- •3 Ғимараттардың фермалары мен колонналары.
- •13 Билет
- •14 Билет
- •1 Жүк тасымалдау және оны ұйымдастыру.
- •2 Бір уақытта жану коэффициенті.
- •3 Желдеткіш ауаның саны.
- •1 Аэрациялық цехтың схемасы.
- •2 Ойылған орынның (проемы) жылулық пердесі.
- •3 Газдың, мазуттың шығыны.
- •1 Ағымды механикалық желдету.
- •2 Тұрмыстық орындар.
- •3 Жоғары қысымды ауаның шығыны
7-билет
1 Өндіріс түрлері және оны ұйымдастыру.
Өндіріс түрлері - өндірістің сыныптық санаты, ол технологиялық үдерістердің, өнімді алу тәсілдерінің сипатына қарай анықталады. Айталық, өнеркәсіптіңөңдеуші салаларында технологиялық үдерістердің бір-бірінен айтарлықтай өзгешелігі бар екі түрін бөліп алуға болады. Бірінші түріне бастапқы шикізат дайын өнімге айналмастан бүрын бірқатар тізбекті қайта өндеуден (сатылардан, кезендерден) өтеді, олардың эрқайсысының өнімдері кейінгі енім үшін дүмбілзат болады. Олар металлургия,тоқыма, химия, әйнек, кірпіш, т. б. өндірістері. Оларда шығын калькуляциялық баптарға орай, әдетте, сатылар, қайта өндеулер бойынша, өндіріс тұрпаттары (түрлері) бойынша есептеледі. Өзіндік құн тек ақырғы өнім бойынша ғана емес, сонымен бірге меншікті өндірісте пайдаланылатын (одан өрі өндеуге жіберілетін) немесе ішінара сыртқа сатылатын дүмбілзаттар бойынша есептеледі. Екінші өндіріс түрлеріне әуелі жекелеген бөлшектер (тетіктер, тораптар, т. б.) дайындалатын, сонан соң механикалық құрастыру жолымен аяқталған бұйым алынатын өндірістер жатады. Машина жасау, аяқкиім, жиһаз, т. б. өндірістер осындай өндірістер болып табылады .
Өндіріс - өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.
Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек:
сол өнімді дайындайтын табиғи зат
өнімді дайындау үрдісінде пайдаланылатын еңбек құралы
адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі
аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы
Өндіріс түрі (үлгісі) - өнім номенклатурасы, жүйелілігі, тұрақтылығы мен шығару көлемі кеңдігінің белгілері бойынша айкындалатын, өндірістің классификациялық (топтастыру) категориясы (дәрежесі).
Жаппай өндіріс - ағымында жұмыс орындарының көбінде бір ғана жұмыс операциясы орындалынатын, ұзаққа созылған уақытта үздіксіз жасалынатын немесе жөнделінетін өнімдер шығарудың үлкен көлемін сипаттайтын өндіріс.
Өндірістік қуаттылық — уакыт бірлігіндегі белгілі бір жағдайда ең ұлкен көлемде шығарылатын бұйымдардың мүмкінділікгі есептеу көлемі. Өндірістік процесс
Өндірістік процесс (іс- амал) — осы өндірісте енімдерді шығару мен өңдеуге кажетті адамдар мен жұмыс құралдарының барлық іс-әрекетінің жиынтығы. Өндіріс қорлары
Өндіріс қорлары — өндіріс процесі кезінде кәсіпорындар пайдаланатын өндіріс құрал-жабдықтары. Өндіріс қоры негізгі қор мен айналым қорынан тұрады. Өндірісті қайта құру
Өндірісті қайта құру — өндірісті негізінен жаңа принцип бойынша қайта құру, (реконструкциялау), қайта жарақтандыру, жабдықтау.
2 Пештің түрлері және оның еңбек шығымдылығы.
Пеш— отын жағу, электр энергиясын түрлендіру нәтижесінде алынған жылуды ғимараттарды жылытуға, материалдар мен бұйымдарды жылулық өңдеуге, т.б. мақсаттарға қолдануға мүмкіндік беретін құрылғы. Пеш жылу алынатын бөліктен, өңделмекші материалдар мен бұйымдар орналастырылатын жұмыстық кеңістіктен, бұйымдарды суытуға арналған жылу әкеткіштен, отын немесе электр энергиясын жеткізетін бөліктен, отын жанғанда бөлінетін қалдық заттарды сыртқа шығаратын құрылғыдан, материалдар мен бұйымдарды Пешке салатын, тасымалдайтын механизмнен, Пешті автоматты басқару жүйесінен, жанудан бөлінген газдардың қызуын пайдалануға мүмкіндік беретін арнайы құрылғылардан т.б. тұрады.
Өнеркәсіптік Пешке заттардың ылғалдылығын кетіретін кептіру Пеші, ерітінділерді буландыратын Пеш, материалдардың агрегаттық күйін өзгертпей қыздыратын Пеш (қыздыру Пеші), заттардың механикалық қасиеттерін өзгертуге арналған терм. Пеш, минералдық шикізаттың құрылымы мен құрамын өзгертетін күйдіру Пеші, материалды сұйық күйге ауыстыруға, яғни балқытуға арналған Пеш (Мартен Пеші,Ватержакетті Пеш), т.б. болып бөлінеді. Арнайы әдістермен қыздырылатын Пештер де (мысалы, плазмалық Пеш, оптикалық Пеш, гелиопеш, т.б.) болады.
Камералы пеш (ағылш. chamber furnace) – металлургиялық өндірістік пештерінің бір тобының жалпылама аты. Бұл пештердің ерекшілігі - қыздыру кезеңінде ішіне салынған бұйымдар пешке қатысты қозғалмай бүкіл қыздыру кезеңінде бірыңғай температуралық режимінде (камера қалпында) жылжымай қыздырылады.[1]
Камералы пеш металл дайындамаларды прокаттау және шыңдау алдында қыздыру, металл бұйымдарды термиялық өңдеу, керамикалық және боялған бұйымдарды күйдіру т.б. мақсаттарда пайдаланады.
Қыздыру әдісіне сәйкес Камералы пештің температурасын бір қалыпты ұстауға немесе өзгертіп отыруға да болады.
Камералы пешке қатты (бу өндіргіштігі 50 – 2500 т/сағ), тозаңданған, газ тәрізді және сұйық отындар жағылады. Оны электр тоғымен қыздыруға да болады.
Доғалы пеш — өнеркәсіптік пеш; онда электр доғасының қызуы металдарды және басқа материалдарды қорытуға пайдаланылады. Онда температураны 2500°с-қа дейін көтеруге болады
Мартен пеші (француз металлургі П.Мартеннің (1824 — 1915) есімімен аталған) — шойын мен болаттыңсынықтарынан химиялық құрама мен сапасы алдын-ала белгіленген болат өндіруге арналған регенераторлы пеш. Алғашқы М. п. 1864 ж. Францияда салынған. М. п-нің құрылымы үстіңгі және астыңғы құрылыстар деп аталатын екі бөліктен тұрады.
Оның үстіңгі құрылысында (5 — 7 м биіктікте орналасқан) жұмыс кеңістігі, ауа мен газ арналары және бүркеніштері орналасады.
Астыңғы құрылыста пеш табанынан төмен орналасқан қож ұстауыштар, регенератор саптамалары мен камералары, клапандар және бас түтін жолы бар.
3 Ғимараттардың фермалары мен колонналары.
Көлденең қимасына байланысты бағандар тетікбұрышты, таңбалы пішінді және екібұтақты болады. Көлденең қима көлемі әрекеттегі жүктемеге байланысты. Мынадай біріңғайланған бағандар қиамсының көлемдері қолданылады: тікбұрыштылар үшін – 400х400, 400х600, 400х800, 500х500, 500х600, 500х800 мм; Таңбалылар үшін – 400х600, 400х800 мм; Екібұтақтылар үшін – 400х1000, 500х1000, 500х1300, 500х1400, 500х15000, 600х1400, 600х1900, 600х2400 мм. Бағандар құрылыс алаңында жиналатын бірнеше бөліктен тұруы мүмкін. Консольдері бар бағандарға кранның үстінен және атсынан жүретін бұтақтар енгізіледі. Кран үстінен жүретін бұтақтардың қимасы көбінесе квадрат немесе тікбұрышты – 400х400 немесе 500х500 мм. Бағандар ұзындығын цехтын биіктігімен іргетастағы бітеу тереңдігін қоса санап қабылдайды, олар көпір крансыз тікбұрышты қимасы бар бағандар үшін 750 мм, көпір крандары бар тікбұрышты және қостанбалы қимасы бар бағандар үшін 850 мм, екібұтақты бағандар үшін 900-1200 мм. Болат бағандардағы қималар биіктігі бойынша тұрақты және ауыспалы болады. Оларды болат конструкциялар зауытында өзара пісіру немесе шегелеумен құрастырылатын илектеу профилінен дайындайды. Бағаннан іргетасын көлемді аумағына салмақ жіберу үшін бағанның төменгі басына табан жасалады. Фермалар сегменттік аркалы, параллель белдемелермен болулары мүмкін. Үшбұрышты және т.б. фермалардың төменгі және жоғарғы белдемелері арасына тіреу және қиғаш тіреулер жүйесін орналастырады. Ферма жабының көтергіш конструкциялары – бұл үйдің маңызды конструктивті элементі. Жұмыс сипаты бойынша олар жазық және кеңістікті, ал материалы бойынша темірбетон, металл және құрастырылған болып бөлінеді. Темірбнтон фермаларды үйлердегі аралықтар 18, 24, 30 және 36 м болған жағдайда қолданады. Фермалардың ұстынға бұрандамалармен және бекіту элементтерін пісіру арқылы бекітеді. Жабынның ең нәтижелі көтергіш конструкциялары болып болат фермалар табылады. Фермалардың белдемелері мен керегеторын бұрыштықтардан немесе құбырлардан құрастырады және оларды өзара пісіру арқылы біріктіреді. Фермалардың ұстындармен түйіндесуін негізінен топсалы қылып жасайды
8- билет
1 Жабдықтың жұмыс мерзімінің жылдық фонды.
Келесі жобалаудың сатысы жабдықтардың жылдық уақыт фондын анықтау болып таюылады. Жабдықтардың жылдық уақыт фонды деп. Жыл юойы жабдықтардың жұмыс істеу уақытын атайды, ол салат пен өлшенеді. Цехтардың бір жылдағы жұмыс күндері былай есептеледі: толық жылдың календарлық күндерінен демалысы және мейрам күндері алынады. Ал жабдықтардың ремонт тау мен жөндеу уақыты алынады. Уақыттың жоғалуы екі смена жағдайында 4-6* және үш сменада 6-11* құрайды. Машинажасау заводтарында цехтарды жоблау кезінде келесі жұмыс істеу уақыты фондтары бар : календарлық,номиналдық және растық. Жабдықтардың жылдық календар фонды бір тәулік пен бір жылдың календары күндеріне тең яғни 24*365һ 8750сағ Жабдықтардың жылдық календар фонды бір тәулік пен бір жылыдн календар фондынан демалыс, мейрам алдындағы күндерді алып тастайды.Номиналдық фонд толық пайдаланбайды, өйткні пештердің режимі ремонт пен жөндеу уақытында жоғалады.
2 Колонналарды қатарлар осі және кесе көлденең осіне бөлу.
Колонналарды қатарлар осі және кесе көлденең осіне бөлу. Үйдің конструкциясындағы температуралық өзгерістер (қыс, жаз) салдарынан пайда болған кернеулерді жою үшін температуралық жапсар жасайды: темірбетон үйлерде – 40 м арақашықтығында, болат қаңқасымен – 120-150м. Екі баған арасындағы температуралық жапсардың саңылауы 25-30 мм тең және қабырғаның бүкіл биіктігі бойынша іргетасқа дейін сақталады. Қатарлардың бөлгіш осьтері мен бағандардың көлденеңдік осьтері штрих- пунктирлі сызықпен жүргізіледі және диаметрі 6мм домалақ маркамен белгіленеді. Осьтерді араб цифрларымен және жазба әріптерімен маркалайды (таңбалайды). Цифрлармен үйдің ұзындығы бойынша бағандар осі таңбаланады, ал әріптермен – ені бойынша. Осьтерді таңбалау жүйесі солдан оңға қарай және төменнен жоғары қарай жүргізіледі. а)Орта қатардағы колонналарды есептеу б-г) шеткі қатарлардағы колонналарды есептеу в) колоннаның сыртқы координациялық осін f қашықтыққа дейін ауыстыруға болады. (Суретті толық көшірмеңдер!!!!)
3 Болатты итарқалық фермалар.
Фермалар сегменттік аркалы, параллель белдемелермен болулары мүмкін. Үшбұрышты және т.б. фермалардың төменгі және жоғарғы белдемелері арасына тіреу және қиғаш тіреулер жүйесін орналастырады. Ферма жабының көтергіш конструкциялары – бұл үйдің маңызды конструктивті элементі. Жұмыс сипаты бойынша олар жазық және кеңістікті, ал материалы бойынша темірбетон, металл және құрастырылған болып бөлінеді.
Темірбнтон фермаларды үйлердегі аралықтар 18, 24, 30 және 36 м болған жағдайда қолданады.
Фермалардың ұстынға бұрандамалармен және бекіту элементтерін пісіру арқылы бекітеді.
Жабынның ең нәтижелі көтергіш конструкциялары болып болат фермалар табылады.
Фермалардың белдемелері мен керегеторын бұрыштықтардан немесе құбырлардан құрастырады және оларды өзара пісіру арқылы біріктіреді. Фермалардың ұстындармен түйіндесуін негізінен топсалы қылып жасайды
9-билет
1 Өндірістік бағдарламаны жасау және өңдеу.
Өндіріс - өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі.
Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек:
сол өнімді дайындайтын табиғи зат
өнімді дайындау үрдісінде пайдаланылатын еңбек құралы
адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі
аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы
Өндіріс түрі (үлгісі) - өнім номенклатурасы, жүйелілігі, тұрақтылығы мен шығару көлемі кеңдігінің белгілері бойынша айкындалатын, өндірістің классификациялық (топтастыру) категориясы (дәрежесі).
Жаппай өндіріс - ағымында жұмыс орындарының көбінде бір ғана жұмыс операциясы орындалынатын, ұзаққа созылған уақытта үздіксіз жасалынатын немесе жөнделінетін өнімдер шығарудың үлкен көлемін сипаттайтын өндіріс.
Өндірістік қуаттылық — уакыт бірлігіндегі белгілі бір жағдайда ең ұлкен көлемде шығарылатын бұйымдардың мүмкінділікгі есептеу көлемі. Өндірістік процесс
Өндірістік процесс (іс- амал) — осы өндірісте енімдерді шығару мен өңдеуге кажетті адамдар мен жұмыс құралдарының барлық іс-әрекетінің жиынтығы. Өндіріс қорлары
Өндіріс қорлары — өндіріс процесі кезінде кәсіпорындар пайдаланатын өндіріс құрал-жабдықтары. Өндіріс қоры негізгі қор мен айналым қорынан тұрады. Өндірісті қайта құру
Өндірісті қайта құру — өндірісті негізінен жаңа принцип бойынша қайта құру, (реконструкциялау), қайта жарақтандыру, жабдықтау.
2 Темір-бетонды фермалар және олардың атқаратын міндеттері.
Темірбетон фермаларды үйлердегі аралықтар 18, 24, 30 және 36 м болған жағдайда қолданады. Фермалардың ұстынға бұрандамалармен және бекіту элементтерін пісіру арқылы бекітеді. Жабынның ең нәтижелі көтергіш конструкциялары болып болат фермалар табылады.
Фермалардың белдемелері мен керегеторын бұрыштықтардан немесе құбырлардан құрастырады және оларды өзара пісіру арқылы біріктіреді. Фермалардың ұстындармен түйіндесуін негізінен топсалы қылып жасайды. Бір қабатты өндірістік үйлердің темірбетон бағандары консольмен және оларсыз (көпір крандар болмаған жағдайда) бола береді. Жоспардағы орналасуы бойынша оларды ортаңғы және шеткі қатарлардың бағандары деп бөледі.
Көлденең қимасына байланысты бағандар тікбұрышты, таңбалы пішімдіжәне екібұтақты болады. Көлденең қима көлемі әрекеттегі жүктемеге байланысты. Мынадай бірыңғайланған бағандар қимасының көлемдері қолданылады.: тікбұрыштылар үшін - 400х400, 400х600 ,400х800, 500х500, 500х600, 500х800 мм; Таңбалылар үшін – 400х600, 400х800 мм;
Екібұтақтылар үшін – 400х1000, 500х1000, 500х1300, 500х1400, 500х15000, 600х1400, 600х1900, 600х2400 мм
Бағандар құрылыс алаңында жиналатын бірнеше бөліктен тұруы мүмкін. Консольдері бар бағандарға кранның үстінен және атсынан жүретін бұтақтар енгізіледі. Кран үстінен жүретін бұтақтардың қимасы көбінесе квадрат немесе тікбұрышты – 400х400 немесе 500х500 мм.
Бағандар ұзындығын цехтын биіктігімен іргетастағы бітеу тереңдігін қоса санап қабылдайды, олар көпір крансыз тікбұрышты қимасы бар бағандар үшін 750 мм, көпір крандары бар тікбұрышты және қостанбалы қимасы бар бағандар үшін 850 мм, екібұтақты бағандар үшін 900-1200 мм.Болат бағандардағы қималар биіктігі бойынша тұрақты және ауыспалы болады. Оларды болат конструкциялар зауытында өзара пісіру немесе шегелеумен құрастырылатын илектеу профилінен дайындайды. Бағаннан іргетасын көлемді аумағына салмақ жіберу үшін бағанның төменгі басына табан жасалады.
Фермалар сегменттік аркалы, параллель белдемелермен болулары мүмкін. Үшбұрышты және т.б. фермалардың төменгі және жоғарғы белдемелері арасына тіреу және қиғаш тіреулер жүйесін орналастырады. Ферма жабының көтергіш конструкциялары – бұл үйдің маңызды конструктивті элементі. Жұмыс сипаты бойынша олар жазық және кеңістікті, ал материалы бойынша темірбетон, металл және құрастырылған болып бөлінеді.
3 Өндірістік цехтардың едендері.
Еден түрін және оның конструктивті шешімін табу барысында, ең алдымен еденге түсетін өндірістік әсерлердің түрі мен дененің қызмет көрсетуге сенімділігі және ұзақ уақытқа шыдамдылығын қамтамасыз ету талаптарын ескеру қажет.
Осыған байланысты, өндірістік үйлер едендері келесі талаптарды қанағатттандыру керек: жоғары механикалық берік болуы; бетінің тегіс және жазық болуы, тайғақ емес; аз сүйкелетін және үстінен көлік құралдары мен адамдар жүргенде шанданбайтын болуы; заттар еденге құлаған сәтте, зақым келтіруден қорғайтын, жақсы иімділігі болуы: шусыз болуы; жылу сақтау коэфициентінің аз болуы; су өткізбеушілік, ылғалға қарсылық, жануға қарсы шыдамдылығы мен химиялық агрессивті заттарға қарсы шыдамдылығының болуы, тез және аз еңбек сыйымдылықты жөндеулерді өткізу мүмкіншілігін қамтамасыз ету, құрылуының өндірістік болуы; тез тазартылатын және әдемі сырт келібін ұзақ сақтау.
Бірінші қабаттағы еден деңғейі, әдеттегі, территория учасесінің жобалау белгісінен 150 мм-ге жоғары болуы керек. Жекелеген жағдайларда, топырақ суының деңгейі жоғары болған кезде, еден деңгейін жобалау белгісінен 500мм-ге көтерілуі мүмкін
Еден атауы, оны жапқан материалға байланысты. Конструкция мен жабын төсеу тәсіліне байланысты, едендер, жеке материалдар және бітеу болып болінеді.
Бір қабатты өндірістік үйлерде, әдетте негіз топырағының үстінен жасайды,ал көп қабаттыларда- жабын үстінен. Топырақ үстіндегі еденнің құрамына, келесі құрастыру элементтері кіреді: негізі, төсеніш қабат және жабын. Басқа қабаттарды, талаптарға байланысты жасайды. Бір қабатты үйлердің едені үшін, табиғи топырақ негіз болып табылады. Әлсіз топырақты негіздерге, күшейту үшін малтатас немесе қиыршық тас қосады, содан кейін ол қабатты катокпен, дірілдеткіш немесе тығындауышпен нығыздайды. Төсеніш қабат негіздің үстінен орналасады және салмақты негіз бойынша таратуға арналған. Дайындық түрі, қабатталған жабын түрі мен технологиялық талаптарға, ал оның қалыңдығы - негіздің салмағы мен түріне байланысты, ол 80-нен 250 мм-ге дейін қабылдана алады.
Тұтас едендерге, саз балшықтан созылған, малтатасты және қиыршық тасты, бетонды және цементті-құмды, мозаикалы және металды- цементті, асфальтбетонды, ксиолит және т.б. жатады.
Саз балшық едендері, кейбір ыстық цехтарға жасайды. Еден жабыны, саз балшық, құм және су қоспаларынан тұрады әне төсеніш қабаттың қызметін атқарады. 2МПа аз болмаған жағдайда жабын материалының қажетті беріктілігін құрайды. Егер қоспаға 2-3 % майлы зат және 55-65 % малтатас немесе қиыршықтас қосса, онда жоғары механикалық сапалы саз балшық еден шығады.
Металтасты және қиыршықтасты едендерді көлік жүретін жерлерге жасайды. Оларды,ірілігі 25-75 мм болатын малтатас пенқиыршықтастардың құммен қосылған қоспасынан, қалындығы 100-200 мм болатын қабаттармен төсеп, жасайды. Қабаттарды тегістеп, нығыздайды. Жоғары бетін, ірілігі 15-25 мм күйдірілген цемент тасы және 5-15 мм болатын ұсақ тастармен өңдейді. Қиыршықтасты жабындарға ыстық битум сіндіруге болады. Жабын, төсеніш қабаты да бола алады.
Бетон және цемент-құмды едендер, ылғалдылығы жоғары бөлмелерге және де, еденге миниралды майлар, қышқылдар мен сілтіліер төгілетін жерлерге жасалады. Оларды, бетонды дайындаманың үстінен 20-50 мм қалындықпен жасайды. Цемент-құмды жабының қалыңдығы 20-300 мм.
Мозаикалы едендер- мрамор, гранит, базальт және құмды толтырғышты цемент-құмды қоспалардан тұрады. Жабын қалыңдығы 20-25 мм.
