Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Практика версия 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.55 Mб
Скачать
      1. Майлау жұмыстары туралы жалпы мағлұматтар.

Бүлінуден қорғау, пайдалану кезінде санитарлық- гигиеналық жағдайларды жақсарту және сыртқы түрінің әдемі болуы үшін үй-жайлар мен құрылыстар констукциясының бетін сырмен бояу жұмыстары майлау жұмыстарыдеп аталады.

Сырмен мөлдір де, күңгірт те етіп бояуға болады. Мебельдерді, үй ішіне қойлатын шкафтарды фанерадан және фанерленбей, бағалы ағаш сүрінген әзірленген есік құрылымдарын әрлеген кезде мөлдір лактың жұқа қабатымен бояйды. Мұндай бояуларды табиғи және жасанды смоланың ұшқыш еріткіштердегі ерітіндісі пайдалана отырып алады. Бұл процесс лақтау деп аталады.

Конструкцияның бетін айтарлықтай тартымды етіп бояудың қажеттігі болмаса, сондай-ақ бояудың беріктігін арттырып, конструкцияның бетін атмосфералық зиянды әрекеттен, сыртқы орта әсерінен қорғау қажет болса, пигменттелген күңгірт сырмен бояйды. Бояудың бұл түрі сырлаудеп аталады.

Түрлі түсті ұнтақты – пигментті үйірілткішпен араластыра отырып, бояу алуға болады. Үйірілткіштің қолданылуына қарай бояудың сулы, майлы немесе синтетикалық түрлерінің болуы мүмкін.

Сырлау жұмыстарының технологиясы

Заттың сырланатын бетін алдымен дайындап, өңдейді де соңынан сырлайды. Зат бетін дайындап, өңдеу мен сырлау процестерінің саны мен жүйелілігі зат бетінің түріне, бояу құрамының сулылығы мен сусыздығына және сырлау жұмыстарының категорияларына байланысты.

Сырлау жұмыстарының категориялары үйлердің немесе құрылыстардың не үшін арналғандығына, сондай-ақ сырлауға қойылатын талаптарға байланысты болады. Осыған байланысты сырлау мынадай түрлерге бөлінеді:

Жай сырлау, бұл қосалқы, қоймаға арналған және басқа да қосымша үй-жайлардың, сондай-ақ уақытша құрылыстардың бетін сырлауға қолданылады;

Жақсарта сырлау, бұл тұрғын, азаматтық және өнеркәсіптік үйлер мен ғимараттарды әрлеуге арналады;

Жоғарғы сапада сырлау, бұл клуб, театр, вокзал, әкімшілік және басқа да қоғамдық мақсаттағы күрделі құрылысты үйлер мен ғимараттардың негізгі үй-жайларын, сондай-ақ проектіде бекітіліп, арнайы нұсқау берілген жағдайда әрлеу кезінде қолданылады.

Сырлау түрі неғұрлым оңай болса, зат бетін даярлап, өңдеу де , сырлау да соғұрлым жеңіл болады.

Сырлау жұмыстарына арналған машиналар, аппараттар, аспаптар мен жабдықтар

Жайлардың ішін сырмен әрлеудің барлық түрлері 10ºС – ден төмен температурада орындалады. Материалдардың түрлеріне байланысты негіздерге әр түрлі қажетті ылғалдылық белгіленген: мысалы, бетон мен гипс үшін-8%-тен, ағаш-12%-тен аспауы керек. Өндіріс жағдайларында, әсіресе көктем мен күзде негіздердің ылғалдығы көбінесе айтарлықтай, жоғары, ал жайлардағы ауаның температурасы қажетті мөлшерден төмен болады. Әрлеу жұмыстарының өндіріс қарқынын сақтау, сондай-ақ әрлеу жоғары сапада болуы үшін жайларды жылытып, кептіреді.

Жылыту мен кептіруге арналған агрегат түрін таңдау кезінде оның өнімділігі, тиімділігі, пайдалану және қолдану қауіпсіздігі ескеріледі. Бұл талаптарға жылжымалы 1-ТКМ-2 бу қазан қондырғысы және салынып жатқан үйдің жылу жүйесіне ыстық су беруді қамтамасыз ететін су ысытатын жылжымалы қазан, салынып жатқан үйдің тікелей ішіне жылы ауа беретін УТ-130 және моторлы МПМ-85 К қыздырғышы, үстіңгі беттердің жекелеген учаскелерін кептіру үшін пайдаланылатын ОП-2 және шамды сәулелендіргіш жауап береді.

Газбен жылытылатын 1-ТКМ-2 бу қазанының құрал-жабдықтары ОВД-1/3 жүйесінің су ысыту қазанына, кабиналы рампадан және қазанның қосалқы жабдықтарынан тұрады. Қазан газ жаққандағы өнімділігі 140 м³/сағ, төмен қысымды араластырғыш жанарғымен жабдықталған. Жануға қажетті ауа жанарғыға желдеткіш арқылы беріледі. Ыстық су айналыс жасауы үшін бу қазанына екі желілі насос орнатылады.