- •Құрылыс мекемесінің құрылымы және өндірістік базасымен танысу. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау беру. «Темир- Строй Сервис и Ко» жшс- ның қызметінің сипаты
- •Техника кауіпсіздігі
- •Құрылыс алаңындағы негізгі техника қауіпсіздігі ережелері:
- •2. Жер жұмыстары.
- •2.1. Жер жұмыстарын орындауға қолданылатын жабдықтар мен машиналар, олардың маркалары, техникалық параметрлері, өнімділігі. Қауіпсіздік техникасы
- •Сурет. Эксковатор
- •2.2.1 Бетон қоспасын дайындау
- •2.2.3. Бетон қоспаларын және қоспаларды тасымалдайтын құралдар
- •Бетон жұмыстарын қауіпсіздік атқару шаралары
- •2.4.Арматура жұмыстары
- •Арматура түрлері
- •2.3.Қалып жұмыстары
- •2.3.1.Материалына байланыста қалыптарды дайындау мынадай түрге бөлінді:
- •Сурет. Қалыптар және олардың қалай қойылуы
- •Құрылыс – монтаж ұйымдарының міндеттері Құрастыру жұмыстарының өндірісі
- •Құрастыру жұмыстарын қауіпсіздік өндіру бойынша шарттар
- •Майлау жұмыстары туралы жалпы мағлұматтар.
- •Сырлау жұмыстарының технологиясы
- •Сулы бояумен сырланатын зат бетін дайындап, өңдеу.
- •Майлы бояумен сырланатын зат бетін дайындау және өңдеу.
- •Сулы және сусыз құрамдарды жағу.
- •Еңбекті қорғауға жауапкершілік
- •Қорытынды
- •Техника қауіпсіздігі
- •Құрылыстарда өрт қауіпсіздігін алдын алу
Бетон жұмыстарын қауіпсіздік атқару шаралары
Қалып, арматура, бетон және қалыптарды ажырату жұмыстарын атқарғанда тіреу ағаштар, төсемдер, сатылар, саты қанаттары және қоршаулары сенімділігіне ерекше назар аудару керек.
Ұстындар, ригельдер және арқалықтар қалып қалқандарын жер деңгейі немесе төменгі жабын биіктігі 5,5 м артық болмаса жылжымалы саты басқыштардан орнатуға рұқсат етіледі. 5,5 м –ден 8 м биіктікте жұмыс істеу тек үстінде қоршалған алаңшасы бар жылжымалы мінбелерден рұқсат етіледі.
2.4.Арматура жұмыстары
Пайдалану кезінде түсетін салмақтың әсерімен құрылыс конструкцияларында іштегі қысу және керу күштері пайда болады.
Қысу күштерін бетон жақсы көтереді, ал керу күштеріне төтеп беру бетон конструкциялардың аралығына жеке стержендер және қаңқа түрінде болат арматура салады.
Арматура міндетті түрде арматуралық дәнекерлеу заводында, темір бетон және құрылыс ұйымдарының мамандырылған арнаулы цехтарында ірілендірілген элементтер түрінде әзірленуші шарт стерженьдерді бірімен-бірі жалғастыру үшін электрмен пісіру әдісін қолдану қажет.
Арматуралық бұйымдарды тасымалдау үшін, көлік құралдарын таңдау, құрылыс жағдайы тасмалдау қашықтығы, арматуралық құрылымдардың массасы және шамаларына байланысты өндіріледі.
Аса ауыр арматура әлементтерін кранның көмегімен, ал массасы 100 кг-ға дейінгі әлементтерді қолмен монтаждайды.
Арматуралық элементтерді бірімен-бірі электрмен біріктіру арқылы монтаждап жалғастырады. Алайда жұмыс көлемі шағын болса қолмен ақ байлауға болады. Арматураны қолмен байлау үшін диаметрі 1 мм №18 немесе диаметрі 08 мм №17 жасатылған сым пайдаланады.
Арматура жұмыстары екі негізгі процестерден тұрады – арматура бұйымдарын дайындау және оларды бетондайтын құрылымның қалпына орнату.
Арматура бұйымдары міндетті түрде орталық арматура – дәнекерлеу зауыттарында, темір бетон конструкциялары заводтарының және құрылыс үйымдарының мамандандырылған арнаулы цехтарында ірілендірілген элементтер түрінде немесе дайындау процесі барынша механикаланған құрылыс индустрия мекемесінің цехтарында өндірілуі шарт. Стерженьдерді бірімен-бірін жалғастыру үшін электрмен пісіру қажет.
Дайындалған жерден орнату жеріне дейін арматураны тасымалдау, оның бүлінуіне және деформация алуына мүмкіндік болмайтын тәсілдерді қолданып орнату керек.
Арматуралық бұйымдарды тасымалдау үшін көлік құралдарын таңдау, құрылыс жағдайы, тасымалдау қашықтығы, арматуралық құрылымдардың массасы және шамаларына байланысты өндіріледі. Арматураны әдетте вагонетка – платформа, жүк автомобильдер, темір жол платформалармен тасымалдайды. Арматураны арту және түсіру кранмен жүзеге асырылады. Сонымен қаңқаларды алдын ала қызыл бояумен белгіленген жобада көрсетілген түйіндерден стропылау керек.
Аса ауыр арматура элементтерін кранның көмегімен, ал массасы 100 кг-ға дейінгі элементтерді қолмен монтаждайды.
Арматура жинақтауын мамандандырылған арматурашылар звенолары жүргізеді. Звенолар құрамы және саны жинақталатын арматура түрі және жұмыстар көлемімен анықталады.
Арматура жұмыстарының сапасы көбінесі біртұтас темір бетон конструкциясының беріктігіне байланысты. Сондықтан арматура жұмыстарын атқарғанда төмендегідей негізгі талаптарды бұлжытпай орындау керек:
Арматура стерженьдерінің қимасы, арматура элементтерінің көлемі және олардың кеңістікте орналасуы жобаға сай келуі шарт. Бұл үшін арматураны монтаждау алдында оның элементтерін мұқият белгілеп алады, ал арматураны қалыпқа салған жағдайда ол екеуін мықтап шегелейді немесе дәнекерлейді. Арматураны қалыпқа бекіту арматура кесінділері, бетон плиталарының көмегімен және басқа да әдістермен атқарылады.
Бетон арматураның берік ұстауын қамтамасыз ету керек. Бұл үшін кесінді арматура қолданып, ал тегіс арматура қолданған жағдайда оның шетіне ілгектер жасалады. Бұдан соң арматура деталдан жасалған қол шөткімен немесе механикалық шөткімен таттан тазартылу керек.
