- •Құрылыс мекемесінің құрылымы және өндірістік базасымен танысу. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау беру. «Темир- Строй Сервис и Ко» жшс- ның қызметінің сипаты
- •Техника кауіпсіздігі
- •Құрылыс алаңындағы негізгі техника қауіпсіздігі ережелері:
- •2. Жер жұмыстары.
- •2.1. Жер жұмыстарын орындауға қолданылатын жабдықтар мен машиналар, олардың маркалары, техникалық параметрлері, өнімділігі. Қауіпсіздік техникасы
- •Сурет. Эксковатор
- •2.2.1 Бетон қоспасын дайындау
- •2.2.3. Бетон қоспаларын және қоспаларды тасымалдайтын құралдар
- •Бетон жұмыстарын қауіпсіздік атқару шаралары
- •2.4.Арматура жұмыстары
- •Арматура түрлері
- •2.3.Қалып жұмыстары
- •2.3.1.Материалына байланыста қалыптарды дайындау мынадай түрге бөлінді:
- •Сурет. Қалыптар және олардың қалай қойылуы
- •Құрылыс – монтаж ұйымдарының міндеттері Құрастыру жұмыстарының өндірісі
- •Құрастыру жұмыстарын қауіпсіздік өндіру бойынша шарттар
- •Майлау жұмыстары туралы жалпы мағлұматтар.
- •Сырлау жұмыстарының технологиясы
- •Сулы бояумен сырланатын зат бетін дайындап, өңдеу.
- •Майлы бояумен сырланатын зат бетін дайындау және өңдеу.
- •Сулы және сусыз құрамдарды жағу.
- •Еңбекті қорғауға жауапкершілік
- •Қорытынды
- •Техника қауіпсіздігі
- •Құрылыстарда өрт қауіпсіздігін алдын алу
Сулы бояумен сырланатын зат бетін дайындап, өңдеу.
Зат бетін дайындау кезінде мыналар қарастырылады: зат бетіндегі шаңды, ерітіндімен ластанған жерлерді, сондай-ақ толық құрастырылған құрылыста бұлардан басқа серпянка (матаның түрі) немесе дәке желімделген жерлерді, төбеге, қабырғаларға және бөлгіш қабырғаларда жасалған шкафтардың жапсарлас жерлерін, қол сияқты гипсті бұйымдардан және плиталардан жасалған бөлгіш қабырғалардың шығыңқы бұрыштарын (усенкаларды) алдын ала тазартады.
Жай сырланатын зат бетін өңдеу бір ғана грунттеуден құралады. Кейде сылақ жүргізілген зат бетіндегі олқылықты түзету үшін жарылған жерлерді қосымша сылай отырып, соңынан ажарлап, грунттеуге тура келеді. Зат бетін сабыны бар қара сылақ құрамын қолдана отырып краскопульт қармақшасымен грунттейді. Жарылған жерлерді алдымен алымды шөткемен грунттейді де жаппай грунттей отырып сылайды. Сылауды қалақшамен жасайды, ол үшін қалақшаны көлденең қозғап, жарылған жерлерді тығындама жағып толтырады. Қалақшаны жарылған жерді бойлай жылжыта отырып, бітелген қабатты тегістеу арқылы сылауды аяқтайды. Сылаған кезде жағылған қабат аса қалың болмай, жұқа (сыдырма) болуы керек. Сылау кепкен кезде оны № 8 – 12 абразив қағаздарды пайдалана отырып, қалыппен немесе топсалы үккішпен ажарлайды.
Сыланған жерлерді жаппай грунттеуден бұрын шөткемен грунттеп алу қажет, өйткені ол жерлер грунттелмей қалса, бояу құрамы білеуленіп, тарамас тәрізденген бұдырлар пайда болады. Қармақшамен грунттеу үшін сабыны бар нейтрал немесе сабыны бар ізбесті қара сылақтар қолданылады. Тотияын, ашутас, сазбалшықты тек алымды шөткемен жағып қана грунттейді.
Майлы бояумен сырланатын зат бетін дайындау және өңдеу.
Жаңа сылақтан өткізілген бетті майлы бояумен сырлауға сулы бояумен сырлағандай етіп дайындайды, бірақ мұнда басқа құрам қолданылады.
Майлы бояумен сырланатын зат бетін өңдеуге арналған құрамды даярлау. Қара сылақ пен тығындамаға арналған құрамдарды даярлау кезінде рецепте көрсетілген құрамдас бөліктердің барлығын енгізген дұрыс, сонда сыр жақсы жұғып, жағылған қабаты берік болады.
Даярлау әдістері:
1. қара сылақ және тығындама құрамдарына (№ 5 және 6) жұмысқа жарамды қоюлыққа дейін бор қосылады.
2. № 1 құрамды құрғақ пигментке олифті араластыра отырып дайындайды.
3. № 2 және 3 құрамдарды қою езілген сырға олифті араластыра отырып дайындайды. № 2 құрамға қосымша еріткіш қосады.
4. № 5 құрамды олифке мал желімінің ерітіндісін біртіндеп құя отырып, құрамды ұқыпты түрде араластырып, алдын ала майлы эмульсия даярлау арқылы жасайды. Дайын болған эмульсияға ұнтақталған, еленген бор араластырады.
5. №6құрамды олифке еріткіш пен сиккатив, сабыны бар желімді ерітіндіні біртіндеп құйып, құрамды ұқыпты түрде араластыру арқылы алдын ала майлы эмльсия даярлай отырып жасайды. Алынған эмульсияға ұнтақталып, еленген бор араластырады.
6. № 1, 2 және 3 құрамдарды № 0,25 – 0,2 (1см-та 694 және 918 тесіктері болатын )елеуіш арқылы сүзеді.
7. № 4, 5 және 6 құрамдарды бояу үккішпен үккілейді.
Сылақ жүргізілген бетті өңдеу дегеніміз олифтеу, жарылған жерлер мен басқа ақауларды сылау, категориясына байланысты бір рет, екі рет немесе үш рет бітеу және сыланған жерлер мен әрбір бітелген қабатты ажарлау.
Олифтеуді олифке аз мөлшерде құрғақ пигмент қосу арқылы жасайды. Заттың беті үлкен болса, қол бояу немесе массасы 200 – 300 г алымды шөткемен, көлемі шағын болса, сапты шөткемен олифтейді.
Қол бояу шашқышпен жұмыс істегенде зат бетіне құрамды алғашқысын 2- 3 см басып жататындай етіп параллель жолақтар сала жүргізеді. Ауа қысымы 0,15 МН/ м (1,5 кг/ см) кезінде ерітіндіні шашырандысын жалпақ шоғырмен шашып олифтейді.
Екі колердің шектескен жерінде бөлгіш сызғышын шектесу сызығына дәл орналастыра отырып жұмыс істейді.
Металдан жасалған зат бетін сырлауға дайындағанда (жылыту жүйесінің түтіктері мен радиаторлары, газ және су құбырларының түтіктері, торлар, сатылар мен балкон қоршаулары) ерітінді шашыраған, тот басқан жерлерді болат шөткемен тазартады.
Металл конструкциялы зат бетін тазарту соңынан дереу ұқыпты түрде зат бетіне қара сылақ құрамын жаға отырып өңдеу керек. Бұл металды дайындау соңынан іле-шала пайда болатын тоттан сақтандырады. Грунттеу үшін табиғи олиф немесе пигмент, әдетте темір суригі, ерітіп құйылған <оксоль> қолданылады. Заттың беті үлкен болса, қара сылақ құрамын массасы 200-300 г алымды шөткемен, валикпен және бояу шашқышпен, ал көлемі кішкене болса, сапты шөткелермен грунттейді. Шөтке және валикпен жағылатын құрамның тұтқырлығы ВЗ- 4 вискозиметрі бойынша 30-40 с, ал қол бояу шашқыштыкі 22-25 с болады.
Құрылысқа арналған металл бұйымдар мен конструкциялар әдетте бітелмейді. Егер орындау қажеттігі туа қалса, онда ағаштан жасалған бұйымдарды өңдегендегідей құрал-саймандар мен тәсілдерді қолданып барып бітейді. Құрғақ үй-жайлардың ішкі жағын әрлеу үшін желімі бар тығындамаларды, ылғалдылығы жоғары үй-жайлардың сыртқы және ішкі жақтарын әрлеу үшін май қосылған тығындамалар қолданылады.
