- •28 Билет
- •1 Өтпелдер мен жүру және тасымалдау жолдары.
- •2Қосалқы жабдықтарда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
- •3. Цехтың жалпы ауданы және оны есептеу.
- •29 Билет
- •Технологияларды өңдеу.
- •3 Цехтың қосымша ауданы
- •30 Билет
- •1. Жобалау сатылары, оларды талдау.
- •2) Колонналарды қатарлар осі және кесе көлденең осіне бөлу.
- •3. Өндірістік цехтардың едендері
28 Билет
1 Өтпелдер мен жүру және тасымалдау жолдары.
Жабдықтардың орналасуы мен қондырылуы өндірістік жерлерде салалық нормаларға қатырты жүзеге асады. Сонымен қатар мына шарттар да орындалуы қадағаланады: технологиялық схема бойынша жабдықтардың ретімен орналасуы; Жөндеу жүмыстары мен қызмет көрсету ыңғайлылығының болуы; максимальды түрде табиғи жарықтың және таза аунаың айналымы болуы керек. Осы шарттармен қатар өндіріс орындарында өтпелі жолдар мен тасымалдау және жұмыскерлердің жүру жолдары қамтамасыз етілуі керек. Технологиялық және қосалқы жабдықтардың компановкасы кезінде жұмыс, магистральді және 1 м ден кем емес енімен өтпелдер қарастырылады, сонымен қатар қызмет көрсету фронты бойынша жұмыс зонасы 2 м ден кем емес енімен, жабдықтар арасындағы өтпелдер 1 м ден кем емес болуы да қарастырылады.
Өтпелдердің минималды биіктігі еденнен конструкция элементтерінің шығыңқы бөлігін жауып тұратын немесе жабдық арасы 2,2 м кем емес, ал қалған өтпелер арасы 2 м ден кем емес болуы керек.
Ауа дыбысты жақсы оқшаулағыш немесе жұтатын болып табылады, сондықтан өндірістік шуды азайту мақсатында сол қатты дыбыс шығаратын жабдық пен колонна мен қабырға арасы 1,2 м кем емес болуы керек. Сонымен қатар , шу мен дірілді туындататын жабдықтарды құрылыс конструкциясынан оқшауланған, масасы негізгі жабдықтан 1,5-2 есе ауыр плиталарға орналастырған жөн.
Конвейерлерді эксплуатациялау кезінде жұмыскерлер өтетін көпірлер қарастырылады, олардың көршілес көпірлермен арасы 30-50 мболуы керек.
Өндірісте жүк арбаларын қолданылуы кезінде жабдықтардың арасы арбаның енінен 1 м шамасында артық болуы керек.
2Қосалқы жабдықтарда жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
Жұмысшылар термиялық цехтардың көмекші құралдарында жұмыс істеу кезінде бекітілген «Өнеркәсіп кәсіпорындарынан электр қондырғыларына қызмет көрсетудің техника қауіпсіздігі және пайдалану ережелерімен» және «Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелерімен және пайдалану ережелерімен» таныс болуы қажет.
Май салқындату құрылғыларында жұмыс істеу техника қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды талап етеді.
Жұмысшылар сорғымен, сүзгішпен және электр двигательдерімен жұмыс істеу ережелерімен таныс болуы керек. Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Майды қайта құюға жол берілмейді. Вентильдің барлығы дұрыс, ақаусыз болуы керек. Ғимараттың ішінде көбікті өрт сөндіргіш, құрғақ құм,киіз және жайма асбест болуы керек. Май салқындату жүйесі орналасқан подвалды жерде автоматты химиялық өрт сөндіру құрылғысы болғаны дұрыс.
Көтеру-көлік құралдарының барлығын пайдаланған кезде жұмысшыларды электр двигательдерімен, токөткізгіштік шлангілермен және басқа да механизмдермен жұмыс істеу білу ережелерімен таныстыру қажет.
Пневматикалық және гидравликалық қондырғылармен жұмыс істеген кезде белгіленген арнаулы нұсқаулықтан асып кетпеуі үшін жүйедегі қысымды қадағалап отыру керек. Детальдарды тасу кезінде жұмысшы жүк ілініп тұрған кранның немесе жүк көтергіштің астында тұрмауы керек.
Бақыланатын атмосфераны дайындау жұмысшыларға арнаулы білім беріп, оларға тиісті куәлік беруді талап етеді.
Жаңғыш газдармен жұмыс істеген кездегі негізгі қауіпсіздік ережелерінің бірі, олардың ауамен араласуына жол бермеу болып табылады, өйткені мұндай кзде жарылғыш қоспа пайда болады. Жарылысқа қауіпті атмосфера деп құрамындағы компоненттеріжануға жеткілікті атмосфераны айтады.
Құрамында 40% Н2 және 20% СО бар сутек пен эндотермиялық газ анағұрлым жарылыс қаупі бар атмосфера болып табылады.
Атмосфераны пешке енгізбес бұрын қандай да бір инертті газдың көмегімен ауаны алып тастау керек. Ғимараттың ішінде кейбір газдардың болуы улануға алып келуі мүмкін. Жекелеген газдардың ғимараттарда болуға тиіс шекті мөлшері бар, мг/л:
Көміртегі тотығы 0,02-0,03
Аммииак 0,02
Бензол 0,1
Көмірсутектер 0,3 т.б
Уланып қалмас үшін құбырлар мен аппараттарда сенімді қосылыстар мен төсемдер болуы керек. Құбырдың қосылған жерін жиі қарап тұру қажет.
