- •"Еңбек қорғау" пәнінің мақсаты мен мәселелері.
- •2. Келесі түсініктерге анықтама беріңіз: қауіпсіздік техникасы, өндірістік
- •3. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жіктелуі.
- •4. Еңбек қорғаудың нормативті - құқықтық негіздері. Мемлекеттік
- •5. "Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер
- •6. Еңбек қорғау және қауіпсіздік заңнамаларының орындалуын бақылау
- •7. Еңбек қорғау талаптарының бұзылуына жауапкершілік.
- •8. Еңбек қорғау бойынша мемлекеттік нормативтік талаптар. Қазақстан
- •9. Зиянды және қауіпті жұмыстарды және ауыр жұмыс жасаған үшін
- •10. Еңбек қорғау экономикалық қамтамасыз етеулуі.
- •11. Еңбек қорғау және еңбек ережелерін талапқа сай болуы үшін
- •12. Еңбектің физиологиясымен психологиясы Адам ағзасының функциясы.
- •13. Еңбектің негізгі функциялары. Еңбектің топтық формасы, механикалық
- •14. Еңбек ауырлығын жіктеу.
- •15. Шаршау. Қажу. Еңбек психологиясы өндірістік психологиялық жағдай.
- •16. Қателік жасаудың психологиялық себептері.
- •17. Еңбек пен демалыстың рационалдық режимдері.
- •18. Апатты жағдайда адамның іс-әрекеті.
- •19. Өндірістік санатария және еңбек гигиенасы.
- •20. Жұмыс орнының микроклиматы.
- •21. Желдету.
- •22. Шу. Діріл. Төмендету тәсілдері (амалдары).
- •23. Инфрадыбыс. Ультрадыбыс.
- •24. Электромагниттік толқындарды ұзындығы және жиілігі бойынша жіктеу.
- •25. Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік.
- •26. Лазер сәулесінен қорғану.
- •27. Еңбек шарты бойынша өндірістік объектілерді аттестациялау.
- •28. Жұмыс орның еңбек шарты бойынша аттестациялау әдістемелері.
- •29. Еңбек шарттарын бағалау. Жұмыс орнын аттестациялау мерзімдері.
- •30. Еңбек қорғау талаптарына сай келетінін айғақтайтын құжат-сертификат
- •31. Рұқсат етілетін тәуекелдер. Мамандық тәуекелді бағалауды жүргізу және
- •32. Тәуекелді сипаттау және экспозицияны бағалау.
- •33. Тәуекелдің профилактикасы.
- •34. Өндірістік қауіпсіздіктің техникалық регламентизациясы Қазақстан
- •35. Міндетті түрде техникалық регламент неден құралу керек.
- •36. Техникалық регламенттің негізгі мақсаты.
- •37. Техникалық регламенттің субъектілері.
- •38. Қауіпті өндірістік нысандар (қ.Ө.Н.) қауіптілігі жоғары жұмыстарды
- •39. Қауіпті өндірістік нысандар қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүргізу
- •40. Қауіпті өндірістік нысандар қауіптілігі жоғары жұмыстарда
- •41. Қауіпті өндірістік нысандар қауіпті жұмыстарды орындау
- •42. Қауіпті өндірістік нысандар өндірістік үрдістердің және өндірістік
- •43. Қауіпті өндірістік нысандар өндірістік жабдықтың қауіпсіздік талабын
- •44. Қауіпті өндірістік нысандар өндірістік жабдыққа қойылатын талаптар.
- •45. Қауіпті өндірістік нысандар жүктерді ауыстыру, көтеру және қаптап
- •49. Қауіпті өндірістік нысандар жұмыс орнына қойылатын қауіпсіздік
- •55. Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету электр тоғымен зақымданудан
- •67. Өрт сөндіру құралдары.
- •75. Еңбек қорғау меңгерушілерінің уәкілеті.
- •78. Еңбек қорғау шараларын жоспарлау және қаржыландыру.
"Еңбек қорғау" пәнінің мақсаты мен мәселелері.
«Еңбек қорғау» пәні өндірістік қауіптіліктер мен кәсіби ауруларды анықтайтын, жазатайым оқиғаларды, кәсіби ауруларды, апаттар мен өрттерді жою мақсатымен әлсіздендіру мен алдын алуды жетілдіретін әлеуметтік-техникалық ғылым болып табылады.Еңбек қорғау – бұл заңнамалық және құқықтық актілердің, оларға сәйкес әлеуметтік-құқықтық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, ұйымдастырушылық, өрт қауіпсіздік, электрлік қауіпсіздік және емдік-сауықтыру шаралары мен адамның еңбек үрдісінде денсаулығын сақтау мен жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін құралдар жүйесі. Курстың әдістемелік негізі – еңбек жағдайының, технологиялық үрдістердің, апаттық жағдайлардың пайда болу, қауіпті факторлардың пайда болу, зиянды өндірістік заттардың бөлінуі мүмкіндігі тұрғысынан қарағандағы аппараттар мен жабдықтардың ғылыми талдауы. Осындай талдау негізінде өндірістің қауіпті аймақтары, мүмкін болатын апаттық жағдайлар анықталады және оларды ескерту мен салдарларын азайту бойынша шаралар жасалады.Еңбек қорғау ғылыми пән ретінде алғаш рет КСРО-да әлеуметтік-құқықтық, техникалық және медициналық ғылымдардың негізінде пайда болды. Оның зерттелуінің негізгі объектісі болып адам мен еңбек үрдісі, өндірістік орта, адамның өнеркәсіптік жабдықтармен өзара қатынасы, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, технологиялық үрдістер табылады
2. Келесі түсініктерге анықтама беріңіз: қауіпсіздік техникасы, өндірістік
санитария, қауіпті өндірістік фактор, өндірістегі сәтсіз жағдай, жарақат,
еңбектің қауіпсіздігі, өндірістік қондырғылар және үрдістердің қауіпсіздігі,
қауіпті аймақ, жеке және ұжымды қорғау құралдары, кәсіби аурулар, өрт
жарылыс қауіпсіздігі, еңбек заңнамасы, қауіпсіз қашықтық.
Қауіпсіздік техникасы – қауіпті өндірістік факторлардың жұмыскерлерге деген әсерінің алдын алатын техникалық құралдар мен ұйымдық шаралар жүйесі.
Өндірістік санитария – зиянды өндірістік факторлардың жұмыскерлерге деген әсерін азайтатын немесе жоятын техникалық құралдар мен ұйымдық шаралар жүйесі.
Қауіпті өндірістік фактор – белгілі бір жағдайдағы жұмыскерге әсері жарақатқа немесе басқа да денсаулықтың күрт нашарлауына алып келетін фактор.
Зиянды өндірістік фактор – белгілі бір жағдайдағы жұмыскерге әсері ауруға немесе жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне алып келетін фактор.
Өндірістегі сәтсіз жағдай – қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге еңбек міндеттерін орындау кезіндегі немесе жұмыс басшысының тапсырмаларын орындау кезіндегі әсері.
Жарақат (грек тілінен аударғанда – рана) – сыртқы орта факторы әсерінен туындайтын адамның тіндері мен мүшелерінің бүтіндігі мен қызметінің бұзылуымен жүретін зақымдалуы.
Еңбек қауіпсіздігі – қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың жұмыскерлерге деген әсері болмайтын кездегі еңбек жағдайы.
Өндірістік жабдық пен үрдістің қауіпсіздігі – өндірістік жабдықтың немесе үрдістің нормативтік-техникалық құжаттамамен бекітілген жағдайлардағы еңбек қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін сақтау қасиеті.
Қауіпті аймақ– қауіпті немесе зиянды өндірістік фактордың жұмыскерге деген әсері мүмкін болатын кеңістік.
Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары бір, екі және одан көп жұмыскерлерді қорғауға арналған (қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерін азайту немесе алдын алу).
Кәсіби аурулар зиянды еңбек жағдайының әсерінен туындайды.
Өрт немесе жарылыс қауіпсіздігі – өрт пен жарылыстарды жою мен профилактикасына, олардың әсерін шектеуге бағытталған ұйымдық және техникалық құралдар жүйесі.
Еңбек заңнамасы – бұл қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыз етуге қатысты еңбек заңнамасының бөлігі.
Қауіпсіз қашықтық – жұмыскерді қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге қажетті жұмыскер мен қауіптілік көзі арасындағы аз рұқсат етілген қашықтық.
