Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
22-23-24айс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.39 Кб
Скачать
  1. Отқа қарсы қауіпсіздік және оның шаралары.

Жанғыш газдармен жұмыс істеген кездегі негізгі қауіпсіздік ережелерінің бірі, олардың ауамен араласуына жол бермеу болып табылады, өйткені мұндай кезде жарылғыш қоспа пайда болады. Жарылысқа қауіпті атмосфера деп құрамындағы компоненттері жануға жеткілікті атмосфераны айтады, яғни егер мұндай атмосфера ауада жанатын болса, онда ол жарылғыш қоспа жасай алады. Егер атмосферада жанғыш компоненттер аз ғана, 55% мөлшерінде болса, онда мұндай атмосфера жанбайды және ауамен жарылғыш қоспа құрмайды. Кестеде кейбір жанғыш газдардың ауа – газ қоспасында тұтану шегі көрсетілген.

Құрамында 40% Н2 және 20% СО бар сутек пен эндотермиялық газ анағұрлым жарылыс қаупі бар атмосфера болып табылады.

Атмосфераны пешке енгізбес бұрын қандай да бір инертті (жанбайтын) газдың көмегімен ауаны алып тастау керек. Егер пештің жұмыс кеңістігін жанбайтын газды бес еселенген көлемде пеште 1%-тен аз оттек қалғанға дейін үрлесе, оған қол жеткізуге болатынын практика көрсетіп тұр. Төрт еселенген алмастыру пештегі отегін 3% дейін төмендетеді, бұл атмосфераны қауіпсіз енгізуге жеткілікті.

Пешті үрлеу инертті газ ретінде балоннан немесе оттегі станцияларынан шыққан техникалық азот, сондай-ақ α=0,9-1,0 жұтқан экзотермиялық газ пайдаланылуы мүмкін.

Тұтандыру көздері жанудың алғы шарты болып табылады да олар ашық жалын, қыздырғыш элементтер мен приборлар жылуы, электр энергиясы, механикалық ұшқын энергиясы, статикалық және найзағай разряды, заттардың өздігінен жану энергиясы т.б.

Өздігінен жану жылулық, химиялық және биологиялық болып бірнеше түрге бөлінеді. Жылулық өздігінен жану жылу энергиясын жинаумен түсіндіріледі де, бұл үрдіс нәтижесінде заттардың өздігінен түтанып жануы басталады. Мұндай жағдайда заттардың өздігінен тұтану температурасы өрт қауіпсіздігінде маңызды орын алады да, ондай температура 80 – 150 °С аралығында жатады.

Химиялық өздігінен жану бірден жалындап жанып, анорганикалық заттар, мәселен натрий гидросульфаты суланғанда өздігінен жанады да, ал органикалық заттар қышқылмен жанасқан кезде ғана заттардың өздігінен жануы басталады.

Микробиологиялық өздігінен жану микроағзалардың тіршілігі барысында қоректік ортада жылу шығаруымен байланысты (сұлы, торф, ағаш жаңқасы т.б.).

  1. Технологиялық аудан.

Технологиялық аудан өнеркәсіптік және коммерциялық бағыттағы обьектілерге қызмет кқрсету үшін арналған функционалды конструкциялық элемент болып табылады. Осындай қосымаш конструкцияларды өндіретн материал ретінде тиімді берік салыстырмалы қымбат емес, жоғары эксплуатациялық сипаттамаларға ие металл қолданылады. Технологиялық типті металлды жасалған барлық тетік бқлшектер қолданыстағы нормативті құжатттамаға сәйкес өндіріледі. Және эксплуатацияға дейінгі өңдеулер – құм ағынды техника арқылы тазарту, жемірілуге қарсы тегістеу, бояу сырлау не мырыштауға шалдығады. Технологиялық ауданының негізгі конструкциясы келесі элементтердің бар болуымен байланысты:

Күш түсетін металл тіректер

Қоршалған баспалдақ жүйесі

Берік табақ металлдан не ұсақ ұяшықты тордан жасал,ған жаяу жүрушілер аймағы

Технологиялық аудан жасайтын материалды таңдау параметрлері келесі сипаттамаларымен анықталады: обьекттің қолданыну бағыты, оның биіктігі, жаяу жүргіншілер аймағының ұзындығы, климаттық және атмосфералық жағдай, эксплуатация қарқындылығы, және де сыртқы ортаның жемірілушілігі

Металл технологиялық аудандардың келесі артықшылықтары бар:

Салмағының аз болуы, қызмет көрсетуінің талап етілмеуі, көп функционалдылық сенімділігі, монтаж қарапайымдылығы, жарық өткізгіштігі, жұмыс істеуінің ұзақ мерзімділігі.

Баспалдақтардың және жаяу жүргіншілер аймағының жасалу материалына да көңіл бөлген жөн. Жобалау кезінде тиімдіілігі мен экономиялылық жағынан қарастырғанда кез келген горизонтал жазықтықты технологиялық аудандарды жайластыру кезінде ұяшықты торды қолданған тиімді, себебі, осы типті конструкциялар ашық кеңістік жағдайнда эксплуатацияланады, яғни торларда отыру кеуектері пайда болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]