Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ебек ораууууу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182.7 Кб
Скачать

25. Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік.

. Өндірістік қондырғылар арасындағы кең қолданысқа ие болған жеке компьютер ЭМӨ бірден бір көзі болып табылады. ҚР СанЕмН 1.01.004.01 «Жеке компьютерлер мен видеодисплейлік терминалдармен жұмыс істеуді ұйымдастыру мен жұмыс жағдайларына қойылатын гигиеналық талаптарға» сәйкес, диспетчерлік, операторлық, есептеу техника бөлмелерінде, кеңселер мен барлық оқуу орындарында шу деңгейі 50 дБА аспауы керек, ал инженерлік –техникалық жұмыстарды жүргізу кезінде зертханалық, аналитикалық және өлшемдік бақылауларды жүргізу барысында – 65 дБА болуы керек.Есептеу техникасының шулы агрегаттары орналасқан бөлмедегі жұмыс орындарында - 75 дБА.Компьютерді пайдаланудың бір ерекшелігі тұтынушыға ЭМӨ әсерін азайту үшін қашықтықпен қорғану принципін толықтай ұстану мүмкіндігінің жоқтығында. Қарастырылып отырған жағдайда бұл принцип толықтай жүзеге асырылмайды. Экранның, есептеу техникасының екі жағынан және артынан 30 см дейінгі қашықтық аймағында ЭМӨ күштірек туындайтынын ескерсек, онда мониторды көру және эмиссиялық сипатынан бірінші кезекте зардап шегетін адам көзінің экраннан 60-70см кем емес қашықтықта болатындай етіп отыру керек. Сонымен қатар көршілес орналастырылған мониторлардың бір-бірінен қашықтығы 1,2 м, ал егер компьютерлер бір-бірінің артынан бір қатарға орналастырылса бір компьютердің артқы жағымен келесі компьютердің алдыңғы жағына дейінгі қашықтығы 2м кем болмауы керек. Бөлмеде комьютерлерді периметр бойынша қабырғалар бойымен орналастыру керек. Монитор экранындағы статикалық потенциалды төмендету үшін міндетті түрде жерлендірілген сертификатталған қорғаныс фильтрін қолдану керек, ол дисплейдің оптикалық параметрлерін жақсарта отырып экраннан таралатын кең жиілік диапазонындағы электромагниттік сәулелерді зайтады. Қазіргі таңда қорғанстық экран фильтрлерінен басқа да ЖЭЕМ тұтынушыларының жеке қорғаныс құралдары ретінде көз күштемесін азайта отырып бірнеше факторлардың әсерінен қорғайтын арнайы спектралды көзәйнектер ұсынылады. Жұмыс барысында қорғаныс көзәйнектерімен қатар маңдайша байламдары, кей жағдайларда халат ұсынылады. Металл талшықтары бар қорғаныс байламдары жұмыс орнындағы барлық эмиссиялық өлшемдердің әсерінен маңдайдағы қан тамырларды қорғауға арналған және бастапқы жұмыс жағдайындағы денсаулық күйінің көптеген көрсеткіштерін өзгеріссіз етіп экран алдында ұзақ уақыт жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Компьютермен жұмыс істеу барысында уақытпен қорғану принципі кең қолданысқа ие. ЭЕМмен жұмыс істеу түрі мен жұмыстың ауырлық категориясына байланысты (әсіресе ақпаратты оқу, ақпаратты енгізу, диалог түріндегі шығармашылық жұмыс) Санитарлық ережелермен регламенттелген үзілістер белгіленген 30 минуттан 70 минутқа дейін. Түнгі уаұытта жұмыс істеу барысында үзілістер ұзақтығы 60 минутқа дейін созылады. Мектеп оқушылары үшін ЖЭЕМ жұмыс істеу уақыты Санитарлық нормалармен едәуір қысқартылған (бастауыш сыныптары үшін 10-15 минут, жоғарғы сыныптар үшін -30-40 минут). Ересектер үшін ЭЕМ жұмыс істеу уақыты жалпы жұмыс уақытының барысында жалпылама 4 сағаттан аспауы керек, ал компьютермен үздіксіз жұмыс істеу уақыты 1,5-2 сағаттан аспау керек. Әр-бір сағат сайын үзілістер арасы кемінде 10-15 минутты құрауы керек, осы үзілістер аралығында көзге, қол мен аяққа және белге арналған бірқатар жаттығулар жасау керек. Жүкті әйлдер көптеген патологиялардың алдыналу үшін мүлдем компьютермен жұмыс істемегені абзал.