- •28 Билет
- •1 Өтпелдер мен жүру және тасымалдау жолдары.
- •2Қосалқы жабдықтарда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
- •3. Цехтың жалпы ауданы және оны есептеу.
- •29 Билет
- •Технологияларды өңдеу.
- •3 Цехтың қосымша ауданы
- •30 Билет
- •1. Жобалау сатылары, оларды талдау.
- •2) Колонналарды қатарлар осі және кесе көлденең осіне бөлу.
- •3. Өндірістік цехтардың едендері
3 Цехтың қосымша ауданы
Қосалқы аудан- бұл қосалқы қызметтермен, және де бір корпуста орналасқан бірнеше цехтарға немесе учаскелерге қызмет көрсететін магистральды және өрт сөндіру көліктерінің жолдары жүретін цех аймағы.
Өндірістік және қосалқы аудандарды, цехтың жылпы технологиялық ауданға жатпайды және ол жобаның құрылыс бөлігінде ғана ескеріледі. Цех ауданын үлкейтіп анықтайды. Үлкейтілген көрсеткіштер ретінде жабдық бірлігіне немесе біржұмыс орнынан келетін салыстырмалы ауданның көрсеткіштерін қолданады. Конвейерлі пештері бар таза термиялық цехта бұл салыстырмалы көрсеткіш бір пешке 50-ден 90 м 2 дейін; аспапты-термиялықта-25-30 м2 , ұсталы-термиялықта -80-130 м 2 ; қалыпты-термиялықта - 30-50 м2 құрайды.
Санап болған соң шыққан өндірістік ауданға өткелдер мен көлік жолдарына 25-30% қосады. Технологиялық ауданды барысында қослақы бөлмелерді орналастыру үшін өндірістік ауданға тағы 25-30% қосылады.
. Құю цехының жұмыс режимі
ҚР ЕК 84-бабына сәйкес, өндірістік процестің ұзақтығы не жұмыс берушінің өндірістік қызметінің режимі күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан асып кеткен жағдайларда ауысымдық жұмыс белгіленуі мүмкін.Ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс ауысымының ұзақтығы, бір жұмыс ауысымынан екіншісіне өту қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып жұмыс беруші бекіткен ауысым кестелерімен белгіленеді.Ауысымдық кестесі белгілі бір кезең ішінде (мысалы, кестелік ай) жұмыс ауысымдарының ауысып тұруы. Бұл жерде ауысымдық кестесі әр ауысым үшін жұйелі демалыстарды, сонымен қатар ауысым құрамын және бір аусымнан келесі ауысымға ауысу процессін қарастыратынын ескерген жөн. Осы жерде қалыпты жұмыс сағаты 40 сағаттан аспау қажет.ҚР ЕК 82-бабына сәйкес, бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 7 сағат 12 минуттан және апталық норма 24 сағат болғанда 5 сағаттан аспауға тиіс.Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауға тиіс.Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақыты жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығы сақтала отырып, ұйымның еңбек тәртіптемесі ережелерімен, еңбек шартымен, ұжымдық шартпен белгіленеді.Бұл жерде екі ауысымнан астам жұмысқа шығуға жол берілмейді.
30 Билет
1. Жобалау сатылары, оларды талдау.
Ғимараттар мен құрылыстарды жобалау үш кезеңде жүргізілуі мүмкін:
1) Мақсатты цех құрылысының техникалық мүмкіндігі мен экономикалық мақсатқа сәйкестігін орнықтыру, қажетті алаңның, жұмыс күші мен энергетиканың болжамды есебін жүргізу болып табылатын жобалықтапсырма. Бұл тапсырма цех құрылысына кететін шығынға, жабдықтар алуға және жабдықтауға және техникалық-экономикалық көрсеткіштер құруға смета жасаумен аяқталады.
2) Техникалық жоба құрылыс бөлімінің және әсіресе технологиялық бөлімнің, яғни технологиялық процестің неғұрлым толық сипаттамасын жасаудан тұрады. Детальдарды термиялық өңдеудің технологиялық ведомстары мен схемалары жасалады. Экономикалық бөлімінде өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы жасалады және техникалық-экономикалық көрсеткіштер келтіріледі.
3) Жұмыс сызбалары бекітілген жобалық тапсыманың негізінде жасалады. Жұмыс құжаттамасының құрамына маршруттық, операциялық карталар және термиялық өңдеуге ведомстар, жабдықтарды дәл орнату орны көрсетілген цехты жоспарлаудың сызбасы, жүк тасқынының бағыты және т.б. кіреді
