- •3 Ғимараттардың фермалары мен колонналары.
- •13 Билет
- •14 Билет
- •1 Жүк тасымалдау және оны ұйымдастыру.
- •2 Бір уақытта жану коэффициенті.
- •3 Желдеткіш ауаның саны.
- •1 Аэрациялық цехтың схемасы.
- •2 Ойылған орынның (проемы) жылулық пердесі.
- •3 Газдың, мазуттың шығыны.
- •1 Ағымды механикалық желдету.
- •2 Тұрмыстық орындар.
- •3 Жоғары қысымды ауаның шығыны
14 Билет
1 Темір-бетонды колонналардың түрлері.
Бір қабатты өндірістік үйлердің темірбетон бағандары консольмен және оларсыз (көпір крандар болмаған жағдайда) бола береді. Жоспардағы орналасуы бойынша оларды ортаңғы және шеткі қатарлардың бағандары деп бөледі.
Көлденең қимасына байланысты бағандар тікбұрышты, таңбалы пішімдіжәне екібұтақты болады. Көлденең қима көлемі әрекеттегі жүктемеге байланысты. Мынадай бірыңғайланған бағандар қимасының көлемдері қолданылады.: тікбұрыштылар үшін -400х400, 400х600 ,400х800, 500х500, 500х600, 500х800 мм; Таңбалылар үшін – 400х600, 400х800 мм;
Екібұтақтылар үшін – 400х1000, 500х1000, 500х1300, 500х1400, 500х15000, 600х1400, 600х1900, 600х2400 мм
Бағандар құрылыс алаңында жиналатын бірнеше бөліктен тұруы мүмкін. Консольдері бар бағандарға кранның үстінен және атсынан жүретін бұтақтар енгізіледі. Кран үстінен жүретін бұтақтардың қимасы көбінесе квадрат немесе тікбұрышты – 400х400 немесе 500х500 мм.
Бағандар ұзындығын цехтын биіктігімен іргетастағы бітеу тереңдігін қоса санап қабылдайды, олар көпір крансыз тікбұрышты қимасы бар бағандар үшін 750 мм, көпір крандары бар тікбұрышты және қостанбалы қимасы бар бағандар үшін 850 мм, екібұтақты бағандар үшін 900-1200 мм.
Болат бағандардағы қималар биіктігі бойынша тұрақты және ауыспалы болады. Оларды болат конструкциялар зауытында өзара пісіру немесе шегелеумен құрастырылатын илектеу профилінен дайындайды. Бағаннан іргетасын көлемді аумағына салмақ жіберу үшін бағанның төменгі басына табан жасалады.
Фермалар сегменттік аркалы, параллель белдемелермен болулары мүмкін. Үшбұрышты және т.б. фермалардың төменгі және жоғарғы белдемелері арасына тіреу және қиғаш тіреулер жүйесін орналастырады.
Ферма жабының көтергіш конструкциялары – бұл үйдің маңызды конструктивті элементі. Жұмыс сипаты бойынша олар жазық және кеңістікті, ал материалы бойынша темірбетон, металл және құрастырылған болып бөлінеді.
Темірбетон фермаларды үйлердегі аралықтар 18, 24, 30 және 36 м болған жағдайда қолданады. Фермалардың ұстынға бұрандамалармен және бекіту элементтерін пісіру арқылы бекітеді. Жабынның ең нәтижелі көтергіш конструкциялары болып болат фермалар табылады. Фермалардың белдемелері мен керегеторын бұрыштықтардан немесе құбырлардан құрастырады және оларды өзара пісіру арқылы біріктіреді. Фермалардың ұстындармен түйіндесуін негізінен топсалы қылып жасайды
2 Жер төле орындары.
Жер төле қабаты - еден белгісі онда орналасқан бөлме биіктігінің жартысынан астамы жердің (жаяу жолдың, қорғаныш төсемнің) жоспарлы белгісінен төмен орналасқан қабат.Жертөлелер тәуліктік және жылдық температуралардың тұрақтылығымен сипатталады, бұл жердің жылу оқшаулағыш қасиеттері мен табиғи күн жарықтауының болмауымен байланысты.
Биіктігі екі метрден биік жертөлелер кеңістігінің биіктігі аласалау болған кезде техникалық жертөле деп аталады және факт жүзінде бөлме деп саналмайды. Биік ғимараттарда жертөлелер әдетте күрделірек болады. Сонымен қатар олар бінеше қабат бола алады. қабаттары аз ғимараттардың жертөлелелері үлкен тереңдікке ие болмайды. ХХ ғасырдың соңғы үштігінде жертөлесі бар тұрғын үйлердің саны азайды. себебі, орталық жылумен қамтамасыздандыру кеңінен тарай бастады және бомба қорғаныстардың қажеттілігі жойылды. Жертөлесі жоқ ғимараттарды тұрғызу жерасты бөлігінің бағасын едәуір төмендетеді. жертөленің сыртқы қабырғалары грундттың белсенді қысылуының сезімталдылығына сенеді, сонымен қоса грундпен берілетін уақытша жүктемелерге де сенеді. Жертөлелердің сумен толып кетуін болдыртпау үшін құрылыс кезінде дренажды жүйе орнатылады, сыртқы қабырғалар мен еденнің гидрооқшаулануы жүргізіледі, ауаның ылғалдылығын ауаның ылғалдылығын төмендету үшін желдету жүйесі орнатылады.
3 Цехтың жалпы ауданы және оны есептеу.
Цехты жоспарлау - бұл өндрістік, көтергіш көліктік және басқа құрал - жабдықтарды орналастыру жоспары. Цех жоспары 1:200 немесе 1:100 масштабында орындалады; оларды келесі элементтердің: үй бағандарының сыртқы және ішкі қабырғалардың, қақпаларға, есік пен терезелерге арналған ойықтары бар қалқалардың, цез ішіндегі транспортты крандар , кран балкалар және т.б рельс жолдарының және басқа да бүкіл технологиялық жабдықтардың , өткелдер мен көлік жолдарының, қоймалар мен резервтік орындарыдың шартты белгілері тиіс.
Цехтың аудандарын тағайындау жағынан өндірісті, көмекші және тұрмыстық деп бөледі. Өндіріс ауданына өндіріс жабдықтары мен жұмыс орындары орналасады. Олар – слесарьлардың жұмыс орындары, құрылғы және көмекші өндіріс операциялардың орындары, мастерлер мен бақылаушылардың орындары, механизациялау мен автоматтандыру орындары, операция аралық көлігі, аралықтар.
Көмекші аудандарға көмекші бөлімшелер (ремонт қызметі, лабараториялар, қоймалар) сонымен бірге корпуста орналасқан цехтардың арасындағы магистральды жолдар жатады.
Қызмет - тұрмыстық аудандарда администрация - техникалық персоналдардың бөлмелерін орналастырады, әлеуметтіе мекемелер, санитарлы - гигиеналық объектілер, тамақтандыру, медициналық және мәдени қамтамасыз ету орындары келтіреді. Цехтың жалпы ауданы ол өндіріс, көмекші аудандардың қызмет тұрмыстық аудансыз қосындысы. Жобалаудың технологиялық бөліміне жалпы ауданның есебі кіреді.
Ауданның есебі және қызмет тұрмыстық бөлмелердің жобалаудың құрылысы жобалаудың архитектура-құрылысытық бөліміне жатады, ол арнайы жобалау мекемелерде технологиялық бөлімін жасайтын жобалаушының тапсырмасымен атқарылады.
Цех ауданын үлкейтіп анықтайды. Үлкейтілген көрсеткіштер ретінде жабдық бірлігіне немесе бір жұмыс орнына келетін салыстырмалы ауданның көрсеткіштерінқолданады
Цехта жабдықтарды орналастырудың алдында, цехтың келтірмелі ауданын табу қажет. Ол үшін алынған пештердің санын цехтың ірі ауданның нормасына көбейтеді, осымен өндірістің келтірмелі ауданын алады. Алдын ала пеш залының өндіріс орындарды есептеу үшін бір пешке арналған келесі аудан нормаларынан шығару болады: инструменталды-термиялық цехта 25-30м2, штамты термиялық цехта 30-50м2, екінші термиялық цехта итергіш және конвейерлік пештермен 50-90 м2, соққы-термиялық цехта 80-130м2; жүру жолдары бөлек саналады және орта есеппен 25-30% өндіріс ауданын құрайды.
15-билет
1 Жарық және біріктірілген шамдардың профилдері.
Фонарь деп - өндіріс аландарының жоғары жағын жарықтандыруға және де үйлердегі қажетті ауа алмасуына арналған әйнектелген немесе жарым-жартылай әйнектелген үй жабынының үстіндегі жайүсті салынымын айтады.
Мақсаты бойынша фонарьлар жарықтық,аэрациялық және құрастырылған болып бөлінеді.
Қима профилі бойынша фонарьлар тікбұрышты,М-тәріздес,шедовые және зенитті.
Фонарьларды жаасау қажеттілігі негізделген болуы керек.Осылай,үйлерді күн сәулесінің тура әсерінен қорғау үшін,әйнектелген жағы солтүстікке қарайтын шедовый фонары керек.Көп аралықты үйлерге арналған құрастырылған фонарьларды барлық аралыққа,біркелкі биіктікте орналастырған тиімді.
Фонарьлар болаттан жасалады.Темірбетонды өте сирек қолданады.
Рамалық фонарьларды құру,едәуір күрделі болуына байланысты,фермааралық зоналарда көп қар қалдықтары немесе әйнектің кірленуі салдарынан,талап бойынша жарық түспеуі,оларды құруға жұмсалатын және үйлердің жылу сақтау шығындары көп жағдайда қамтамасыз етілмейді.Соңғы кезде зенитті фонарьлардың жарық өткізетін конструкциясын көрсететін,нәтижелі конструкциялар жасалған.
Зенитті фонарьлар,нүктелі және бөлік типті болады.Зенитті фонарьлар күмбездерінің өлшемдері 1400-1600 мм,ал органикалық әйнектен жасалған панеьдер – 1600х6200 мм болады.
2 Техникалық қажеттілікке кететін электроэнергияны есептеу.
Мұндай жобалық есеп жобаның энергетикалық бөлігін дайындау үшін ғана емес, сондай-ақ бұйымды термиялық өңдеудің өзіндік құнын және цехтың негізгі экономикалық көрсеткіштерін анықтау үшін де қажет.
Техникалық қажеттілікке кететін электр энергиясының шығының ірілендірілген көрсеткіштері, яғни өңделетін детальдардың бір тоннасына электр энергиясының үлесті шығындары бойынша есептеуге болады.
Алайда бұлай есептегенде аса дәл шықпайды. Сондықтан техникалық қаеттілікке кететінэлектр энергиясының шығынын пеш жабдықтардың қуаты мен оған салынуы бойынша анықтайды ұсынамыз: Э= ·Fд·,
мұнда Э- энергияның жылдық шығыты, кВт.сағ;
Ny-жабдықтың белгіленген қуаты кВт
Кз және Ки - жабдықтарды салу және пештердің қуатын пайдалану коэфициентті, ол ұстаудың ұзақтығына байланысты 0,45-0,50 болады.
Күш электр энергиясы шығынының жобалық есесбін алдыңғы формула бойынша анықтайды, орнатылған двигательдердердің қуатын паспорттық мәліметтерден таңдайды. Двигательдердің мөлшерін қуаты мынадай:
Ыспалы тегістеу станоктары
Беріктік өлшегіштер.........0,3-0,5
Итергіштер........................6-7
Конвейерлер......................15-20
Ауа үрлегіштер..................20-30
Тельферлер мен крандар...30-50
Жарықтандыруға кеткен электр энергиясы шығынның мына формуламен есептейді:
мұндағы Эо- жарықтандыруға кеткен электр энергиясы кВт.сағ;
F- жарықтандырылатын алан, м2;
q- 1 м2, алаңға берілетін ваттын үлестің саны, ол өндірістікүйлерге 11-ге тең, ал тұрмыстық және қызметтік алаңға - 10-ға тең;
τ - бір жылда жанатын сағат саны, ол өндірістік үйлерге 11-ге те, ал тұрмыстық және қызметтік аланға - 10-ға тең;
һ0- бір мезгілде жану коэфициенті, пеш залы үшін 0,8, қызмет және тұрмыстық үйлер үшін - 0,7, жертөлелер үшін - 0,9 болып қабылданады.
Газ бенмазуттың шығынын не цехтын іс жүзіндегі мәліметтері бойынша, не үлесті шығын бойынша ірілендірілген көрсеткіштермен есептейді.
Бытыралау аппараттарында, шынықтыру престерінде, итрегіштерде, пеш тосқауылдарының көтергіштерінде және т.б. қолданылатын жоғары қысымды ауа шығының жобалық есебі жүргізіледі.
Сағылған ауа шығынын ірілендірілген нормалар бойынша анықтайды:
Шынықтыру престері және машиналар.......0,4-0,5,
Көтергіштер...................................................0,5-0,7,
Бытырлау аппараттары.................................2-5.
Отынның толқын жанып кетуі үшін қажетті төмен қысымды ауашығынын газды барынша пайдаланып анықтайды.
Техникалық және тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсалатын су шығынының жобалық есебі жасалады. Термиялық цехтарда су шынықтыру және шаю бактарында, жуу машиналарында, май суыту қондырғыларында, тұзды пештерде электродтарды суытатын ТВЧ қондырғыларында және т.б. пайдаланылады.
3 Цехтың қосымша ауданы.
Қосалқы аудан- бұл қосалқы қызметтермен, және де бір корпуста орналасқан бірнеше цехтарға немесе учаскелерге қызмет көрсететін магистральды және өрт сөндіру көліктерінің жолдары жүретін цех аймағы.
Өндірістік және қосалқы аудандарды, цехтың жылпы технологиялық ауданға жатпайды және ол жобаның құрылыс бөлігінде ғана ескеріледі. Цех ауданын үлкейтіп анықтайды. Үлкейтілген көрсеткіштер ретәнде жабдық бірлігіне немесе біржұмыс орнынан келетін салыстырмалы ауданның көрсеткіштерін қолданады. Конвейерлі пештері бар таза термиялық цехта бұл салыстырмалы көрсеткіш бір пешке 50-ден 90 м 2 дейін; аспапты-термиялықта-25-30 м2 , ұсталы-термиялықта -80-130 м 2 ; қалыпты-термиялықта - 30-50 м2 құрайды.
Санап болған соң шыққан өндірістік ауданға өткелдер мен көлік жолдарына 25-30% қосады. Технологиялық ауданды барысында қослақы бөлмелерді орналастыру үшін өндірістік ауданға тағы 25-30% қосылады.
19-билет
