Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Для Атбава Еркебулана.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
303.17 Кб
Скачать

Аяқ киім топтары және өлшемдері

Аяқ киім тобы

Метрлік өлшемі (табан ізінің ұзындығы, мм)

Топтың бастапқы өлшемі

Атауы

0

Пинеткалар

95, 100, 105, 110, 115, 120, 125

110

1

Гусариктер

105, 110, 115, 120, 125, 130, 135, 140

135

2-3

Мектеп жасына дейінгі

145, 150, 155, 160, 165, 170, 175, 180, 185, 190, 195, 200

185

4

Мектеп жасындағы қыздарға арналған

205, 210, 215, 220, 225

215

5

Бойжеткен қыздарға арналған

230, 235, 240, 245, 250, 255, 260

235

6

Мектеп жасындағы балаларға арналған

205, 210, 215, 220, 225

215

7

Ер балаларға арналған

230, 235, 240, 245, 250, 255, 260, 265, 270, 275, 280

240

8

Әйелдерге арналған

210, 215, 220, 225, 230, 235, 240, 245, 250, 255, 260, 265, 270, 275

240

9

Ерлерге арналған

245, 250, 255, 260, 265, 270, 275, 280, 285, 290, 295, 300, 305

270

Аяқ киім түрі дегеніміз оның үстінің бөлшектері мен аяқты жабу деңгейі арқылы анықталатын аяқ киімді топтастырудың конструктивтік белгісі.

Аяқ киімдерді келесі негізгі түрлерге бөледі: етіктер, қысқа конышты етіктер, бәтеңкелер, қысқа қонышты бәтеңкелер, туфлилер және т.б.(сурет 1).

Табанның жоғарғы бөлігін және балтырды ал, кейбір кездерде санды да жауып тұратын биік, тұтас қонышты аяқ киімдерді етік деп атайды.

Тұтас жабық қақпақты немесе жартылай жабық қақпақты және ілуге арналған тетігі бар, үстінің дайындамасы табанның жоғары және балтырдың тобықтан биік төменгі бөлігін жауып тұратын аяқ киімді қысқа қонышты етік деп атайды.

Әртүрлі биікті қимасы бар немесе қимасы жоқ қонышты және ілуге арналған тетікті, дайындамасы табанның жоғарғы және балтырдың тобықтан жоғарғы бөлігін жауып тұратын аяқ киімдерді етікше немесе қысқа қонышты етікше деп атайды.

Қимасы бар қонышы әртүрлі биіктікті (бірақ етікшелерден биік емес) және ілуге арналған тетікті, дайындамасы табанның жоғарғы және балтырдың тобықтан биік төменгі бөлігін жауып тұратын аяқ киімді бәтеңке деп атайды.

Қимасы және ілуге арналған тетігі бар, дайындамасы табанның тобыққа дейінгі жоғарғы бөлігін жауып тұратын аяқ киімді қысқа қонышты бәтеңке деп атайды.

Табанның жоғарғы бөлігін толық жаппайтын тұрқы белдікті немесе тұрқы белдіксіз дайындамалы аяқ киімді туфли деп атайды.

Үстінің дайындамасы табанның жоғарғы бөлігін толық жаппайтын тұрқы белдікті, негізгі ұлтарағы және жұлығының астары жоқ аяқ киімді сандалий деп атайды.

Осы аяқ киімнің бес түрі негізінде белгілі бір жағдайларда пайдалынатын қазіргі заманның аяқ киімдерінің әртүрлі варианттарыды (сурет1): буркалар, пинеткалар, кроссовкалар, сандалеттер, мокасиндер, мәсілер, саптама-етіктер, чувяктар, жазғы ашық туфлилер, белдікті туфлилер, пантолеттер, опанкілер, арнайы тетігі жоқ туфлилер, қайықша туфлилер, балеттік (пуанттар) және спорттық (чешкалар) және т.б. жасалынады.

Буркалар былғары жұлықты және өкшелікті фетрден жасалған етіктер.

Пинеткалар бір жасқа дейінгі балаларға арналған туфлилер немесе бәтеңкелер.

Кроссовкалар үстінің дайындамасы конструкциясы бойынша бәтеңкелерге немесе қысқа қонышты бәтеңкелерге сәйкес келетін екпінді демалысқа арналған аяқ киім.

Сандалеттер – үстінің дайындамасы конструкциясы бойынша қысқа қонышты бәтеңкелерге сәйкес келетін және пішіндері мен өлшемдері әртүрлі перфорациялық тесіктері бар аяқ киім.

Мокасиндер – үстінің дайындамасы ұлтарақпен конструктивтік бірлікті құрайтын және алдыңғы бөлікте сопақша ендірмесі бар аяқ киім.

Чувяктар – үстінің дайындамасы конструкциясы бойынша туфлилерге сәйкес келетін табанда ұштастырылатын арнайы тетігі жоқ, өкшесі немесе нәлі 5 мм аспайтын аяқ киім.

Жазғы ашық туфлилер – тек қана өкше бөлігі ашық немесе тек қана тұмсық бөлігі ашық немесе өкше және тұмсық бөлігі ашық туфлилер.

Белдікті туфлилер – үстінің дайындамасы әртүрлі еңді өзара біріктірілген немесе біріктірілмеген жеке белдіктерден тұратын туфлилер.

Пантолеттер – үстінің дайындамасы табанның тілерсек-башпай буынындағы облысының жағын жауып тұратын және тек қана жұлығы бар аяқ киім.

Опанкілер – қалыпталған ұлтанның майысқан шетін үстінің дайындамасына желім және жіптермен немесе былғары әлде басқа материалдардан жасалған баулар арқылы тоқылып біріктірілген аяқ киім.