастыру әдісті аяқ киімнің тұтас резеңкелі ұлтаның 1мм 60-80 күнде тозады. Қалыңдығы 4,7мм ұлтанның беттік қабаты (1,3мм дейін) және астарлық қабаты (1мм дейін) 1мм 14 күнде, орта қабаты - 45 күнде, ал кейбір телімденуі 68 күнде жұқарады.
Тұмсық – шоғыр бөлігінің ұлтарақ, ұлтан сияқты қысым және қайта иілу әсеріне түседі. Оған қоса табан қозғалысына байланысты ұлтараққа үйкелісте әсер етеді.
Егер, ұлтарақ және төсеніштің қаттылығы төмен болып, ал жұмсақтығы артық болса жаңа аяқ киім табанға тез икемделеді. Демек, ұлтарақта ойыс пайда болады. Бұл ұлтанның пайдалану мерзімін ұзартады.
Аяқ киім астының жеке бөлшектерінің конструкциясы, формасы мен өлшемі аяқ киім конструкциясына, түріне, тегіне жіне өлшеміне, өкше биіктігіне, оның ұстастыру әдісіне, сондай –ақ ұлтанды кесіп өңдеу ерекшелігіне және т.б. тәуелді.
