- •Титульный лист тапсырма
- •1.Аяқ киімнің даму тарихы мен жіктелуі
- •1.1 Аяқ киімдердің жас-жыныстық белгісі бойынша топтастыру
- •Аяқ киім топтары және өлшемдері
- •1.2 Аяқ киім бөлшектері,олардың өлшемдері және формалары
- •1.3 Аяқ киім асты бөлшектерінің жұмысы
- •1.4 Аяқ киімнің астыңғы бөлшектерінің сипаттамасы
- •Аяқ киім астының сырқы бөлшектері:
- •Аяқ киімнің астының ішкі бөлшектері:
- •Аяқ киім астының аралық бөлшектері:
- •1.5 Аяқ киім үсті мен астын ұстастыратын әдістер
- •2. Модельдік құжат
- •2.1 Аяқ киім сипаттамасы
- •3. Аяқ киім асты бөлшектерін жобалау
- •3.1. Аяқ киімнің жазық бөлшектерін жобалау
- •3.1.1. Қалыптың із жағынан жазба алу
- •3.2. Туфлидің қалыпталған ұлтанын жобалау
- •3.2.1. Қалыпталған ұлтанның ішкі контурын жобалау
- •3.2.2 Қалыпталған ұлтанның жүрілмейтін жағын жобалау
- •3.2.3 Қалыпталған ұлтанның жүрілетін бетін жобалау
- •3.2.4 Ұлтанның кескіндерін және қималарын жобалау
- •3.3 Қатаң өкше және тұмсық сірісінің контурын жобалау
- •3.4 Салмалы ұлтарақты пен төсенішті жобалау
- •Әдебиеттер тізімі
1.Аяқ киімнің даму тарихы мен жіктелуі
Өзінің байырғы турінде аяқкиім пішу көне заманнан-ақ мәлім болған. Қоғамның дамуына орай аяқкімге қойылатын талаптар артып, өндіріс өсті, сондай-ақ қоршаған орта өзгеріске ұшырады. Аяқ киім пішу барынша жетіле түсті.
Аяқкиім пішудің пайда болу және даму процессін оқып-үйренy бұрынғы қателіктерді болдырмауға, ic жүзінде қалыптасып, сыннан өткен заңдылықтарды пайдалануға, сондай-ақ жаңа пішімдер жасауға творчестволықпен келуге мүмкіндік берді.
Архитектураның, киімнің және аяқкиімнің дамуының тарихи жолын шартты түрде бірнеше ipi кезеңге бөлуге болады (суретте).
Аяқ киімнің пайда болуы алғашқы адамдардың еңбек қызметімен олардың қоршаған ортаға бейімделуімен, өз денесін жарақаттанудан және ортаның қолайсыз әсерінен, яғни суықтан, ылғалдан, ыстық құмнан, үшкір тастардан, тікенекті өсімдіктерден т.б. қорғануымен етене тығыз байланысты.
Алғашқы адамдардың аяқкиімі көбінеше жануарлардың артқы аяқтарынан сылынып алынған терілepi болды, оларды екі, үш, тіпті одан да көп бөліктерге бөліп, өсімдіктердің тамырларымен не сабақтарымен немесе теріден тілініп алынған таспамен қажетті мөлшерде, шыдамды әрі икемді етіп тікті. Осылайша нағыз қарапайым пішy жүзеге асырылды. Аяқкиім пішy біртіндеп жетілдіріле түсті. Аяқкиімнің астыңғы бөлігінің тез тозуы жоғарғы жағындағы тозбаған материалды тағы да пайдалануға ұмтылыс аяқкиімнің астынғы бөлігіне терінің бірнеше қиындысын қосымша тігу (кейін табаны) жөнінде ой тудырды.
Аяқ киімнің ең көп тозатын жері өкшелік бөлігі. Өкшесіз аяқ киімде адам өзін жеткілікті түрде орнықты сезінбейді. Табанның өкшелік бөлігін биіктетіп материалдың бірнеше қабатын беттестірді, соның нәтижесінде өкше пайда болды. Бұл бөліктің табанның ортаңғы бөлігін арнаулы бөлікпен-тетікпен тиянақтау қажеттігін тудырды.
Аяқ киімнің өкшелік бөлігінің беттік материалы тез мыжылып тозады, бұл сірілікті тудырады.Аяқкиім табанының тұмсықтық бөлігін қорғау және пішінің сақтау мақсатында қатты ұлтан жасайды. Аяқкиім ерлерге, әйелдерге жэәе балаларға арналып дайындалады. Ол тұтынушының қызметіне де сәйкес болуы тиіс.
Аяқ киім пішуде оны пайдалану жағдайлары да ескеріледі. Мәселен, оңтүстік және далалы аудандарда сандалий типтес аяқкиім тиімдірек. Қалыпты климаты бар аудандарда маусымдық аяқкиімдер: туфлилердің, жартылай қонышты бәтеңкелер мен олардың түр өзгерістері қарастырылады. Орманды және солтүстік аудандардың тұрғындары етік типтес аяқкиім киеді.
Аяқ киім әзірлегенде материал жұмсалатын еңбекті мүмкіндігінше аз шығындауға ұмтылып, экономикалық жағынан тиімді пішім жасайды.
Осылайша, сонау бағзы заманнан-ақ кқрапайым аяқкиім пішіп, адамдар тұтынушылардың талаптарын ғана ecкеріп қоймай, өндipic мүмкіндігімен де санасып отырды.
1.1 Аяқ киімдердің жас-жыныстық белгісі бойынша топтастыру
Жас-жыныстық белгісіне қарай аяқ киімді ерлердікі, әйелдердікі, ересек балалардікі, мектеп жасындағы балалардікі, бойжеткен қыздардікі, мектеп жасына дейінгілердікі, гусариктер мен пинеткалар деп бөледі. Аяқ киім топтары және өлшемдері төменгі қатарда көрсетілген.
