- •Титульный лист тапсырма
- •1.Аяқ киімнің даму тарихы мен жіктелуі
- •1.1 Аяқ киімдердің жас-жыныстық белгісі бойынша топтастыру
- •Аяқ киім топтары және өлшемдері
- •1.2 Аяқ киім бөлшектері,олардың өлшемдері және формалары
- •1.3 Аяқ киім асты бөлшектерінің жұмысы
- •1.4 Аяқ киімнің астыңғы бөлшектерінің сипаттамасы
- •Аяқ киім астының сырқы бөлшектері:
- •Аяқ киімнің астының ішкі бөлшектері:
- •Аяқ киім астының аралық бөлшектері:
- •1.5 Аяқ киім үсті мен астын ұстастыратын әдістер
- •2. Модельдік құжат
- •2.1 Аяқ киім сипаттамасы
- •3. Аяқ киім асты бөлшектерін жобалау
- •3.1. Аяқ киімнің жазық бөлшектерін жобалау
- •3.1.1. Қалыптың із жағынан жазба алу
- •3.2. Туфлидің қалыпталған ұлтанын жобалау
- •3.2.1. Қалыпталған ұлтанның ішкі контурын жобалау
- •3.2.2 Қалыпталған ұлтанның жүрілмейтін жағын жобалау
- •3.2.3 Қалыпталған ұлтанның жүрілетін бетін жобалау
- •3.2.4 Ұлтанның кескіндерін және қималарын жобалау
- •3.3 Қатаң өкше және тұмсық сірісінің контурын жобалау
- •3.4 Салмалы ұлтарақты пен төсенішті жобалау
- •Әдебиеттер тізімі
Титульный лист тапсырма
МАЗМҰНЫ
|
Кіріспе
|
4 |
1. |
Аяқ киімнің даму тарихы мен жіктелуі
|
6 |
1.1 |
Аяқ киімдердің жас-жыныстық белгісі бойынша топтастыру және олардың түрлері
|
7 |
1.2 |
Аяқ киім бөлшектері,олардың өлшемдері және формалары |
8
|
1.3 |
Аяқ киім асты бөлшектерінің жұмысы
|
9 |
1.4 |
Аяқ киімнің астыңғы бөлшектерінің сипаттамасы
|
9 |
1.5 |
Аяқ киім үсті мен астын ұстастыратын әдістер
|
12 |
2. |
Модельдік құжат
|
14 |
2.1 |
Аяқ киім сипаттамасы
|
15 |
3. |
Аяқ киім асты бөлшектерін жобалау
|
17 |
3.1. |
Аяқ киімнің жазық бөлшектерін жобалау
|
17 |
3.1.1 |
Қалып ізінің жазбасын алу
|
17 |
3.2 |
Туфлидің қалыпталған ұлтанын жобалау
|
18 |
3.2.1 |
Қалыпталған ұлтанның ішкі контурын жобалау
|
18 |
3.2.2 |
Қалыпталған ұлтанның жүрілмейтін жағын жобалау
|
22 |
3.2.3 |
Қалыпталған ұлтанның жүрілетін бетін жобалау
|
23 |
3.2.4 |
Ұлтанның кескіндерін және қималарын жобалау
|
23 |
3.3 |
Қатаң өкше және тұмсық сірісінің контурын жобалау
|
23 |
3.3.1 |
Салмалы ұлтарақты пен төсенішті жобалау
|
24 |
|
Әдебиеттер тізімі
|
25 |
Кіріспе
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Халқына арналған «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деген жолдауын жолдады. Бұл жолдауда Президент бастапқы жағдайда біздің ел қандай болғанын егжей-тегжейлі баяндап берді. Біздің елде жұмыс жасап жатқан нарықтық экономиканың жақсы жұмыс істеп жатқанын, халқымыздың жағдайы жақсара түскенін атап айтты. Республикада еліміздің экономикасын жақсартуға арналған индустриалдық-инновациялық стратегиясы жұмыс істей бастады.
Аяқ киім біздің өмірде маңызды орын алады. Себебі, адам өз уақытысының көбісін өндірісте, көлікте және әртүрлі оқу, мәдениет, әкімшілік мекемелерінде өткізеді. Осыған орай, ол ыңғайлы болуымен қатар дымқылданбайтын және сәнді болуы тиіс. Сол аяқ киімдерді жасайтын былғары шикізаты Қазақстанның мақтанышы және өте кең тараған шикізаттардың бірі болған. Ол, аяқ-киім, былғары-галантереялық, ер-тұрман бұйымдарын және т.б. халық тұтынатын тауарлар жасау үшін кеңінен пайдаланылып келді.
Аяқ киім өнеркәсібіндегі ғылыми-техникалық прогресстің базасын құру үшін микропроцессорларды қолдана отыра автоматтандырылған жүйелерді енгізуді қолға алу, аяқ киім үсті үшін жаңа текстиль және трикотаж материалдарын шығаратын өндірісті ұйымдастыру, үйкеліске төзімді нәлдері бар өкшелерге, аяқ киімдік қалыптарға арналған жеңілдетілген құйма пластмассаларды қолдану технологиясын енгізу,жоғары сапалы аяқ киімдерді шығаруға арналған жаңа бөлшектер мен фурнитураларды шығаруды меңгеру қажет.
Қазіргі кезде, былғары-аяқ-киім өндіріс саласы зор қиыншылықтарды басынан кешіп отыр. 1990 жылдың басынан бастап Қазақстанның былғары аяқ-киім өнеркәсібінде өндіріс едәуір күрт түсе бастады. Бұл ішкі инфраструктураның дамымауына, саладағы айналу қаржыларының жоқтығына және дүние жүзілік нарықта бізде конкуренттік тәжрибенің жоқтығына байланысты болды. Сонымен қатар, Республиканың жеңіл өнеркәсібін дамытуға қажетті инвестициялар көлемі барған сайын азая түсті.
Біздің Республика шикізат ресурстарын шығаратын және дайын өнеркәсіп бұйымдарын тұтынатын ел ретінде халықаралық еңбек бөлу процессіне бірте-бірте тартылып жатыр. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары конкуренцияға төзімді болу үшін, нарықты отандық тауарлармен толтыру үшін, шетелдерден келетін тауарларға шектеу енгізу керек немесе ол тауарларға баж салығын көбейтіп, өзіміздің тауар өндірушілерімізді қорғауымыз қажет.
